Маканов Али 304стом.ф. Хирургия.ppt
- Количество слайдов: 29
Пластикалық хирургия және трансплантология негіздері Тақырыбы: ОРЫНДАҒАН: ТЕКСЕРГЕН:
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім o Пластикалық хирургия тарихы, дамуы o Пластикалық хирургияның жіктелуі, ерекшеліктері; • Трансплантология туралы түсінік және трансплантация түрлері ; • Трансплантологияда қолданылады: жа мүшелер, бағаналы клеткалардан мүшелерді клондау; Қорытынды бөлім Пайдаланылған әдебиеттер
«Plastikos» грек тілінен аударғанда «форманы қалыптастыру» , латын тілінде «plasticus» — қалыптастырушы деген мағынаны білдіреді. Пластикалық хирургия, пластикалық операция — хирургияның бір саласы. Пластикалық хирургияда адам органдары мен тіндерінің туа немесе жүре пайда болатын кемістіктерін қалпына келтіру үшін хирургиялық операция жасалады. Пластикалық хирургияға адам организміндегі барлық кемістікті (жырық, т. б. ) жою мақсатында жүргізілген операциялар жатады, сондай-ақ көмекей, өңеш, қарын, т. б. органдарды емдеуде де Пластикалық хирургия қолданылады
Пластикалық хирургия көне заманнан белгілі. Тибетте б. з. б. 3 мың, Үндістанда б. з. б. 1 мың жыл бұрын пішіні бұзылған мұрынды қалыпқа келтіруге жасалған операция (ринопластика) туралы дерек табылған.
Қазіргі кезде Пластикалық хирургия күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы, адам денесіндегі күйіктен кейін теріні алмастыру, беттегі әжімді немесе денеде пайда болған ісікті алу пластикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бүлінген қан тамырларының немесе жүрек клапандарының орнына синтездік тіннен протез (аллопластика) қойылады.
Пластикалық хирургияның бірнеше түрі бар. Аутопластика түрінде кемістікті түзетуге не жамауға қажетті тінді науқастың өз денесінен (тін, тері, ішек, т. б. ), гомопластикада — операцияға қажетті тінді басқа адамның (кейде өліктің) организмінен алады, гетеропластикада — арнайы пластикалық материалдар үшін жануарлар тіні пайдаланылады.
Өте жиі кездесетін пластикалық операциялар: • Мұрын, иек, құлақ коррекциясы, • Бетті, маңдайды, мойынды тарту, • блефаропластика, • Ерін коррекциясы, ботокс иньекциясын қолдану арқылы, • Іш аймағының липосакциясы, • Сүт бездерін үлкейту немесе кішірейту, • Қол терісін жасарту т. б.
Пластикалық операциялардың жіктелуі реконструктивті эстетикалық
Реконструктивті пластикалық операциялар пластикалық хирургия әдістері арқылы мүшелердің, тіндердің ақауларын, девормацияларын түзеу және олардың қызметін қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай операциялар туа біткен ақаулары бар, жарақат нәтижесінде пайда болған денелік зақымданулар алған адамдарға жасалынады. Сәтті жүргізілген реконструктивті опреациялар науқастың өмір сүру сапасын едәуір жақсартып, толыққанды өмір сүруіне мүмкіншілік береді.
Эстетикалық пластикалық операциялар — сырт келбетті жақсарту мақсатында пластикалық хирургия әдістерін қолдану. Осындай операциялар арқасында адамдар өзінің жастығын сақтап, ары қарай ұзартуға, өзінің әдемілігін сезінуге, эмоциональдық стресстан арылуына көмектеседі. Өмір сүру сапасын жақсартады.
Эстетикалық пластикалыққ операцияларды орындалу аймағына байланысты жіктеуге болады: • Теріні жасарту (ритидэктомия, фейслифтинг) • Қасты немесе маңдай терісін тарту(фронтлифтинг) • Қабақ пластикасы (блефаропластика) • Мұрын пластикасы (ринопластика, септопластика)
• Құлақ қалқаны пластикасы (отопластика) • Ерін пластикасы (хейлопластика) • Шаш алмастыру • Иекасты пластикасы (ментопластика, мандибулопластика или гениопластика) • Ұрт пластикасы (малярпластика) • Мойын пластикасы (цервикопластика) • Сүт безі пластикасы (маммопластика) • Іш пластикасы (абдоминопластика, липосакция)
Пластикалық операция жасауға болмайтын адамдар тобы: 1. Психикалық аурулармен ауыратын адамдар. 2. Анатомиялық еркіндікке жеткісі келген адамдар. . 3. Пластикалық операцияларды жиі жасайтын адамдар тобы.
• Трансплантация дегеніміз - бір организмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және мүшелерді алмастыру. Түрлі трансплантациялардың хирургиялық әдістері біздің дәуірде жетілдірілген. Ғалымдар мүшелер мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауап тапқан.
• Аутотрансплантат бір индивидумда өз денесінің бір жерінен алынған тінді басқа жерге салу. Бұл алмастыру түрін көбінесе күйген адамдарда өткізеді, ол кезде дененің таза терісін күйген жеріне салады.
• Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдер туралы қазіргі көзқарастар. • Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиент арасындағы генетикалық айырмашылықтармен себептеледі. Әр түрлі салынған трансплантатқа қарсы иммундық жауаптың дәрежесі де әр түрлі болады. Әрбір трансплантат түрін белгілеу үшін бірнеше терминдер қолданады:
• Изотрансплантат - ол генетикалық ұқсас индивидумдар арасындағы салынған тіндер мен мүшелер. Изотрансплантациялау таза линияға жататын тышқандар арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас егіздерде өткізіледі.
• Аллотрансплантат - ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері. Тышқандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышқандардан екінші таза линиялы тышқандарына тіндерін немесе мүшелерін алмастырғанда орындалады. Адамдарда көбінесе бір индивуумнан екінші индивидумга мүшелерін алмастырғанда өтеді, мысалы донор орнында реципиентке ұқсас емес егізі болса.
• Ксенотрансплантат деп, әр түрге жататын организмдер арасында салынған тіндер немесе мүшелерін айтады. Мысалы, адамға маймылдан алынып салынған жүректі ксенотрансплантат деп атайды. Ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессіздік білдіретіндіктен, ол салынған тіндер тұрақтамауының өте тез жүруіне себеп болады.
• Трансплантологияда қолданылады: • Жасанды мүшелер – нағыз мүшелерді алмастырғыштар. • Бағаналы клеткалардан мүшелерді клондау
• Медициналық практикада өте жиі аллотрансплантатты қолданады. Бұл кезде реципиент пен донор екеуінде кейбір гендердің түрлі аллельдері вариантты болады. Реципиенттің иммунды жүйесі аллотрансплантат жасушаларының бетінде экспрессияланған антигендерді бөгде зат ретінде танып, оған қарсы иммунологиялық тұрақтамау серпілісін шақырады.
Жасанды тері • Құрылу стадиясы: зерттеушілер нағыз теріні шығаруды ойлстырып жатыр. • 1996 жылы жасалған жасанды тері күйікке салынған. Бұл әдіс терінің негізін құрайтын, клетка ішілік матрицаны дамыту үшін жануарлардың шеміршегінен алынған коллагендермен гликозамингликандерді байланыстырудан тұрады. 2001 жылы осы тәсілдің негізінде өзі қалпына келетін жасанды тері шығарылды
• Жасанды сетчатка • Құрылу стадиясы: тестілеуден жаксы өткен, қазір өндірісті кәсіпорындық стадиясында. • Жуық арада жасанды сечатка Argus II соқыр адамдардың әртүрлі формаларын емдейтін болады, мысалы: сары дақтың дегенерациясы мен пигментті сетчатканың дегенерациясы.
Жасанды аяқ-қолдар • Құрылу кезеңі: зерттеулер. • Саламандр жұлынған аяқ-қолдар қалпына келтіре алады. Соңғы кездері аяқ-қолдарын ампутирленген адамдарға үміт пайда болды. ғалымдар шошқаның қуығынан экстратты алып, саламандрда аяқ-қолдарды өсірді.
Бағаналы жасушалардан мүшелерді өсіру • Трансплантологиядағы дамыған жағдайлардың бірі бағаналы жасушалардан мүшелерді өсіру болып табылады. Егер бұл зерттеулер сәтті болса, адамдар кез-келген мүшесін басқа сау мүшеге ауыстыруға болады.
Қорытындылай келе. . . Қазіргі кезде Пластикалық хирургия, трансплантология күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылады. Пластикалық хирургияда адам органдары мен тіндерінің туа немесе жүре пайда болатын кемістіктерін қалпына келтіру үшін хирургиялық операция жасалады. Пластикалық хирургияға адам организміндегі барлық кемістікті (жырық, т. б. ) жою мақсатында жүргізілген операциялар жатады. Пластикалық хирургия және трансплантологияның арқасында адамдардың өмір сүру сапасы жақсарып, өмір сүруге құлшынысы артады.
Қолданылған әдебиеттер: • Амиров Ф. Ф. - Пластические операции на трахее и бронхах • Дунаевский В. А. - Пластические операции при хирургическом лечении опухолей лица и челюстей • Пейл А. Д. - Пластическая и реконструктивная хирургия лица • Интернет желісі w. w. w. google. ru www. yandex. ru
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Маканов Али 304стом.ф. Хирургия.ppt