коммуникация.pptx
- Количество слайдов: 20
Педагогикалық қарым-қатынас
Жоспары: 1. Педагогикалық қарым-қатынас 2. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары 3. Педагогикалық қарым-қатынастағы кедергілер 4. Педагогикалық тәртіп
Глоссарий Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс — әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу Педагогикалық қарым-қатынас — белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, дұрыс психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы Авторитарлық стиль-мұғалім шешімді өзі қабылдайды, оқушыны ескермей талап кояды Демократиялық стиль-оқушы мен мұғалім теңдей қарым-қатынаста болады Либералды стиль- мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлыған оқушыларға ысырады.
Педагогикалық қарым-қатынас Белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, дұрыс психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымындағы қатынастарды психологиялық тиімді етуге арналған оқушы мен мұғалім арасындығы қарым-қатынас.
Н. Ф. Маслов, Е. М. Крутов сияқты психологтар еңбектерінде қарымқатынастың – “демократиялық” және “авторитарлық” екі түрлі стилі көрсетіледі. Қарым-қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші – “либералдық” түрі анықталады. Оның негізін салған А. А. Бодалев.
Педагогикалық стиль түрлері Авторитарлық стиль Демократиялық стиль Либералдық стиль.
Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
Демократиялық стилде оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералды стильде мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырайды. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер мөлшерсіздігінен аузы барынша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И. А. Зимняя, А. А. Леонтьев). Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: Оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; Білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; . Білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті
Педагогикалық қарым-қатынастағы қақтағыстар Оқушы - оқушы Мұғалім - мұғалім Оқушы - мұғалім
Педагогтың қарым-қатынастағы шеберлігі Педагогтың қарымқатынас жасаушы адаммен тілдік және тілдік емес өзге де тәсілдер арқылы ақпарат алмаса отырып, оның өзіне тән ерекше қасиеттеріне болжам жасап, ескере алу қасиеті Белгілі бір қоғамдық құнды мақсаттарға қол жеткізуге (мысалы; тұлға мәдениетін қалыптастыру тіл арқылы) ұмтыла отырып, бағдарлама, әдіс- тәсіл, техниканы, қарымқатынасты құру арқылы ортақ әрекетті ұйымдастыру Қарым-қатынас жасаушы жеке тұлғамен немесе топпен тіл табыса алуы және қалай қабылданатындығын түсіне алу қасиеті.
Педагогикалық тәртіп - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп – ісқимылдың барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Педагогикалық тәртіп – үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз. .
Педагогикалық тәртіп құрылымы Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы Бірбеткейсіз ұстанымдылығы, сабырлылығы Әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі, Адамдарға қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы Ара-қатынастағы іскерлік
Қортынды: Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, яғни қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Педагогтың өзіндік тұлғасы, білімі, қарымқатынас стилі, мәдениеті оқушының қалыптасуына улкен әсер етеді. Педагогикалық стиль, тәртіп, мәдениет оқушыға үлгі боларлықтай болуы қажет.
Пайдаланған әдебиет: 1. Ш. Т. Тұрдалиева, «Қарым-қатынас психологиясы» , Алматы- 2012 2. Интернет материалынан 3. И. А. Зимняя, «Педагогикалық психология» Алматы-2011 4. «Педагогикалық-психологиялық сөздік»
Тест 1 Педагогикалық қарым-қатынастағы стиль түрлері: А 8 В 6 С 4 Д 3 2 Либералдық стиль түрінің негізін қалаған ғалым: А Н. Ф. Маслов В Е. Н. Крутов С А. А. Бодалев Д Б. Ф. Ломов 3 Педагогикалық қарым-қатынастың сегіз кедергісін құрастырған ғалым: А А. Н. Маслов В В. А. Кан-Клик С А. А. Бодалев Д Б. Ф. Ломов
4. Педагогикалық қақтығыстың қанша түрі кездеседі: А 3 В 4 С 5 Д 6 5. Мұғаліммен оқушы тең дәрежеде емес, мұғалім шешімді оқушымен санаспай өзі қабылдайтын стиль түрі: А Либералдық стиль В Авторитарлық стиль С Демократиялық стиль Д Оптималды стиль 6. Оқушы мен оқушы арасындағы қақтығыс болған жағдайда шешімді кім қабылдайды: А Ата-ана В Оқушы С Мұғалім Д Достары
Тест жауаптары: 1 2 3 4 5 6 Д С В А В С
коммуникация.pptx