madi_antrop.pptx
- Количество слайдов: 13
Понгидтер Орндаған; Ешенкулова М. Текесерген; Құлбекова А.
Погидтердің тұқымдасы
Понгидтер шығыу тегі Дарвин адамға африкалық понгидтер (горила мен шимпанзе) азиялық понгидтер (орангутандар мен гиббоидардан) гөрі әлдеқайда ұқсасырақ екендігіне сүйеніп, "африкалық отан" қисынына бүйірі бұрды. Австролопитектер мен хабилистердің табылуы да әлгі қисынның ұпайын асыра түседі. Алайда, маймылдардың адам сипаттануын бастап берген рамапитектердің Индияның терістігінен табылғанын естен шығаруға болмайды. Оның үстіне кең-байтақ Азияның қиыр-қиырындағы археологиялық деректер әлі түгел игерілген жоқ. Сондықтан да кейбір совет ғалымдары, хайуандардың адамдану процесі Азияның, Африканың, тіпті Европаның да оңтүстік аймақтарын қамтиды деп есептейді.
Понгидтер. Дарвиннің эволюциялық теориясы бойынша, адамдар адам тұрпаттас маймылдардан (понгидтерден) шыққан. Оның саналы мақұлыққа айналуына, К. Маркс пен Ф. Энгельстің айтуынша құрал жасау мен бірлесіп еңбек етуге үйренуі шешуші ықпал еткен. Мұнда экологиялық жүйелеу африкалық понгидтерге (горилла мен шимпанзеге) ұқсас ( «орман маймылдарын» ) баршамыздың бастапқы бабамыз деп тануға мәжбүр етеді.
Понгид маймылының тұқымдасы Горилла — понгидтер тұқымдасына жататын ең ірі маймыл. Еркектерінің дене тұрқы 180 -200 см, салмағы 200 -250 кг. Ұрғашылары еркектерінен екі есе кіші. Терісі, шашы қара түсті, еркектерінің арқасындағы түгі жасы өскен сайын күміс түске өзгереді. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан едәуір қысқа. Бас сүйегі ірі, маңдайы кіші, көзінің үстінде үлкен доғасы бар. Ми сауытының көлемі 600 см 3 -дей. Бас сүйегінің ұзына бойында, шүйдесінде жалы болады. Көзі, құлағы онша үлкен емес. Бет бөлімі алға шығыңқы, астыңғы жағы үлкен, тістері ірі, танау тесігінің айналасында шеміршекті доғасы бар. Бір ғана түрі — кәдімгі горилла Батыс, Орталық Африканың қалың тропикалық орманында (Конго өзені мен Танганьика көлінің маңы, Вирунга тауында) кездеседі. Гориллалар шағын топ құрып тіршілік етеді. Қауіп төнгенде еркегі қатты дыбыс шығарып, айбат көрсетеді. Жеміс, жидек, жаңғақтарды жейді. Әрбір үш-бес жылда бір рет балалайды. Саны өте аз, горилланы қорғау мақсатында жеті ұлттық саябақ ұйымдастырылған, ішіндегі ең ірісі — Конгодағы Вирунга ұлттық саябағы. Горилла жойылып бара жатқан аң түрі болғандықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Горилла
Адам тәрізді маймыл Адам тәріздес маймылдардың ішінде адамға көбірек ұқсайтындары -Африкадағы шимпанзе мен горилла. Бұл екеуінің маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдану түрі, окпесінің үлестерге бөлінуі адамдыкінен айнымайды. Алайда мүның бөрі қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан да қазірғі маймылдардың бірде-бірі адам тегіне жатпайды.
Орангутанг (Sіmіа sаtугиs) өте ірі (1, 5 метрдей), денесі жүндесін, қызғылт-жирен түсті, жағы алдына қарай шығыңқы, алдыңғы аяқтары ұзын, құлақ қалқаны кішірек болатын маймыл. Олар тіршілігінің көпшілігін ағашта өткізеді, жерге өте сирек түседі. Топтанбай жеке жүреді. Балаларын ағаштан жасаған ұясында туады. Орангутангтар Суматра мен Борнео аралдарына тараған
Понгидтің бас қаңасы
Адам тәрізді маймылдардың схемасы
Шимпанзе маймылы
madi_antrop.pptx