Асем-поляризация.pptx
- Количество слайдов: 13
ПОЛЯРОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФАРМАЦИЯДА ҚОЛДАНЫЛУЫ. Орындаған: Жұрат Ә Топ: 13 -001 -02 Қабылдаған: Алдибекова Г
Жоспар: Полярография. v Поляризация түрлері. v Полярографиялық талдау әдісі. v Полярограф құрылысы. v Фармацияда қолданылуы. v Пайдаланылған әдебиеттер. v
Полярография (фр. Polarographie) – ток пен заттың концентрациясының өзара тәуелділігінен туатын электр тогын анықтауға негізделген әдіс болып табылады. Полярографиялық тәсілдің басты ерекшелігі катод ретінде сұйық тамшылауыш сынапты пайдалану (электрототықсызданатын заттарды анықтауда). Тамшылауыш сынап электроды дегеніміз диаметрі өте жіңішке түтіктен тамшылап сынап ағып тұратын құрылғы. Тамшының диаметрі 0, 4 - 0, 7 мм, ал бетінің ауданы 2– 6 мм. кв.
Поляризацияның екі түрі болады: концентрациялық және химиялық. Электролиз процесі жүргенде анодтық және катодтық кеңістіктегі электролит концентрациясының өзгеруі нәтижесінде концентрациялық поляризация пайда болады. Гальваникалық тізбек электролиз процесінде өнім заттарының бөлінуі арқылы түзілсе, нәтижесінде химиялық поляризация пайда болады.
Полярографиялық талдау әдісі – электрохимиялық талдау әдісінің бірі болып табылады. Ол электрополярографиялық ұяшықтағы зерттелетін ерітіндінің электролизі кезінде алынатын вольтамперлі қисықтарды анықтауға негізделген. Бұл әдісті 1923 ж чех ғалымы Я. Гейровский ерітіндідегі ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттей отырып, ұсынды. Оны одан әрі қарай дамытқан А. М. Фрумкин.
Полярографиялық әдіс өте сезімтал болып келеді яғни зерттелетін заттың өте аз мөлшерін (10 -3 – 10 -11) анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ полярографиялық әдіспен қосылыстар-ды бір-бірінен бөлмей-ақ, бір мезгілде бірнеше заттарды анықтауға болады. Анықтауға кететін уақыт – бірнеше (10) минут.
Полярографиялық талдау арнайы полярографтарда орындалады. Полярограф құрылысы: 1. Полярографиялық ұяшық 2. Тамшылауыш сынап электорды 3. Вольтметр 4. Микроамперметр 5. Реостат 6. Потенциал беретін батарея
Поляризациялық әдіс өте сезімтал, сондықтан өте аз мөлшердегі еріген және дәрілік заттардың мөлшерін дәл анықтауға көмектеседі. Мысалы, фолий қышқылын, никотинамидті, аскарбин қышқылын, фенол-дарды, күрделі эфирлерді, аминқышқылдарын және олардың эфирлерін, амидті спирттерді және олардың эфирлерін, сульфоқышқылдар амидтерін, пиразалон 5 туындыларын, барбитураттарды, алкалоидтарды, гормондарды, дәрумендерді, антибиотиктерді және т. б көпте-ген заттарды осы әдіспен табады.
Полярограмма-сынап катоды потенциалының ток күшіне тәуелділігі бойынша тұрғызылады. Полярографиялық фон - бейтарап электролит иондары, сілтілік метал тұздарының (KCL, KNO 3, K 2 SO 4) ерітіндісі.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Патсаев Ә. Қ, Шитыбаев С. А, Төребекова Г. А «Физикалық және коллоидтық химия» Шымкент 2010. 2. Патсаев Ә. Қ , С. Ж. Жайлау, Ш. с. Шыназбекова , Б. Қ Махатов «Аналитикалық химия» Шымкент 2007 3. К. И. Евстратова, Н. А. Купина, Е. Е. Малахова «Физическая и коллоидная химия» Москва 1990 4. С. Г. Майрановский «Каталитическое и кинетические волны в полярографии» Москва 1965 5. Я. И. Турьян «Химическое реакции в полярографии» Москва 1980.
Фармацияда қолданылуы. Полярография әдісі фармацияда кеңінен қолданылады. Дәрі жасау ісінде дәрілік препаратардың құрамындағы органикалық, бейорганикалық электролиттерді, ақуыздарды, гормондар мөлшерін, витаминдер мен басқа да қосылыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, аскорбин қышқылы, никотинамидті, фенолдарды, күрделі эфирлерді, барбитураттарды, алкалоидтарды, антибиотиктерді және т. б. көптеген заттарды осы әдіспен табады.
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Асем-поляризация.pptx