
33333333333333.pptx
- Количество слайдов: 15
Педагогтың жеке басының кәсіби қасиеті Орындаған: Сман с. Тобы: 102 -13 Қабылдаған: Нұрсейтова Л.
Педагогтың жеке басының кәсіби қасиеті Жоспары: 1. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарымқатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталатындығында 2. Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде 3. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет 4. Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні мен құрылымы.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Мұғалім еңбектерінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарымқатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалды мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытты дамып, көркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Мұғалім тұлғасында болуы керек қасиеттер : 1. Жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік; 2. Балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы; 3. Шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы; 4. Жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық; 5. Үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген тиімділігі мен дайындығының болуы; 6. Психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі.
Мұғалім - қоғам қайраткері. Ол қоғамның мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Басқасаладағы қызмет түрлерімен салыстырғанда, педагогикалық қызмет - әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлға дамуына жағдай тудыру және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөл орындау үшін дайындауға бағытталған. Бұл қызметті педагогтармен қатар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшыларын, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бірақ педагогтар мұнда кәсіби қызмет атқарады.
Педагогикалық қызмет бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық интеллектуалды дамуына бағытталады. Педагогикалық қызметтің мақсаты – тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу. Сондай-ақ қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. Педагогикалық қызметтің мазмұны - оқушылардың оқу әрекетінұйымдастыру үрдісі. Педагогикалық қызметтің құралдары - білім оқулықтарымен, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық кұралдар. Педагогикалық қызметтің әдістері - сөздік көрнекілік және практикалық әдістер тобы, педагогикалық қызметтің нәтижесі оқушы тұлғасының интеллектуалдық дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Күрделі үрдісті жасауда мұғалімге қойылатын талаптар: 1. Мұғалімнің жеке басының ізгілікті бағыттағы, қоғамдағы борыштылығы мен жауапкершілігін сезінуі; 2. Кәсіптік мамандық бағытында өз білімін тиянақты игеруі оны оқыту әдістемесін жасай білуі; сондай-ақ педагогика ғылымына салалас психология, философия (адам өмірінің кұндылықтық дүниетанымы) мен әлеуметтік пәндерді игеруі; 3. Педагогтық технологияны игеруде іскерлік әрекетті меңгере отырып окушы шығармашылығының пәрменділігін арттыру. 4. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру; мұндагы мұғалім шығармашылығын көтеру; кәсіби-біліктілік-кәсіби-шеберлілік кәсіби шығармашылық-кәсіби жанашылдық.
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңызды ісәрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат бала жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыру және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыру бағытталған ісәрекеттүрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметінде басты ісәрекеттердің бірі. Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білік, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратыніс- әрекет түрі.
Мұғалімнің жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыруда кажетті негіздер: өзінің кәсіби-пәндік білімін толықтыру; өзін-өзі іскерлік әдістемелік жетілдіру; өз мүмкіндігін игеру қажеттілік; даралық-тұлғалық қалыптасу; кәсіби кемелдену т. б.
Кәсіби дайындыққа мынадай талаптар қойылады: 1. өз мамандығының тұлғалық және әлеумсттік мәнділігін сезіну; 2. мәдениетінің берілуін камтамасыз ететін білім беру жайында тұтас түсінікті меңгеру; 3. ғылыми гуманистік көзқарасты меңгеру; табиғат пен коғам дамуының негізгі заңдылықтарын білу; 4. Қазакстан Республикасы Конститутциясының этикалық және құқықтық нормаларын білуі; 5. білім беру процесінің заңдылықтары жайындағы біліммен түсініктер жүйесін меңгеруі ғылымитану мен әдістерін білуі; 6. таным тәсілдерін меңгеруі; пәндік білімін кәсіби тілмен жеткізе білу; 7. қарым-катынас орнату іскерлігін ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-катынас мәдениетін меңгеруі жұмысқа психикалық әдістемелік дайындау.
Н. В. Кузьминабойыншапедагогикалыққызметінің кұрылымында мынадай компоненттерді атауға болады: Конструктивтік-мазмұндық: 1. Оқу материалдарын іріктеу, композициялық кұруды анықтау; 2. Педагогикалық процесті жоспарлау және құру; Конструктивтік-жедел: 1. өз әрекетін және студенттер әрекетін жоспарлай білу; 2. педагогикалық процестің оқу-материалдық базасын жоспарлау.
Ұйымдастырушылық компонент: 1. амалдар жүйесін орындау; 2. студенттерді әртүрлі қызмет түрлеріне қатыстыру амалдары; 3. ұжым құру, бірігіп әрекет жасауды ұйымдастыру. Коммуникативтік компонент: 1. студенттермен қарым-қатынас; 2. әріптестермен; 3. бөгде адамдармен.
Зерттеушілік компонент: 1. кәсіби білім жаңарту; 2. педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарау; 3. педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру; 4. өізіндік тәжіребиесіне талдау жасай алуы; 5. өзге оқытушылар тәжірибесіне талдау жасай білуі. Жоғары оқу орнының оқытушыларын 3 топқа бөлуге болады: 1. педагогикалық бағыттылығы басым; 2. зерттеушілік; 3. педагогикалық және зерттеушілік бағыттары шамалас.
Әдебиеттер: 1. Занина Л. В. , Меншикова Н. П. «Педагогикалық шеберлік негіздері» – Ростов на Дону, 2003. 2. Кукушкин В. С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002. 3. Сағытаев. Т. С. «Педагогикалық шеберлік негіздері» оқу құралы – Қарағанды, 2010 ж. 4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Бас редакторы – Ә. Қысанбаев. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, 2000 ж. , 1 -4 том.
33333333333333.pptx