Перитонит.pptxим (2).pptx
- Количество слайдов: 37
ПЕРИТОНИТ Орындады: Рахимов Б Қабылдады: Ербосынов Ғ Тобы: Жмк-406
Перитонит(peritonit) деп ішастардың париетальді және висцеральді жапырақшаларының жедел немесе созылмалы қабынуын айтады. Перитонит іш қуысындағы ағзалардың қабуынан немесе олардың жарақаттарынан туатын өте ауыр және адамның өміріне қауіп тудыратын асқынулар қатарына жатады. Шынында, бүгінгі таңда медицинаның жетістіктеріне қарамай, перитонит көптеген ауру адамдардың өліміне алып келеді, өлім пайызы 10 -35%-ға тең.
Ішастар(peritoneum)-өте жұқа, полигональді мезотелииймен жабылған дәнекер тіннен құралған жабынды. Ішастардың екі жапырақшасы бар. Біріншісі(париетальді), іш қуысының барлық қабырғаларын жабынды ретінде жауып, оның шекарасын шектейді. Екіншісі(висцериальді), іш қуысында орналасқан ағзалардың сыртқы қабатын құрайтын жабынды немесе висцериалды жапырақша. Ішастармен жабылу аумағына қарай іш қуысындағы ағзалар интра-мезо және экстраперитонеальді болып бөлінеді.
Егер ішастар ағзаны жан-жақты толық жауып жатса(асқазан, аш ішек, соқыр ішек, бауыр, көкбауыр т. б. )ондай ағзаларды интраперитонеальді орналасқан ағзалар, ал ағза жан-жақты толық қамтылмай, тек екіүш жағынан жабылған болса мезоперитонеальді орналасқан ағзалар деп атайды(тоқ ішектің жоғары және төмен бағытталған бөліктері, несеп қуығы, жатыр т. б. ). Небір аймақтарда, атап айтқанда ішасстардың париетальді жапырағы ағзаларға қарай немесе ішастар бір ағзадан екінші ағзаға өткен жерлерінде шұңқыршалар, шұңқырлар, қалталар мен өзектер қалыптасады(шарбымай қалтасы,
Дуглас шұңқыры, илеоцекальдік шұңқырша, оң және сол жақ бүйір өзектері т. с. с). Ішастар қамтып жатқан алаңның жалпы аумағы 1, 72 -2, 04 м 2 тең, яғни бұл көрсеткіш жағынан ішастардың алып жатқан көлемі тері қабатының аумағына жақындайды. Ішастар өзінің жұқалығына қарамай, организмге өте қажетті бірнеше қызметтер атқарады. -Эксудативті қызметі. Ішастар іш қуысына тұрақты түрде және белгілі бір мөлшерде сұйықтық бөліп тұрады. Ол сұйықтық ағзалар аралық кеңестіктерде орналасып,
олардың еш бөгетсіз, бір-біріне кедергі тудырмай қозғалуын қамтамасыз етеді. Мөлшерден артық сұйықтық бөлінсе ішастар сорып, өзіне сіңеді. Бұл ішастардың резорбтивтік қызметін сипаттайды. Ішастардың келесі функциясы ол тосқауылдық, яғни шектегіштік(барьерлік)қызметі. Іш қуысында пайда болған қабыну немесе басқадай патологиялық ошақтар жан-жағынан қоршалып, патологиялық процестердің іш қуысының басқа аймақтарына қарай жайылу жолдары шектеледі.
Ішастардың хирургия саласындағы өте қажетті және пайдалы қасиеттерінің бірі пластикалық қызметі. Операция барысында резекциядан соң бір-біріне жалғастырылған ағзалардың(анастомоз)немесе олардың жарақаттанған жерлерінің өсіп бітуінде ішастардың осы аталған қасиетінің маңызы өте зор. Бактерицидтік қызмет. Аталған қызметтерімен қатар, ішастар өзінің гуморальдық және жасушалық механизмдері арқылы іш қуысына түскен бактерияларды жоюға қаиысады.
Этиологиясы. Перитониттің негізі себебі инфекция болып табылады. Көп жағдайларда(80%-ға жуық)перитонит тудыратын инфекция іш қуысындағы ағзалардың қабыну салдарынан туады, немесе олардың бүтіндігінің бұзылуынан болады. Перитонит тудыратын микроорганизмдер мыналар: - Грам теріс аэробтар-ішек таяқшасы, көкірің таяқшасы, протей, клебсиеллалар, энтеробакт ер, акиентобактер, цитробактерлер; -Грам оң аэробтар: стафилококктар, стрептококктар.
-Грам теріс анаэробтар: бактероидтар Грамоң анаэробтар: клостридиилер, эубактериялар, лактобациллалар т. б Спецификалық (арнайы) микрофлорагонкокктер, пневококктер, тубекулез микобактериясы. Ішек таяқшалары(58 -65%), стафило-энтерококктар (11 -12%), протей, стрепткокктар(7 -8%) анықталады, ал клостриалды емес анаэробтар, көк ірің таяқшасы және солардың бірігуі сирегірек кездеседі.
Күнелікті тәжірбиеде перитонит тудыратын негізгі себептер қатарына мыналар жатады; Жедел аппендицит(30 -65%) Асқазан мен онекі елі ішек аурулары (7 -14%)ойық жараның тесілуі, асқазан флегмонасы т. б; Әйелдердің жыныс ағзаларының аурулары(312%)-сальпингоофрит, эндометрит, пиосальпинкс, гонорея, туберкулезт. б; -ішек аурулары(3 -5%)-ішек туйілу, жарықтың қысылуы. Шажықай қан тамырларының тромбозыт, б: Өт қуығы аурулары (1 -12%)-холецицтиттер, холангиттер:
Патогенезі. Перитониттің патогензі өте курделі қубылыс. Аурудың даму барысында пациенттердің организмінде туатын және оның жағдайына әсер ететін өзгеістер көптеген факторлармен тығыз байланысты. Солардың қатарына перитониттің даму сатысы, патологиялық процестің жайылу колемі, микрофлораның вируленттілігі және олардың іш қуысына тусу жылдамдығы, сол сияқты ауру адамның және қосалқы ауруларын т. б. Жатқызуға болады. Перитонит патогенезің негізінде организмнің улануы жатады.
Перитониттің бастапқы сатысында іш кебеді, ішастар гиперемиясы, ісінуі, экссудация пайда бола бастайды. Одан соң гемодинамика бузылады, ал ол өз кезегінде гипоксия қубылысын тудырады. Ішастар қабынуында ағзаларында туатын патологиялық өзгерістер зат алмасу процесін (су-элетролит, көміртегі, белок, витаминдер т. б. ) бузады. Ішек қозғалысын нервтік реттеу жұмысы байаулайды, қуыстарында газ жиналу себебінен ішек кеңейіп, созылады және онда әрі жалғасады, яғни организмнің уыттануы тереғдей түседі. Ол жағдай адам өмірін қамтамасыз ететін ағзаларға, атап
айтқанда бауыр, бүйрек, өкпе, жүрекке теріс әсерін тигізе бастайды. Ол, биологиялық белсенді заттардың әсерімен қосарланып, өз кезегінде, қанныңреологиялық қасиеттерін нашарлатады, яғни ағзаларды қалыпты микроциркуляцияны бұзады. Организмге қте маңызды белок, электролиттердің қалыпты алмасуы өзгеріп, қышұыл-негіздік тепе-теңдік бұзылады. Белоктардың, электролиттердің экссудатпен, құсықпен, зәрмен бірге шығып, жоғалуынан гиппротнинемия, диспротеинемия, гипонатр иемия пайда болады.
Жіктелуі: Перитониттің біртұтастығын қолдану үшін топтастырады(Маят В. С, Федеров В. С, Савчук Б. Д, Кузин М. И)мына прицинке сәйкес. 1. Перитониттің іш қуысында жәйілу көрсеткіші. 2. Перитонитің даму сатысы. 3. Перитониттің клиникалық барысы. 4. Экссудаттың түрі. Перитониттің жәйілуіне қарай(В. С. Маят В. Д. Федеров) 1. Жергілікті а)шектелген(қабыну ісігі, абсцесс) б)шектелмеген(шекарасы жоқ)
2. Таралған а)диффузды(қабыну процесі іш қуысының екі қабатынан кем аймақты қамтыған), б)жәйілмалы(қабыну процесі іш қуысының екі қабатынан астам аймағын қамтыған)в) жалпы немесе тотальді (қабыну ішастардың париетальді және висцеральді жапырақтарын толық қамтыған). К. С. Симонян, В. Д. Савчук перитониттің даму барысына қарай үшке бөлген. 1. Реактивті саты(ауру басталған мерзімнен 24 сағат аралығы 2. Уытты, яғни токсикалық саты(24 -72 сағат аралығы)
3. Терминальді саты(ауру 72 сағат жоғары мерзімге созылған) Клиникалық барысына қарай А) Жедел Б) созылмалы Эксудаттың түріне қарай : А) серозды Б) фибринозды В) Іріңді Г) қан аралас Д) нәжісті Е) шіріңді Ж) қоспа. Серозды-фибринозды, фибринозды-іріңді
Клиникасы. Перитониттің клиникалық көрінісі көп түрлі белгілермен сипатталады. Өйткені ол аурудың басталу мерзімінен, даму сатысынан, оның іш қуысында жәйілу көлемінен, микрофлораның вирулентігінен т. б. Себептерден тәуелді болады. Аурудың бірінші, яғни реактивті сатысында, әсіресе оның алғашқы сатысында пациенттер қатты ауру сезіміне шағымданады. Перитонит ошағы іш қуыының жоғарғы қабатында орналасса ауру сезімінің арқа, жауырын асты, иық аймақтарына таралуы анықталады. Құсу белгісі бұл сатыда тұрақты кездеспейді, ал пайда болғанның өзінде көп қайталанбайды және ауру адамның жағдайын айтарлықтай жақсарытпайды. Обьективті зерттеу барысында ауру адам шалқасынан немесе тізесін бүгіп, қимылсыз бір жатқаны көзге түседі. Щеткин-Блюберг белгісінің
оң нәтижелі болуы. Перитониттің бұл сатысында дене қызуы аса көтерілмегенімен жүрек соғуы жиіленеді. Уыттану сатысында ауру сезімі және кейбір аталған жергілікті белгілер біршама бәсеңдейді де организмнің уыттыну белгілері шыға бастайды. Іш ұлғайып, кебеді, іш желі мен нәжіс шығу сирейді, ал құсу құбылысы жиілейді. Сырқаттың терминальді сатысында ауру адамның жалпы жағдайы өте нашар қалыпты болады. Жоғары дәрежелі уыттануға тән жалпы және жергілікті белгілер орын алады. Аура сезімі ұлғайады, құсу, ықылық ату
байқалады. Ауру адамның өңі, бет әлпеті өзгереді көзі үңкірейіп, ішке қарай кіреді(Гиппократ беті)тері қабаты жабықақ термен жабылады. ДИАГНОСТИКАСЫ. Клиника-лаборатоиялық, биохимиялық зерттеу нәтижелеріндегі өзгерістер перитониттің сатысына қарай келеді. Перитониттің реактивтік сатысында өзгерістер көп біліне қоймайды, ал уытты және терминальді сатыларында олар(лейкоцитоз, ЭТЖ-ың жоғырылауы, гиповолемия, су-электролиттік зат алмасу көрсеткіштері, бауыр трансфераздарының өзгеруі, биллирубин жоғылауы)анық байқалады.
Перитонит диагнозын анықтау барысында қиындықтар туса аспаптық зерттеулер кеңінен қолданылуы қажет. Олардың қатарына рентгенологиялық зерттеу, УДЗ, лапраскопия, лапарацентез т. б. жатады. ЕМДЕУ. С. И. Спасокукоцкий айтқандай» Перитонитте егер операция ббрінші сағаттарда жасалса пациенттердің жазылуы 90%дейін жетеді, бірінші күні жасалса-50%құрайды, ал үш күннен кеш орындалса пациенттердің тек 10%тірі қалады» айтылған сөз перитониттің қауіптілігін аңғартады. Перитониттің емдеу оның клиникалық түріне, даму сатысына, жәйілу көлеміне,
Метаболитикалық өзгерістердің және негізгі ағзалар қызметтерінің бұзылу дәрежесіне, микроорганизмдердің түрлері мен олардың вируленттігіне сәйкес жүргізіледі қажет. Перитонит диагнозы толық анықталысымен, комплексті шаралар орындалу қажет. Комплексті емнің ең алғашқы қатарында хирургиялы әдіс тұруы қажет, диагнозы күмәнсіз болса дереу операция орындалуы керек. Кейбір ғалымдардың айтуынша себебі нақ анықталған және жәйылған перитонитте іш қуысын іштің ақ сызық бойын қуалай неғұрлым кеңірек ашқан дұрыс.
Перитониттің емдеу алгоритмі. Емдеу әдістері: Хирургиялық жолмен Лапротомия, перитониттің себебін ерте жою немесе шектеу(изоляция); Операция үстінде және операциядан соңғы кезеңде ішқуысын тиянақты тазарту. Аш ішекті декомпрессиялау Жалпы емдеу Бағытталған массивті антибиотикотерапия Гомеостаз өзгерістердің дәрімен қалыпқа келтіру(коррекциялау) Операция алдындағы дайындық
Ауру адамды операцияға дайындау 23 сағатқа созылады. Дайындаудағы негізгі шаралар Дұрыс негізделген, сапалы инфузионды ем. Орталық веналарға инфузиалық терапия сапалы болу мақсатымен және венадағы қысымда анықтау үшін катетер орнату. Ас қорыту жолдарын дайындау: Перитониттің алғашқы сатысында сүңгімен асқазанды тазалайды. Кеш сатыларында сүңгі операция алдындағы кезең мерзімңнде тұрақты асқазанда болғаны абзал. Жансыздандыру. Негізгі тәсіл жалпы жансыздану, яғни көп компоненті, бұлшықет
Релаксанттарын қолданатын және өкпенің жасанды вентиляциясын пайдаланатын анестезия немесе жұлындық жансыздандыру. Перитонитте жасалынатын операция барысында орындалатын қажетті шаралар мына төмендегідей кезекпен іске асырылуы қажет: Іш қуысын ашқан соң лапаротомия оны патологиялық заттардан босату және іріңді бактериялардың түрін және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін сұйықтықты, іріңді , немесе өлі тіндерден алынған жұғындыларды зерттеу.
Перитонит.pptxим (2).pptx