
педагогика практика.pptx
- Количество слайдов: 12
Практикалық сабақты талдау Орындағандар: Сұлтанова К. С ҚОҚ және ӨТҚ Ибрагим А.
Практикалық сабақ - бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жинақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі. Оқыту әдістемесі – оқыту үдерісі барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекеттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Оқытудың негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер. Практикалық сабақ студенттердің білімді алу ісінде маңызды рөл атқарады. v. Кіші курстарда практикалық сабақтарды екі үш лекциядан соң жүргізген дұрыс. v. Практикалық сабақтың мақсаты алған білімді тереңдетуге, кеңітуге, білімді бөлшектеп меңгеруге, кәсіби іскерлікті меңгеруде ықпалы зор. v. Практикалық сабақтың жоспары лекция курысының идеясына бағытына сәйкестеніп келеді. Бұл барлық оқытушылар үшін бір және кафедра мәжілісінде талқыланады. v. Практикалық сабақтың әдіс тәсілі автордың өзінің қалауы мен мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастырылады.
Енжар әдіс – оқытушы мен білім алушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте оқытушы белсенді ролде болып, студенттер енжар тыңдаушы роліне енеді. Енжар әдісті ұстанғанда оқытушы мен студенттің арасындағы байланыс сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т. б. формалар түрінде өткізіледі. Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан қарастырған енжар әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де өзіндік тиіміді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында студентке көптеген мәліметті, ақпаратты жеткізу. Бұл көп жағдайларда дәріс сабақтарында кеңінен қолданылады. Жалпы енжар әдіс төмендегі сызба негізінде іске асырылады.
Белсенді әдіс – сабақ барысында оқытушы мен студенттің белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, студент тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады.
Интербелсенді әдіске қарағанда ауқымы кеңдеу, бұл әдіс тек қана оқытушы мен студент арасында белсенділікке ғана студент пен студент арасындағы өзара пікірталасқа, ой бқлісуге, өзара бірлесіп негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Интербелсенді әдіске негізделген сабақта студенттерді сабақ мақсатын шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді орындаушылары студенттер. Интербелсенді әдісті төмендегі сызбаға негіздеуге болады.
Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы студенттердің қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет. Демек, практикалық сабақ барысында жаңа білім беру парадигмасына сай интербелсенді әдістерді қолдануға болады? Компьютерлік технологияларға негізделген әдіс «оқытушыкомпьютер-студент» жүйесінің арасында әр түрлі оқыту бағдарламаларының (информациялық, тренингтік, бақылау жасайтын, дамытушылық және т. б. ) көмегімен жүзеге асырылады.
Тренингтік технологияларға негізделген әдістер – бұл оқыту барысында оқу-танымдық әрекеттер мен типтік тапсырмаларды шешу тәсілдерінің белгіленген алгоритімдерін жасаудағы ісәрекеттер жүйесі (тест, практикалық жаттығулар). «Миға шабуыл» әдісі – қойылған проблеманы студенттердің шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, студенттерге проблеманы шешуде жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады.
Жоба әдісі әлемдік педагогикада жаңа әдіс болып саналмайды. Ол осы ғасырдың 20 -жылдарында А. Қ. Ш. -та пайда болды. Оны, сонымен қатар, ділгерлік әдіс деп те атайды және оны американ философ және педагогы Джон Дьюи мен оның студентсы В. Х. Килпатриктің жетілдірген философиядағы, білім берудің гуманистік бағыттағы идеяларымен байланыстырады. Джон Дьюи оқытуды белсенді түрде, студенттің ісәрекетінің мақсаттылығы арқылы, оның осы білімге деген жеке қызығушылығын ескеріп құруды ұсынды. Бұдан студенттер үшін алатын білімдеріне өз қызығушылықтарын көрсету маңызды нәрсе болып табылады. Бірақ бұл не үшін және қашан керек? Бұл жерде нақты өмірден алынған, студенттің әлі де алатын білімдері мен алған білімдерін жинақтауға қажет шешім үшін балаға таныс маңызды нәрсе бар. Қайда, қандай мақсатпен деген сұрақ туады. Оқытушы жаңа ақпарат көздеріне түсіруі мүмкін және студенттің өз бетінше ізденуі үшін керек, оны бағыттап жіберуі керек. Нәтижесінде студенттер жан-жақты білімдерін қолданып мәселені өз беттерінше, бірігіп отырып шешуі және маңызды, нақты нәтижеге жетуі тиіс. Осылайша бүкіл мәселе жобасы іс-әрекеттің нұсқасын жасайды. Уақыт өте жоба әдісі кейбір өзгерісті (эволюцияны) басынан өткерді. Еркін тәрбиелеу идеясынан (әдісінен) туындаған бұл әдіс қазіргі кезде толық жасалған және құрылған білім жүйесінің маңызды компоненті болып табылады.
Жоба әдісінің негізіне студенттердің танымдық дағдының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құру икемділігі, мағлұматты кеңістікке бағдар алу икемділігі, қиын, күрделі ойларды дамыту жатады. Жоба әдісі әрқашанда студенттің, жеке, жұбымен не тобымен, өз бетінше іс-әрекетіне бағытталған. Бұл әдістеме топтық оқу әдістемесімен ұйымдасқан түрде байланысады. Жоба әдісі әрдайым бір жағынан әр түрлі тәсілдерді қолданып, екінші жағынан ғылымның, техниканың, технологияның шығармашылық білімдердің әртүрлі облыстарындағы білім мен икемділіктің бірігуін, қосылуын қарастыратын қандай да бір мәселенің шешімін жобалайды, болжайды. Орындалған жобаның нәтижесі нақты болу керек, яғни, егер бұл теориялық мәселе болса, қолдануға дайын, дәл нәтижесі болу керек. «Бастамашылдар мен сыншылдар» Педагог студенттер алдына көп ойлануды қажет етпейтін, шешімі жеңіл мәселе қояды. Студенттер 2 топқа бөлінеді: бастамашылдар мен сыншылдар. Бастамашыл топтың мақсаты: мәселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну. Сыншылдар тобының мақсаты: берілген ұсыныстардың ішінде сәйкесін табу, мәселені шешудің тиімді жолын таңдап алу. Студенттердің бір-бірін сынауына тыйым салынады. Бұл тәсіл дәріс және семинар сабақтарында қолданылуы мүмкін.
Ойындық әдістер. Ойынның оқыту және ғылыми, өндірістік, ұйымдастырушылық тұрғыдағы мәселелерді шешу мақсатында қолданылатын түрлері көп. Оларға: оқу, имитациялық, ролдік, ұйымдастыру-әрекеттік, іскерлік, әскери, инновациялық, басқармалық т. б. ойындар жатады. Оқу процесіндегі ойын оқытудың формасы да, әдісі де болып табылады. Ойын оқытушы мен студенттің іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің этимологиясына жүгінсек, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып шығады. Ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болады. Сондықтан ойынның адамның ойлау әрекетімен ұштасып жатқандығын байқау қиын емес (Н. Ахметов, Ж. Хайдаров). Ойын әдістерін оқыту процесінде қолдану Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары оқу орында, Францияның, Германияның, Англияның инженерлік және гуманитарлық жоғары оқу орында кең тараған. АҚШ-тың жоғары мектеп жүйесінде бұл әдістің барынша кең көлемде қолданылатындығын атап өткен жөн. Әсіресе Гарвард, Калифорния, Нью-Йорк, Стэнфорд университеттері, сондай-ақ, Гопкинс университеті, Лихай, Массачусетс технологиялық институты т. б. көптеген атышулы университеттер мен колледждері ойындық әдістерді қолдануда ең алдыңғы қатардан орын алады.
Оқу ойындары студенттің өзіндік білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталған әрекеті. Оқу ойындарының төмендегі сипаттарын атап өтуге болады: • тікелей дидактикалық әсер ету, яғни студент пен оқытушы бірлесіп белгілі бір рольді «ойнайды» ; • жанамалай дидактикалық әсер ету, яғни, оқытушы мен студент бақылаушы немесе жанкүйер ретінде «ойыннан тыс» қалады; • аралас дидактикалық әсер ету, бұнда оқытушы мен студент жүргізуші, төреші, эксперт, кеңесшінің ролінде болады.
Проблемалық әдістер. Мәселені көтеру, қарама-қайшылықтарды анықтау, білімді проблемаландыру оқу процесі секілді ежелден келе жатқан оқытуды белсендіру түрлері болып табылады. Дегенмен, оқытудың белсенді әдістерінің дәстүрлі оқытудан түбірлі өзгерісі бар. Егер дәстүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа білім беріліп, соңынан оны бекіту мақсатында жаттығулар, тапсырмалар берілсе, оқытудың белсенді әдісін қолдану арқылы студенттің алдында бірден мәселе көтеріледі де, білім алу оқытушының көмегімен студенттің өзіндік ойлануы арқылы жүзеге асырылады. Білімнен проблемаға өту емес, проблема арқылы білімдену - бұл проблемалық оқытудың басты ұраны болып табылады. Проблемалық әдіс шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал жасайды. Проблемалық жағдаятты шешу қашанда шығармашылық сипатта болады. Нәтижесінде студент белгілі бір біліммен қаруланады, сондай-ақ табысқа жету арқылы оның бойында өзіне деген сенімнің, қанағаттану сезімінің, оң эмоциялық көңіл-күйдің орнығуының шешуші көзі болатыны анық. Және де осындай сезімдерге бөленуге деген талпыныс пен қажетсіну - бұрыннан бар танымдық мотивтерді дамытып, жаңасын меңгеруге итермелейді.
педагогика практика.pptx