
A1.ppt
- Количество слайдов: 9
Полимерлердің түзілу және бұзылу механизмі. Акрилонитрилдің гетерофазада полимерленуі
Полимерлену Мономер молекулаларының М бiртiндеп өсушi макромоле-куланың активтi орталығына М* жалғануы жолымен макромоле-кулалардың түзiлу процесi полимерлену деп аталады. Бұл сәтте активтi орталық қайта қосылып отыратын буынға ауысып отырады: М*+М 1®М - М 1* М -М 1*+М 2®М - М 1 - М 2* М -М 1 - М 2* +М 3®М - М 1 - М 2 - М 3* М 1 … Мn*+М®М 1 … Мn+1*
Гомополимерлену - бұл бiр мономердiң бiрнеше молекуласының (n) қосылу реакциясы: n. M ® [- M - ]n Полимерленудiң екi түрi бар: гомополимерлену сополимерлену. Сополимерленуге екi мономердiң (немесе одан да көп) молекулалары қатысады және статистикалық немесе блоксополимер түзiледi: [ - M 1 - M 2 - ]n+m n. M 1 + m. M 2 сополимер [ - M 1 - ]n - [ - M 2 - ]m блок-сополимер
Тiзбектiң екi түрi бар: материалдық және кинетикалық. Материалдық тiзбек - бұл құраушы буындар саны немесе полимерлену дәрежесi. Ал кинетикалыс тiзбек - инициирлегенде түзiлетiн бiр бос радикалға келетiн мономер молекуласының қосылуының элементарлы актiлерiнiң саны.
Диендердiң салыстырмалы полимерлену жылдамдығына орынбасарлардың әсерi
Радикалды полимерленудiң инициирлеу тәсiлдерi Полимерленудi инициирлейтiн бос радикалдардың түзiлуi, мономер молекуласындағы коваленттi байланыстарды гомолити-калық түзу жолымен немесе арнайы заттарды инициаторларды енгiзу арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ыдырау жылу, жарық, сәулелер және басқа да энергетикалық әсерлерден жеңiл жүред
Термиялық инициирлеу Таза термиялық инициирлеу тек жүйеде қыздырғанда радикалдар түзе химиялық реакцияларға түсуге қабiлеттi оттегi және басқа да бөгде қоспалар болмаған жағдайда байқалады. Көптеген мономерлер тiптi температура 1000 М жоғары болған кезде де термиялық полимерленуге қабiлетсiз. Тек мтирол мен метилметакрилат үшiн термиялық инициирлеу анағұрлым оңай өтедi. Температура артқан сайын молекуланың жылулық қозғалыс жылдамдығы артады, нәтижесiнде ең жылдам молекулалардың соқтығысуының кинетикалық энергиясы химиялық байланыс берiктiгiне тең немесе одан да жоғары болады. Бирадикалды дисер осындай әрекеттесудiң бiрiншiлiк өнiмi болып табылады: Мұндай бирадикалдар ұзақ өмiр сүрмейдi, активтiлiгiнiң жоғары болуы салдарынан олар екi монорадикалдардың түзiлуiне апарып соғатын, басқа iшкi молекулалық реакцияларға түсуi немесе циклденуi қажет.
Әдебиеттер 1. Тугов И. И. , Кострыкина Г. И. Химия и физика полимеров: Учебное пособие для вузов. – М. : Химия, 1989. -432 с. 2. Торопцева А. М. , Белогородская К. В. , Бондаренко В. М. Лабораторный практикум по химии и технологии высокомолекулярных соединений. –Л. : Химия, 1972. -416 с. 3. Кулезнев В. Н. , Шершнев В. А. Химия и физика полимеров. : Учебник для химико-технологических вузов. – М. : Высшая школа, 1988. -321 с. 4. Михайлов Н. В. , Шершнев В. Н. и др. Основы физики и химии полимеров: Учебное пособие для вузов. – М. : Высшая школа, 1977. -248 с. 5. Кузнецов Е. В. , и др. Практикум по химии и физике полимеров. – М. : Химия, 1977. -256 с.
A1.ppt