
алкин.pptx
- Количество слайдов: 8
ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Алкиндер Орындаған: Монтаева А. Қабылдаған: Атаханова Н.
Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер — алкиндер. Алкиндер — құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы Сn. Н 2 n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық: С 2 Н 6 этан, С 2 Н 4 этен, С 2 Н 2 этин. Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей: Сn. Н 2 n-2. Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше.
Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек — этин (ацетилен) С 2 Н 2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С 2 Н 2 басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп те аталады. Алкиндердің жалпы формуласы Сn. Н 2 n-2 бойынша ацетиленнен кейінгі көмірсутектердің молекулалық формулаларын өздерің жазуларыңа болады. Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.
Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp- гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp-гибридтенген орбиталімен σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180°бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдарымен арасында екі π-байланые түзіледі. Яғни, ацетилен молекуласындағы екі кеміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π-байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С = С) ұзындығы 0, 120 нм (қос байланыстан да қысқарақ екеніне көңіл аударыңдар), байланыс энергиясы 830 к. Дж/моль.
Алкиндердің атаулары мен изомерлері Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұксас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың -ан жұрнағын -ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс жакын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыстар болса, немірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады. Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарынан изомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей (Сn. Н 2 n-2) алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар.
Алкиндердің алынуы 1. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат — табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі: 2 СН 4 → С 2 Н 2 + ЗН 2 Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді. 2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады: С 2 Н 6 → С 2 Н 2 + 2 Н 2 3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады: Са. О + ЗС → Са. С 2 + CO Са. С 2 + 2 Н 2 О → Са(ОН)2 + С 2 Н 2
Алкиндердің химиялық қасиеттері: Физикалық қасиеттеріне тоқталмаймыз, оны үйден өз беттеріңше оқисыңдар. Құрамында еселі байланыс болғандықтан алкиндердің химиялық қасиеттері алкендерге ұқсастау келеді. Оларға қосылу, тотығу, полимерлену және орын басу реакциялары тән. Біз бүгін осы қасиеттерінің тек бірнешеуімен танысамыз, өзге қасиеттерін келесі сабағымызда өтетін боламыз. Құрамында еселі байланыс болғандықтан алкиндердің қасиеті алкендерге ұқсас келеді. Оларға қосылу, тотығу, орын басу реакциялары тән. Қосылу реакциясына тоқталайық. Алдымен келесі тәжірибеге назар аударайық. (Электрондық оқулықтан ацетиленнің бром суымен және калий перманганатымен әрекеттесуі көрсетіледі. ) Гидрлеу реакциясы алкендердегі сияқты еселі байланыс есебінен гидрлеу реакциясы жүреді. 1) Гидрлеу реакциясы: CH ≡СН + H 2 ® Н 2 С=CH 2 этилен Н 2 С=CH 2 + H 2 ® Н 3 С- CH 3 – метан
2) Галогендермен әрекеттесуі. Br НС=CHBr + Br 2 ® Br 2 НС- CH Br 2 1, 1, 2, 2 - тетрабромэтан 3) Гидратация реакциясы. Бұл реакция сынап (ІІ) сульфаты қатысында ацетиленннен сірке альдегидін алу реакциясы. Оны алғаш 1881 жылы орыс ғалымы М. Г. Кучеров ашқан: CH ≡СН + H 2 O = Н 3 С-СОН Сірке альдегиді 4) Калий перманганатымен әрекеттесуі. Ацетиленді марганцовканың судағы ерітіндісі арқылы өткізсе, ерітінді түссізденеді: CH ≡СН + 4[О] → НООС-СООН Қымыздық қышқылы 5) Жану реакциясы. Оттек жеткілікті болса ацетилен көміртек (ІІ) оксидімен су түзіледі. Өте көп мөлшерде жылу бөлініп, температура 30000 С-тан асады: 2 С 2 Н 2+5 О 2→ 4 СО 2 + 2 Н 2 О
алкин.pptx