
Философия срсп.pptx
- Количество слайдов: 14
Платон { «Мемлекет»
Жоспар: 1. «Мемлекет» еңбегіне жалпы түсініктеме; 2. Платонның үлгілі мемлекеті; 3. Қорытынды;
Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман еткен философтардың бірі –Платонның мемлекет шығармасы сұхбаттасу стилінде жазылған. Негізгі идеясы бірлікте, ауыз біршілікте өмір сүретін идеалды мемлекеттің формасын құру.
Платон былай дейді: «Мемлекет біздің жанымыздың ұлғайтылған бейнесі; бұл ұлғайтылған бейне біздің жүрегімізде, ойымызда барлық нәрсені кең өлшемде көрсетеді»
Мемлекет біздің кез келгеніміздің өздігімізбен өмір сүре алмай, алыс не жақын көптеген адамдардың көмегіне зәру болғанымызда пайда болады. Біріншіден, материалдық факторларға, яғни тамаққа, киімге және тұрғылықты мекенге және осыларды жеткізушілерге деген қажеттілік; • Екіншіден, Қаланы қорғауға және күзетуге тартылған адамдардың қызметтері; • Үшіншіден, қолынан басқару ісі келетін бірнеше адамға деген қажеттілік;
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген: 1. Басқарушылар; 2. Қорғаушылар; 3. Шаруалар;
Басқарушы – өз қаласын басқалардан артық жақсы көре алатын адам болуы керек, сондай адам ғана өз міндетін асқан ыждағаттылықпен орындайды. Ең маңыздысы, егер олар Қайырымдылықты тани және пайымдай алса, онда олардың жанында рационалдық басым, сол үшін оларды «данагөйлер» деп атай аламыз. Бұларға тән қасиеттер: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік.
Күзетшілер (қорғаушылар) тап жандары ерікті адамдардан құралған (олар тұқымы жақсы иттер сияқты). Күзетшілердің міндеті – іштен және сырттан келетін қауіпке деген қарағылық. Бұларға тән қасиеттер: жүректілік, естілік және әдептілік.
Шаруалар табындағы адамдар жаны қарапайым болады; оларда ұстамдылық қасиет, тәртіпке деген құштарлық, тілек пен рақаттың тәртібі, сонымен қатар жоғарғы тапқа бағыну қабілеті бар болса, олармақтауға тұрарлық адамдар.
Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; таластартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген. Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді: 1. Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді. 2. Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады. 3. Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады. 4. Демократия - мемлекет халықтың қолында болады. 5. Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі – аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады.
Мемлекеттік істегі адамның парасат ісі оның мемлекет мәселелерін шеше алуында. Ол өз ісінде достарына жақсылық жасайды, жауларына зияншылық жасаудың басқалардан өзіне нұқсан келмеуін көздейді. Әр адамның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Оның жақсысы мен жаманын халық бағалайды. Нағыз жақсылық дұрыс пікір мен білімді ұштастыра білу. Осындай адам ғана дұрыс басқара алады. Елдегі мақсатқа да жеткізетін шын пікір мен білім. Шындық сөзін айтқан, дұрыс пікірлерді басшылыққа алып, білімге сүйеніп мемлекеттік істерді басқарғандар ғана өз қалаларын дұрыс жолға салатын мемлекет адамдарды, - дейді Платон
Платон бұл еңбегінде басты назарды тәрбие мен білімге қойды: • Төменгі тап ерекше білімді қажет етпейді, өйткені олар өнер мен кәсіпке тәжірбиеде үйренеді; • Күзетшілер қауымы гимнастика мен әннен хабары болуы қажет; • Басқарушыларға философия бойынша тәжірбиелік сабақтар жүргізілуі керек;
Қорытынды: Платон былай деп жазды: «Заң өз күшін жоғалтқан және әлдекімнің билігі астында болған мемлекеттің ғұмыры келте екенін көремін. Басқарушыларын заң билеген, басқарушылары заңның құлы болған жерден мемлекеттің құтқарылуын және құдайлардың мемлекетке сыйлай алатын барлық берекені сеземін» . Платон идеалды мемлекет жасауда көп еңбек еткенмен, оның идеалды мемлекет құрылымының көптеген кемшіліктері бар.
Философия срсп.pptx