Патан.pptx
- Количество слайдов: 28
Патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы СӨ Ж Тақырыбы: Өлім, оның бейнесі және өлгеннен кейінгі өзгерістер Орындаған: 2024 ЖМФ Қарағанды – 2014
Өлім – биологиялық ұғым, ол организмнің тіршілік әрекетінің толық тоқтауы. Өлген адам өлі денеге, яғни өлікке (мәйітке) (cadaver) айналады.
Адам организмінің өлу процесін және өлгеннен кейінгі мәйіттік құбылыстарды оқытаты ғылым танатология (грек тілінен thanatos – өлім, logos – ғылым) деп аталады. Танатологияның негізін қалаушылар – Биш, К. Бернар, Р. Верхав, Нотнагель және И. И. Мечников. “Танатология” терминін ұсынған И. И. Мечников.
• Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады: • Агония алды жағдай • Терминалды үзіліс сатысы • Агония (куресу) • Клиникалық өлім
Агония алды жағдай Ткандік гипоксия мен ацидоз дамуына әкелетін қан айналысының және тыныс алудың айқын бұзылыстарымен сипатталатын жағдай. Бұл кезде адамда есінен тану, сыртқы тітіркеніштерге жауап беру реакциясы әлсіз, рефлекстері әлсіреген, тыныс алуы мен жүрек соғысы әлсіз, жиі және беткей, артериялық қан қысымы төмендеген. Бұл кезде организм негізгі өмірлік функцияларды қалпына келтіру және бір қалыпта ұстап тұруға бағытталған компенсаторлық механизмдерін қосады. Агония алды жағдай бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Терминалды үзіліс сатысы Кенеттен тыныстың тоқтауы және жүрек қызметінің тежелуімен сипатталатын бірнеше секундтан 3 -4 секундқа созылатын жағдай. Адам толықтай есінен танады, рефлекстер жойылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ми қыртысының терең тежелуіне қарамастан, ондағы бульварлы орталықтар қызметінің сақталған, соның нәтижесінде организм дезорганизациялық сипатта болады.
Агония (күресу) Организмнің өмір үшін күресі. Агония қысқа уақытқа тыныс алудың тоқтауымен сипатталады, кейін жүрек қызметі баяулап, әр түрлі мүшелердің функциялық бұзылыстары пайда болады. Бұл кезде өлу клиникасы зат алмасудың терең бұзылыстары мен ткандік гипоксияның дамуымен сипатталады. Қан айналысының және тыныстың төмендеуінің нәтижесінде дамыған гипоксия орталық нерв жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеледі, адам есінен танады. Тоникалық құрысулар пайда болады. Сфинктерлер босап, рефлекстер жойылып, көз қарашықтары ұлғайып, тыныс алу мен жүрек қызметі баяулайды. Артериялық қан қысымы төмендеп, толығымен жойылады. Жүрек қызметінің баяулауы өкпенің ісінуіне әкеледі. Өлім пайда болған кезінде алдымен тыныс, содан кейін қанайналу тоқтайды да, адамның сыртқы келбеті өзгереді, яғни тері жамылғысының түсі бозарып, көз алмасы түседі.
Агонияның ұзақтығы өлімнің түрі мен механизміне байланысты әр түрлі болады. Ұзақтығына байланысты агония төртке бөлінеді: Ø Дене тұтастығының тез бұзылуымен агонияның болмауы Ø Әр түрлі сипаттағы жедел өлім кезіндегі 4 -5 минуттық өте қысқа агония Ø Бірнеше сағатқа немесе күнге созылатын агония Ø Реанимациямен ұзартылған агония
Клиникалық өлім - көрінетін өмір белгілері (жүрек қызметі, тыныс алу) білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін терминалдық жағдай. Бірнеше минутқа созылып, тіршілік қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайтын биологиялық өліммен алмасады.
қ ы урул А қ З ты рлық о Табиғи (физиологиялық) Өлімнің себептеріне қарай
Табиғи өлім Қарттар мен көп жасағандардың организмінің табиғи (физиологиялық) тозуының нәтижесінде орын алады. Адам өмірінің табиғи ұзақтығы әлі белгісіз, дегенмен біздің планетада ұзақ өмір сүргендердің өмірінің мерзіміне сүйенсек, ол 150 жыл, одан да астам сияқты.
Зорлықтық өлім себептері – қастықпен немесе жазатайым өлтіру, өзін-өзі өлтіру, түрлі жарақаттар (мысалы көшеде, өндірісте немесе үйде) және жазатайым жағдайлар (мысалы, көлік апаты). Өлімнің бұл түрі әлеуметтік – құқықтық категория болғандықтан, оны сот медицинасы мен әділеттік органдар зерттейді.
Аурулық өлім Бұл организмдегі патологиялық үдерістер тіршілікке мүмкіндік қалдырмағанда дамиды. Аурулық өлім, әдетте тіршілік әрекеттері біртіндеп бәсеңдеп барып, баяу дамиды. Кейде дені сау сияқты адам кенеттен қайтыс болады – кенет немесе тез өлім.
Организмдегі өзгерістерінің қайтымды немесе қайтымсыздығына қарай өлім Клинакалық Биологиялық
Клиникалық өлім • Тыныс пен қанайналысының тоқтауынан кейин орташа есеппен 5 -6 минутқа созылады. Клиникалық өлім кезінде организмде дамитын бұзылыстар толығымен қалпына келуі мүмкін. Тынысалу және қанайналымдық үдерістер тоқтайды, бірақ олар бірнеше минут бойы (ми қыртыстық қабатының тіршілігі тоқтағанша ) қайтымды. Жалпы медицина үшін клиникалық өлім кезіндегі процестің қайтымды болуының маңызы зор, себебі ол реанималогияның дамуына әкеледі.
Қайта қалпына келмейтін жағдай, яғни бұл кезеңде адам организмінің маңызды функцияларын қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Ең алдымен қайта қалпына келмейтін Биологиялық бұзылыстар ми қыртысында пайда болады, бұл дегеніміз өлім мидың өлімі болып табылады. Биологиялық өлім кезінде жасушалар мен тіндер бір сәтте өлмейді. Ең алдымен ОЖЖнің тіндері өледі. Тынысалу мен қанайналым тоқтағаннан кейін алғашқы 5 -6 минутта ми мен жұлынның паренхималық жасушаларының ультрақұрылымдары жойылады. Басқа мүшелер мен тіндерде (тері, бүйрек, журек, өкпе т. б. ) бұл үдеріс бірнеше сағатқа немесе бірнеше тәулікке созылады.
Өлгеннен кейін мәйітте биологиялық өлімге тән бірқатар үдерістер қалыптасады. Өлім белгілерін күмәнді және нақты өлім белгілері деп бөлеміз.
Өлімнің күмәнді белгілері - өлім пайда болған бойда анықталатын белгілер. Оларға жатады: v Пассивті, қозғалыссыз дене v. Тері жамылғысының бозаруы v. Сана сезімінің (есінің) болмауы v. Тыныстың, пулсьтің, жүрек соғысының болмауы v. Термиялық, химиялық және т. б. тітіркеніштерге кез келген реакциялардың болмауы v. Көз қарашығының жарыққа реакциясының болмауы v. Дененің салқындауы
Нақты өлім белгілері - мәйітте алғашқы және кейінгі тәуліктерде пайда болатын өлімнің ерте және кеш пайда болатын белгілері.
Ерте пайда болатын белгілер Мәйіттің салқындауы Мәйіттің сіресуі Мәйіттің кебуі Мәйіттік дақтар Аутолиз
Кеш пайда болатын белгілер Шіру Мумификация Майлану (жировоск) Торфтық иленуі жатады
Мәйіттің сууы (algor mortis) Өлі дене жылу түзбейді, сондықтан оның температурасы біртіндеп сыртқы ортаның температурасымен теңеледі. Аурудың температурасы өлер кезде жоғары болса немесе жанталас кезеңінде құрыспа байқалса, мәйіт баяу суиды. Бірқатар жағдайда (сіреспе, яғни делебе, стрихнимен улану) бірер сағат бойы мәйіт қызуы да мүмкін.
Мәйіттің сіресуі (rigor mortis) Мәйіттің сіресуі – ерікті және еріксіз қимылдайтын бұлшықеттердің қатаюы. Сіресу, әдетте өлгеннен кейін 2 -5 сағаттан соң басталып, бірнеше тәуліктің соңынды бұлшықеттерді түгел қамтиды. Алдымен жақ пен беттің мимикалық бұлшықеттері, кейін мойынның, дене мен қол және аяқтың бұлшықеттері сіреседі. Шала туған нәрестеде сіресу мүлде байқалмайды.
Мәйіттің кебірсуі Мейіттің денесі кеуіп, ылғалын жоғалтқаннан кейін кебірсиді. Мәйіттің әр жері ғана немесе өне бойы толық кебірсуі мүмкін (мәйіттің мумификациясы). Алдымен тері, көз алмасы, кілегейлі қабықшалар құрғайды. Көздің қасаң қабықшасы құрғап көмескі тартады.
Мәйіттегі қанның орын ауыстыруы Мәйіттегі қанның орны ауысқанда веналық тамырларды қан кернеп, артериялар босап қалады. Өлгеннен кейін қан, әдетте веналық тамырлар мен жүректің оң жақ бөлігінде ұйиды. Асфиксиядан өлгендердің мәйітіндегі қан ұйымайды, біраздан кейін мәйіттік гемолиз дамиды.
Мәйіттік дақ өліктегі қанның орнының ауысуы барысында қалыптасып, дененің жатқан (тұрған) қалпына сәйкес жайғасады. Қан төмен ағып, венаға жиналады, сондықтан өлгеннен кейін 3 -6 cағаттан соң мәйіттік гипостаз пайда болады. Мәйіттік гипозтаздың түсі қоңырлау күлгін, саусақпен басқанда бозарады, қысым түскен жерде (жатқан мәйіттің сегізкөзі, жауырыны) болмайды. Мәйіттік дақтар қошқыл қызғылт түсті, олар саусақпен басқанда жойылмайды.
Мәйіттің бұзылуына аутолиз бен мәйіттің шіруі себеп болады. Мәйіттің аутолизі жасушаларында гидролиздік ферменттер көп безді мүшелерден (бауыр, ұйқы безі, асқазан) басталып, өте қарқынды жүреді. Ішекте көбейген шіріткіш бактериялар мәйіттің тіндерін жайласа, аутолизге шіру үдерісі қосарланады. Шірігенде мәйіттік аутолиз үдеп, тіндер жидіп, қоңырлау жасыл түске боялып (ыдыраған гемоглобиннің өнімдеріне күкіртті сутек әсер етіп, темір сульфиді түзіледі), өте жаман иістеніп, сасиды. Мәйіт шірігенде түзілгенде газ ішекті қампитады, көпіршіктері тіндер мен мүшелерге жиналып, саусақпен басқанда сықыр сезіледі (мәйіттік эмфизема). Бальзамдаған мәйіт біраз уақыт шірімейді.
Назар салғандарыңызға рахмет!
Патан.pptx