ПРЕЗЕНТАЦИЯ Орындаған : 1 курс студенті «Бағалау» мамандығы
Өмір белестері Шығармашығы Абай атамызға құрмет
Абай бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.
Абай сегіз жасында әуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, Н. А. Некрасов, М. Ю. Лермонтов, Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, Ф. М. Достоевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді.
Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады.
Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады.
Абай өлең жазуды 10 жасында ( «Кім екен деп келіп ем түйе қуған. . . » ) бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузирәушән» , екіншісі — «Физули, Шәмси» . «Сап, сап, көңілім» , «Шәріпке» , «Абралыға» , «Жақсылыққа» , «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған.
Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.
Абай өлеңдері Абыралыға Адамның кейбір кездері Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ Алла деген сөз жеңіл Алланың өзі де рас, сөзі де рас Альбомға Антпенен тарқайды Асқа, тойға баратұғын Ата-анаға көз қуаныш Ауру жүрек ақырын соғады жай Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Базарға, қарап тұрсам, әркім барар Бай сейілді Байлар жүр жиған малын қорғалатып Балалық өлді, білдің бе? Бақа мен өгіз (И. А. Крыловтан) Болды да партия Буынсыз тілің. . Білектей арқасында өрген бұрым Білімдіден шыққан сөз Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол Жаз Тоты құс түсті көбелек. . .
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді.
Абай атаға арнау. Ұлы ақынын халқымыз құрметтеген, Төрт мезгілін жырыменен өрнектеген. Бақыт күткен бабамыздың жырлары, Қай қазақты әлдилеп- тербетпеген. Ұрпағына өлмес мұра қалдырған, Ақындықтың сара жолын салдырған, Тылсым әуен кеудемде күмбірлейді, Жыр кешіне ерген бір балдырған. Абай сөзі қазақтың бойтұмары, Оқысаң, ашылады ой тұмарың, Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа, Жырларында жанашыр ой тұрады. Абайды оқып-білмеуді ұят көрем, Жазылған құран сөзі сияқты өлең. Абайдың тереңіне барған сайын, Қараңғыда қорқытпас шырақ көркем. Нақыл сөзі көрінген нұр арайлы, Қара сөзден биігім құламайды. Өлең сөздің шұрайлы атасындай Біз ДАНА деп танимыз Ұлы Абайды Абай дана Абай дара қазақта, Оқымаған ұлы Абайды қазақ па? Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге Абай теңдес ақын болмас қазақта Кеше өткен бұлдыр заман желегі, Болашаққа Абай үнін тіледі Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Абай үні бізбен бірге келеді. (СҰЛТАНОВА АЙНҰР АМАНДЫҚҚЫЗЫ)
Абай атамызға арнаған сәулет ескерткіштері
Алматы қаласының метросында арнайы «Абай Құнанбаев» станциясы