ПОЛЬША Орындаған: Лесбек Абзал
Мазмұны 1 Табиғаты 2 Тарихы 2. 1 Біздің заманымыздан бұрынғы Польша 2. 2 Орта ғасырлардағы Польша 2. 3 Жаңа заманда 2. 4 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 2. 5 Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 2. 6 Тәуелсіздік жолында 3 Экономикасы 4 Тағы қараңыз 5 Пайдаланған әдебиет
Польша, Польша Республикасы[2] — Орталық Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы — 312, 7 мың км². Халқы 38, 7 млн. (2000). Халқының басым бөлігі поляктар (98%), қалғандары немістер (1, 3%), беларусьтар (0, 6%), украиндар (0, 5%), т. б. Ресми тілі — поляк тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің католик, солтүстік аудандандары протестант тармақтарын ұстанады. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сейм және сенат). Астанасы — Варшава қаласы. Әкімшілік жағынан 16 провинцияға (воеводаларға) бөлінген. Ұлттық мейрамы — 11 қараша — Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі — злота.
Табиғаты Польша жерінің 90%-нан астамы жазық, тау массивтері оңтүстік жағында ғана кездеседі. Балтық теңізімен жалғасатын бөлігі жатық, құмды. Солтүстік Польшаның жер бедерін негізінен аккумуляттық шөгінділерден түзілген Ұлы Польша, Мазовия және Подляс ойпаттары алып жатыр. Бұларға оңтүстіктен Силезия, Кіші Польша, Люблин ассимметриялық қыраттары жалғасады. Польшаның оңтүстік-батыс шетінде Судет тау массиві, оңтүстікнде және оңтүстік-шығысында Карпат тауының сілемдері (ең биік жері 2499 м) орналасқан. Климаты қоңыржай, батысынан шығысына қарай теңіздік климаттан континенттікке ауысады.
Висла өзені Қаңтардағы орташа температура теңіз жағалауында және батысында 1⁰С, таулы өңірінде 6⁰C; шілдеде 17⁰C, таулы өңірде 10 — 14⁰C. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 500 — 1000 мм. Өзен торы негізінен Балтық теңізі алабына жатады. Аса ірі — өзендері Висла және Одра. Аумағының 27, 6%-ы орман (көбіне қылқан жапырақты ағаш түрлері басым).
Тарихы Біздің заманымыздан бұрынғы Польша жерін адамдар палеолит заманынан бастап мекендеген. Б. з. б 7 ғ. — б. з. 4 ғ-нда Польша аумағында әр түрлі халықтар (кельттер, германдар, батыс славяндар, т. б. ) тұрды.
Орта ғасырлардағы Польша Поляк жеріне христиан дінінің таралуы, 10ғ.
7 — 10 ғ-ларда батыс славяндар этникалық жағынан біріге бастады. 966 ж. поляк халқы христиан дінін қабылдады. 11 ғ-дың басында герман-поляк соғысы болып, Будушин келісімі бойынша Лужица, Мишен және Моравия жерлері Польшаға қосылды. Осы ғасырда “Қасиетті Рим империясы” мен Чехия Польшаға қарсы жиі-жиі соғыс ашып тұрды. 11 ғдың аяғы мен 13 ғ-дың басында Польша мемлекеті әлсіреп, саяси бытыраңқылық кезеңі басталды. 1226 жылдан Польшаға Тевтон орденінің шабуылы күшейді. 1241, 1259 және 1287 ж. Польшаға Алтын Орда әскерлері басып кірді. 13 ғ-дың соңында Польша жері саяси жағынан бірігіп, экономикасы дамыды.
Польша-Литва одағы 1385 ж. Тевтон орденіне қарсы тұру үшін Ұлы Литва князімен Кревск униясына қол қойды. 1410 ж. польша-литва және қыпшақ (Алтын Орда) әскерлерінің біріккен күштері Грюнвальд шайқасында жеңіске жетті. Тевтон орденімен он үш жылға созылған (1454 — 66) соғыста шығыс Поморье, Хельм және Михайлов жерлерін қайтарып алып, Тевтон орденін өзінің вассалына айналдырды. 15 ғ-да біртұтас Польша мемлекеті құрылды. 1569 ж. Польша королі мен Ұлы Литва княздігі бірігіп, Речь Посполитая деп аталатын мемлекет құрылды.
Жаңа заманда 1814 ж. Польша картасы
1648 — 54 ж. Польшаға қарсы украин халқының азаттық соғыстарына Ресей қолдау көрсетіп, Украинаның едәуір бөлігін өзіне қаратып алды. 17 ғдың 2 -жартысында Польша Швециямен, Осман сұлтандығымен болған соғыста біраз жерінен айырылды. 18 ғ-дың 2 -жартысынан Пруссия, Ресей және Австрия Речь Посполитаяға ықпалын жүргізу үшін өзара күрес жүргізді. 1772 — 73 ж. үш мемлекет Польша жерін бөліске салды. 1794 ж. Польша патриоты Т. Кастюшко бастаған көтеріліс болды. 1795 ж. Речь Посполитая үшінші рет бөліске түсіп, тәуелсіздігінен біржола айырылды. 1807 ж. Наполеон Пруссия әскерлерін талқандап, өзі басып алған поляк жерлерінің бір бөлігінде Францияға тәуелді Варшава герцогтыгын құрды. 1830 ж. Ресейге қараған Польша жерінде көтеріліс басталды. Ресей көтеріліске қатысқандарды Сібірге жер аударылды.
Тәуелсіздік жолында 1945 — 80 ж. Польша коммунистік партиясы елдегі дағдарыстарды Кеңес әскерлерінің күшімен шешіп отырды. 1980 ж. Гданьск қаласында “Ынтымақ” кәсіподағы ұйымы құрылды. 1981 ж. осы ұйымды қолдаған Гданск, Гдыня қаласыларының халқы ереуілдер ұйымдастырды. Олар демократия орнатуды, Польша біріккен жұмысшы партиясы мен үкіметтің биліктен кетуін талап етті.
Польша 1999 ж. НАТО-ға, 2004 ж. Еуроодаққа мүше болып қабылданды.
Үкімет пен “Ынтымақ” ұйымы келіссөздер жүргізді. 1989 ж. маусымдағы сайлауда коммунистер жеңіліске ұшырады. Жаңадан сайланған парламенттің шешімімен Польша конституциясына өзгеріс енгізіліп, елдің атауы Польша Республикасы болып өзгертілді. 1990 ж. кезектен тыс сайлау өтіп, ел президенті сайланды. 1990 — 95 ж. Польшада нарықтық экономика реформалары жүргізілді. 1995 ж. қарашада өткен президенттік сайлауында социалдемократтар партиясы жеңіске жетті. Польша 1999 ж. Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), 2004 ж. Еуроодаққа мүше болып қабылданды.
Экономикасы Польша индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары — машина, кеме жасау, металл өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Елдің ауыл шаруашылығы негізінен қара бидай, астық, сұлы, жеміс-жидек және етті-сүтті ірі қара мал мен шошқа өсіруге бағдарланған. Экспортқа машина, химия, металл, тамақ, тоқыма өнімдері мен мыс, тас көмір шығарып, сырттан құрал жабдықтар, тұрмыстық тауарлар, шикізат алады. Негізгі сауда серіктестері — ЕО елдері мен Ресей, Қазақстан мен Польша арасында байланыс 19 ғ-да басталды. 1830 — 1917 ж. Қазақстанға жер аударылған поляктар арасында қазақ мәдениетін зерттеуге үлес қосқан А. Янушкевич, Г. Зелинский, Б. Залесский және А. В. Затаевич те болды. 1936 — 39 ж. және 2 -дүниежүзілік соғыс жылдарында да поляктар Қазақстанға депортацияланды. Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстік облыстарында 60 мыңдай поляк өмір сүреді. 1994 ж. Қазақстан мен Польша арасында дипломатиялық байланыс орнап, Варшава қаласында Қазақстан елшілігі, Алматыда Польша елшілігі ашылды. 1999 ж. қазанда Қазақстанға Польша президенті А. Квасьневский ресми сапармен келіп қайтты. 2002 ж. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Польшаға ресми сапармен барды. Қазақстанда Польшаның біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстан Польшадан аяқ-киім, жиһаз, дәрідәрмек, тау-кен машиналарын алады. Польша Қазақстаннан мұнай, сары фосфор, газ, көмір және металлургия өнімдерін сатып алады.
Пайдаланған әдебиет Қазақ энциклопедиясы История Польши с древнейших времен до наших дней, Варшава, 1995 Халықаралық пұл қоры Қазақстан энциклопедиясы, VII-том Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11 -сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.