3 анаэробтар правильный.ppt
- Количество слайдов: 54
ПАТОГЕНДІ ЖӘНЕ ШАРТТЫ-ПАТОГЕНДІ АНАЭРОБТАР. СІРЕСПЕ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
Жоспары ПАТОГЕНДІ ЖӘНЕ ШАРТТЫ-ПАТОГЕНДІ АНАЭРОБТАР. СІРЕСПЕ ҚОЗДЫРҒЫШЫ 1. 2. – – – Классификациясы Анықтамасы Анаэробиоз механизмі Газды гангренаның қоздырғыштары – Морфологиясы – Дақылдық қасиеттері – Ферментативті қасиеттері – Антигендері – Лабораториялық талдау схемасы, дифференциациясы – Патогенділік факторлары – Клиникасы – Профилактикасы, емі Сіреспе қоздырғышы – Морфологиясы – Дақылдық қасиеттері – Ферментативті қасиеттері – Антигендері – Лабораториялық талдау схемасы, дифференциациясы – Патогенділік факторлары – Клиникасы – Профилактикасы, емі
Жоспары 3. Ботулизм – Морфологиясы – Дақылдық қасиеттері – Антигендері – Патогенділік факторлары – Патогенезі – Лабораториялық диагностикасы – Профилактикасы, емі
АНАЭРОБТЫ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ Анаэробты инфекция – анаэробтар тудыратын жұқпалы ауру, жалпы интоксикациямен, тіндік некрозбен, олардың ыдырауымен сипатталады. Әдетте анаэробты инфекцияны жарақат инфекция деп түсінеді, бірақ анаэробтар кез-келген ағзалар мен тіндерді зақымдай алады. Анаэробты инфекция қоздыратын облигатты анаэробтар 2 топқа бөлінеді: спора түзетін бактериялар (клостридиялар) және спора түзбейтін бактериялар (клостридиялды емес анаэробтар). Clostridium туыстастығының өкілдері тудыратын жарақат инфекциясы - (C. perfringens А, В, С, D, Е, F типтері, C. novyi, C. ramosum, т. б. ) газды гангрена деп аталады. Негізгі ауру қоздырғышы А типті клостридиялар.
АНАЭРОБИОЗ МЕХАНИЗМІ Анаэробтар O 2 қолданбайды , өйткені оларда цитохром және цитохромоксидтер жоқ. Анаэробтар H 2 O 2 ыдыратпайды, өйткені каталаза және пероксидаза ферменттері жоқ. Анаэробтарда H 2 O 2 жинақталуы мүмкін өйткені, оларда сутектің асқын тотықты дисмутаза ферменті болмайды.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: Тұқ. Bacillaceae Туыс. Clostridium Түрі. Жиі кездесетіндер: Cl. perfringens Cl. novyi Cl. septicum Сирек кездесетіндер: Cl. histolyticum Cl. bifermentans Cl. ramosum Cl. sporogenes ГАЗДЫ ГАНГРЕНА
ГАЗДЫ ГАНГРЕНАНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ: Ауырсынатын ісіну Жалпы интоксикация Тіндегі газ көпіршіктері Жағымсыз иіс Полимикробты ауру “Қатерлі ісік”
Cl. рerfingens A, B, C, D, E, F- 70 -80% 1. Ірі грамм(+) капсула түзетін таяқшалар. Талшықтары жоқ, қозғалмайды, белгілі жағдайларда ортада, А типі субтерминальді споралар түзеді. Әртүрлі штамдардың жасушалары бірбірінен қалыңдығы мен ұзындықтары бойынша ажыратылады. мысалы қысқа қалың таяқшалар және 6 -8 ошақты дақылдарда Гр(+), жасуша қыры үшкірленген, жіп тәрізділер, метилен көгімен және басқа бояулармен жақсы боялады. Ескі жасушалар Гр(-) болып өзгереді. Олар метилен көгін қабылдамай фуксинмен боялады.
2. Өсуі 3 -8 сағ. кейін газ түзе жүреді. Агарда 4 колония түрлері: S-тегіс, домалақ, күмбез R-бұдыр M-шырышты D-ергежейлі 3. Агар бағанасы - “жасымық” “аэроплан” тәріздес. 4. Желатин, ет, сүт – протеолизі дейді. 5. 12 токсиндер және энтеротоксин: α, β, δ, θ, ε, κ, λ, γ, µ, s, ι, ή Ферменттер: лецитиназа, коллагеназа, коагулаза, гиалуронидаза, ДНК-аза Жоғары протеолиттік белсенділік тән. 6. Тіннің езілуі, ісінуі арқылы жүретін қалталы кең аумақты жараларда полимикробты процесс дамиды. Бөлінетін токсин, фермент сау тіннің коагуляциялық некрозын тудырады. Зақымдалған тіндерде қайта жаңа микробтардың көбеюі жүреді, бұл процесс үзіліссіз. Тромбоз және тамырлардың зақымдалуы. Интоксикация. Ісіну, тіндерде -
Вируленттік факторлары Биологиялық әсері Негізгі Токсиндер Альфа токсин (лецитиназа С) Дерматонекрозды, гемолитикалық және летальды әсер етеді Бета токсин Некрозды және летальды әсер; гемолитикалық әсері жоқ Эпсилон токсин Летальды әсер және гемолитикалық белсенділігі бар (қой эритроциттерін бұзады) Йота токсин Дерматонеркозды, летальды және гемолитикалық әсер (қой мен жылқы эритроциттерін бұзады) Энтеротоксин Летальды әсер етеді Дельта токсин Гемолиз Тета токсин Гемолиз, цитолиз Каппа токсин (Коллагеназа, желатиназа) Летальды және некрозды әсер Лямбда токсин (протеиназа) Некрозды әсер Мю токсин (гиалуронидаза, ДНКаза) Тіндердің өткізгіштігін жоғарлатады, Ню токсин Дезоксирибонуклеаза, гемолитикалық және некроздық әсер Минорлы токсиндер
Белгі Қозғалғыштығы Ферментациясы: Глюкоза Левулеза Лактоза Сахароза Галактоза Мальтоза инулин маннит дульцит салицин глицерин крахмал Ұйытылған сарысу Гемолиз Лакмустық сүт Бензидині бар агар C. perfringens + + + +/+/+ +/+/ҚГ, 3 -16 сағ. кейін ұйытылады -
CL. novyi -A, B, C, D (Cl. odematiens) 1. Ірі таяқшалар. Агарда 48 сағ. соң «R» колония түзеді – кейбіреулері «төселетін» өсу береді, гемолиз. Д типі эритроциттерді бұзбайды. Агар бағанасы - «линзалар» немесе «мақта түйіндері» . 4. Сахаролиттік белсенділігі (глюкоза, мальтоза, глицерин) индолды түзбейді. 5. Летальді жіне некрозды әсері бар альфатоксин –бұл капиллярлы. Лецитиназа, гемолизин, липаза газ түзбейді. Зақымдалған бұлшық ет тінінде желатинді ісік, шірік иісі бар серозды сұйықтық. Газ жоқ.
Cl. Septicum A, B, C, D, E, F. Орташа пішінді таяқшалар. 2. Агарда 48 сағ. соң R- колония түзеді. « төселетін» өсім береді. 3. Агар бағанасы = « жасымық» , « жүрекше» 4. Летальді, некрозды және гемолизді әсерлі қышқылға төзімді альфа-токсин түзеді. Альфа, бета-токсиндер ДНҚаза қасиеттеріне ие, γтоксин (гиалуронидаза), δ-токсин О 2 лабильды гемолизиннің қасиеттеріне ие. Бұлшық еттерде үлкен ісік пайда болады. 5. Тіндердің үлкен ісігі дамиды. Олар қызыл түсті. Кесілген жерінен қанды көбікті сұйықтық бөлінеді. Тағамдық улану тудыруы мүмкін.
Cl. Histolyticum (18% жағдайда) 1. факультативті анаэроб. 2. Агарда алғаш S-колониялар түзіледі, сосын олар R-пішінге ауысады. 3. Агар бағанасында = « жасымық» және «үлпіршек» 4. Летальді және некроздық әсерлі альфатоксин түзеді. бетта-токсин – гистолизин. Протеиназа, гемолизин және т. б. Цитолиз 5. Бөлінетін токсиндер тіндердің толық ыдырауын тудырады, сүйек тінінің ыдырауына дейін және аяқ – қолдардың үзіліп түсуіне әкеледі.
Cl. fallax. Жарақаттан 1 -4% жағдайда бөлінеді. Соңдары дөңгелектенген кішкене таяқша. Перитрих. Капсула және овальді немесе субтерминальді споралар түзеді. Дақылдану: қатаң анаэроб, қарапайым орталарда өседі, жалпақ, мөлдір шеттері тегіс емес, кейін кедір-бұдырлы болатын колониялар түзеді. Агарда бағаналы майда колониялар түзеді. Ферменттік белсенділігі: Микроб белсенді – глюкозаны, мальтозаны, лактозаны және т. б. ыдыратады. Желатинді және үйыған сарысуды ыдыратпайды. Индол жіне күкіртсутек түзбейді.
Cl. sordelli Овальді центральді немесе субтерминальді орналасқан споралы үлкен емес қалың таяқша. Перитрихтар. Грам(+). Дақылдануы: микроб қатаң анаэроб болып табылмайды. Жұмыртқа сарыуызы, сүт, қан қосылған орталарда өседі. Сәл шығыңқы тар гемолиз аймағымен қоршалған R-пішінді колониялар. Агарда бағана бойына жүрекше тәрізді колониялар
Cl. sordelli Ферментті белсенділігі : глюкозаны, мальтозаны ыдыратады , индол, күкіртсутек түзеді, желатинді және ұйыған сарысуды баяу ыдыратады. Токсигенділігі. Патогенезі : Микроб жоғары белсенді летальді альфа-токсин, лецитиназа гемолизин, гиалуронидаза және басқа ферменттер түзеді. Бұлшықет тінінде көбейе қансырауды, ауа көпіршіктерін тудырады. Үдемелі серозды-фибринозды ісік, бұлшықет тіндерінің некрозы, нерв түтігінің дегенаритивті өзгерістері түзіледі. Ішкі ағзаларда қан айналым бұзылыстары және ошақты некроздар пайда болады.
2. Физикалық және химиялық факторларға тұрақтылығы. Clostridium perfingens қоршаған орта факторларынан тез бұзылады (бірнеше сағат). Прото токсиндер әлдеқайда төзімді болып келеді, кейбір активсіз түрлері қайнатуға да төзімді болып табылады(30 мин. -1 сағ. )Өліктердің ішектеріндегі токсиндер өзінің белсенділігін бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін сақтайды.
Физико-химиялық факторларға клостридиум перфингенстің төзімділігі штаммдардың өзіндік арнайылығына байланысты: Бұл микробтардың вегетативті пішіндері оттекті ауа, күн сәулесі, жоғарғы температура, негіз, қышқыл, спирт, дезинфекциялаушы заттар және антибиотиктердің әсерінен тез өледі.
С, Д және Е типті перфингенс клостридияларының спораларын 15 -30 мин. қайнату арқылы өлтіреді. Ал, А типті штаммдарының споралары термостабильді болып табылады, олар 1 -6 сағат қайнатуға және автоклавтауға төзімді. Мұндай споралар қоршаған ортадан тағамдық өнімдер өндіруге арналған шикізат орталарына түсуі мүмкін және олар ұзақ өңдеуге төзімді болып табылады. Белгілі жағдайларда споралардың өсу қабілеті жоғарлайды.
3. Газды гангренаның лабораториялық диагностикасы. Газды гангренаны бактериологиялық зерттеу үшін экссудат, науқастың жарасының өзгерген тін бөлігін және венадан қан алады. Өліктік материалдарды мүмкіндігінше тез алу керек, өйткені өлік тініне асқазан-ішек жолдарындағы әртүрлі анаэробты микроорганизмдер енуі мүмкін. Бүкіл алынған материалды герметикалық жабылатын шыны ыдысқа салып, тез арада бактериологиялық лабораторияға жеткізеді. Барлық сынамалар микроскопиялық тексеруден өтеді. Ол үшін. Жағынды жасап Грам әдісі бойынша бояйды. Сынамада ірі Гр(+) тақшалардың болуы клостридиялық инфекцияға болжау ретінде негіз бола алады.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР Тығыз материалды стерилді майдалайды, қан және экссудатты 30 мин центрифугалайды. Зерттелетін материалды қанды агарға Вильсон-Блэр ортасына және бензидинді агарға себеді. 37°С анаэробты жағдайда инкубациялайды, күмәнді колонияларды анықтау үшін әрбір 2 күн сайын бақылайды (7 тәулікке дейін).
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР Қанды агарды гемолиздейтін күмәнді колонияларды тазалығына және грамоң таяқшалардың болуына тексереді және сұйық казеиндісаңырауқұлақтық ортада немесе анаэробты Кит-Тароцци ортасына себеді. Бөлінген таза дақылдарды токсигендік және вируленттікке тексереді. Сондайақ лабораториялық жануарларда биологиялық сынақ жүргізеді. (тышқан, теңіз шошқасы).
Қ- қышқыл С- ұйынды Ппептонизаци я Г- газ Клостридиялардың биологиялық қасиеттері И Н Д О Л Микробтың түрі C. Perfingens C. Novyi C. Septicum C. Histoliticus C. Tetani C. Botulinum - Моч е в Гемолиз и н а Сүт өзг еруі Қозғалғ ышт ығы Желат инд і Сұйық Крахмал ортада глик газ олизі + - + + + + - КГС КСП КС П - + + + ? + ? - Нашар П
Сіреспе- ОЖЖ қозғалтқыш жасушаларын зақымдап, тоникалық және клоникалық сіреспе тудыратын жедел инфекционды ауру. Cl. Tetani (tetanos- сіреспе) – мекен ету ортасы (жануарлар мен адамдардың ішектері), топыраққа түсіп, онда көбейіп, спора түзеді.
Сіреспе қоздырғышының морфологиясы Сіреспе қоздырғышы – бұл ұзындығы 48 мкм және ені 0, 3 -0, 8 мкм, ұштары жұмырланған қозғалмалы таяқшалар. Ірі споралар түзеді, соның нәтижесінде «барабан таяқшалары» , «теннистік ракетка» пішінге ие болады. Талшықтары бар, қозғалмалы. Барлық анилинді бояулармен жақсы боялады. Грам әдісі бойынша оң боялады, бірақ ескі дақылдарда Грам теріс даралары кездеседі. Споралары терминальды орналасады, домалақ сирек овальды.
Сіреспе қоздырғышының резистенттілігі Сіреспе бактерияларының вегетативті түрлері температураның және химиялық агенттердің әсеріне тұрақтылығы төмен. Ал спораның тұрақтылығы әлде қайда жоғары. Ылғалды ортада споралар қайнатқанда 0, 51 сағатта өледі. Құрғақ жағдайда споралар бұдан да жоғары температураға төзе алады, 115 °С тек 20 мин жойылады. Ал төмен температураға мүлде сезімтал емес. Олар 40 -60 °С-та жылдар бойы сақталуы мүмкін,
Сіреспе қоздырғышының резистенттілігі 1%-сулема немесе 5% карбол қышқылының ерітінділерінде споралары тек 8 -10 сағ соң жойылады. Күн сәулесінің әсерінен споралар тек өте ұзақ мерзімнен соң өледі. Күн сәулелерінен қорғаныста болып, топырақта және сыртқы ортаның әртүрлі заттарында споралар ондаған жылдар бойы сақталады. Анаэробиоз жағдайда 37 °С температурада, қажетті ылғалдылықта және анаэробты бактериалардың қатысуымен споралар дамып келе жатқан вегетативті түрлеріне дейін жетіледі.
ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Сіреспе қоздырғышы – қатаң анаэроб және оттегіге өте сезімтал. Микроб глюкоза, бауыр бөлшектері, бұлшықет бөліктері бар (Кит. Тароцци) сұйық қоректік ортаның тереңінде жақсы өседі. Сіреспе таяқшаларын дақылдандыру үшін Мартен сорпасын (ет-пептонды сорпа+глюкоза қосындысы+соданың сілтілі ерітіндісі), Вейнберг ортасы (етті агар).
ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Қоректік орталар бейтарап немесе әлсіз қышқылды реакциялы болуы керек. Сұйық ортаның бетіне вазелин майын құяды және дақылды себер алдында «сулы моншада» 10 -15 мин қайнату арқылы оттегіні жояды. Өсудің оптимальді температурасы 35 -37 °С.
ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Тығыз қоректік ортада (қанды бауырлық агарда) сіреспе таяқшалары тек оттгеі толық жойылған кезде өседі. 35 -37 °С температурада 2 -4 тәулікте агарлы табақшада мөлдір немесе сәл сұрлау 2 -5 мм бұдырлы, бұтақталған колониялар түзеді. Қанды агарда колониялар гемолиз аймағымен қоршалған болады. Пробиркадағы қиғаш агарда - микроб жұқа, агардың беткейіне бағытталған қиын байқалатын жіптәрізді өсінділер. Желатин бағанасында - 5 -6 күннен соң шырша тәрізді, желатинді ыдыратпай өседі.
Биохимиялық қатынаста сіреспе қоздырғыштары аз белсенді, сахаролиттік және протеолиттік қасиеттерге ие. Антигендік қасиеті – сіреспе қоздырғышы антигендік қасиеті бойынша біркелкі емес. Топтық соматикалық О-антиген және түрспецификалық талшықтық Нантигендеріне бөледі және сол арқылы 10 серологиялық вариантын ажыратады. олардың барлығы спецификалық токсин өндіреді.
Патогенділік факторлары Негізгі патогендік факторы - экзотоксин Экзотоксин бактериялық удың ең күштілері болып табылады. Әсері жағынан тек ботулизмдік токсиннен төмен. Токсин құрамында көмірсулар жоқ, протеинге жатады. Тұрақсыз, қыздыруға, күн сәулесі мен сілтілік ортаға төзімсіз, тез бұзылады. Асқазан-ішек жолдарының ферменттері және энзим токсинді бұзбайды. Бірақ асқазанның шырышты қабығы арқылы сіңе алмайды, сондықтан ауыз қуысы арқылы түсуі қауіпсіз болып табылады. 37 -38 °С температурада термостатта формалиннің әсерінде болған токсин бір тәуліктен соң улылығын жоғалтады, бірақ антигендік қасиеті сақталады. Бұндай жолмен алынған анатоксин сіреспеге қарсы белсенді иммунизация үшін қолданылады.
Патогенділік факторлары Экқотоксин компоненттері: - Тетаноспазмин нерв тінін зақымдайды (функционалды блокатор). Синапстағы тежегіш нейромедиатордың жұмысын басады, ол өз кезегінде нерв ұштарының жоғары қозғыштығына және бұлшықет тырысуын дамытады. - Тетанолизин эритроциттерді лизистейді, кардиотоксикалық қасиеті (мембранотоксин) бар.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖҰҒУ КӨЗІ: -топырақ -шаң СІРЕСПЕНІҢ ЖҰҒУ МЕХАНИЗМІ жарақаттық, артифицирленген СІРЕСПЕНІҢ ДАМУ ШАРТЫ- жараның топырақпен ластануы, өлі тін, анаэробты жағдай
Науқас ағзасында сіреспе таяқшасының орналасуы Тек ену қақпасында Жаңа туған нәрестелерде сіреспенің ену қақпасы – кіндік жібі Босанған әйелдерде сіреспенің ену қақпасы – жатырдың шырышты қабығы.
Лабораториялық диагностикасы Зерттеу материалы: зақымдалған тіндердің бөлшектері, жараның бөліндісі, қан. 1. Микроскопиялық әдіс 2. Бактериологиялық әдіс 3. Биологиялық әдіс (тышқандарға жұқтыру арқылы)
Лабораториялық диагностикасы Жарақаттан алынған зерттеу материалдары: Ірің, тін бөлшектері, бөгде заттар, киім бөлшектері, таңу кезінде қолданатын тампондар, жара бөліндісі бар таңу материалдары. Туу немесе түсік кезінде сіреспені анықтау үшін қынап және жатыр бөліндісін зерттейді. Ал жаңа туған нәрестелерді сіреспеге тексеруде кіндік бөліндісін зерттейді. Өліктен сіреспені анықтау үшін жарадан, қабыну ошақтарынан материал алынады. Сіреспенің кейбір кездерінде инфекцияның жайылуы болады. Қоздырғыш ішкі ағзалардан табылады, сондықтан өліктен қан және бауыр, көкбауыр бөліктері алынады. Материалды зерттеу сіреспелік токсинді және сіреспе қоздырғышын анықтау үшін жүргізіледі.
СІРЕСПЕЛІК ТОКСИНДІ АНЫҚТАУ: Зерттеу материалын стерилді табақшаға жаяды, физиологиялық ерітіндінің екі еселік көлемін құяды. Материалдың жартысын сұйық қоректік ортасы бар 2 флаконға себеді. Жануарларда бейтараптау реакциясын жүргізу үшін зерттеу материалын бүлшықет ішіне 2 тышқанға 0, 5 мл-ден салады. Тағы 2 тышқанға осы дозада 0, 5 мл ден сіреспегеқарсы сарысу енгізеді. Токсиннің мөлшеріне қарай жануарларда сіреспе симптомдар бірінші немесе екінші тәулікте дамиды. Токсин және сіреспеге қарсы сарысу енгізілген жануарларда симптомдар тумайды. Бұл дегеніміз - зерттеу материалында сіреспе токсині бар.
СІРЕСПЕЛІК ТОКСИНДІ АНЫҚТАУ: Бейтараптау реакциясымен қатар жайылған материалды қоректік ортасы (Мартен сорпасы, Вейнберг сорпасы) бар 2 флаконға немесе 2 пробиркаға вазелин майы астына себеді. Қоректік ортаға себер алдында оттегіні шығару үшін 15 мин қайнатады, одан соң 40 -50 °С дейін суытады және оған 0, 5% глюкоза қосады, Дақылдандырған соң 35 °С температурада 2, 4, 6 және 10 тәулікте жағындыны микроскопиялайды және дақылдық сұйықтықты сіреспелік токсинге зерттейді. Ол үшін сіреспеге қарсы сарысумен бейтараптау реакциясын жүргізеді. Себіндіде сіреспелік токсин және үлкен споралары бар грамоң таяқшалар анықталса онда нәтижесі оң.
Иммунитеті- ауырғаннан кейін жеткілікті иммунитет қалыптаспайды, ұзақ мерзімді (вакцинациялауға байланысты) антитоксикалық иммунитет түзіледі. Алдын-алу: АКДС, АДС 3 -айлық балаларға қолданады Белсенді иммундеу үшін: Секстанатоксин. Егулер арнайы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі (әскери адамдар, жер қазушылар)
Пассивті иммунитет үшін – сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині (ПСЧИ)-Безредка әдісі бойынша жүргізеді Жарақаттанған, күйген, үсікке үшыраған және т. б. адамдарды сіреспеге қарсы шұғыл вакцинациялайды.
Емдеуі: Антибиотиктер (метранидазол, цефалоспорин, клиндамицин, эритромицин, левомецитин) мен бірге хирургиялық ем жүргізеді (барлық некрозға ұшыраған тіндерді алып тастау).
C. botulinum A, B, C, E, F, G Botulus – шұжық Ботулизм –ауыр тағамдық токсикоинфекция
Морфологиясы Қозғалатын ұшы жұмырланған таяқша пішінді Споралары «теннис ракеткасына» ұқсас терминальды немесе субтерминальды орналасады Капсула түзбейді, перитрихтер. Грам оң
Дақылдандыру Қатаң анаэроб Қанды агарда – пішіні линза тәрізді майда сұр немесе сары түсті мөлдір колониялар түзеді. Гемолиздейді.
Антигендері Н-талшықтық топспецификалық Аг О-соматикалық типоспецификалық.
Эпидемиологиясы Негізгі иесі – топырақ және жануарлар Аса қауіпті тағамдар – үйде даярланатын ет, балық және өсімдік консервілері.
Патогенділігі C. botulinum летальды ақуызды нейротоксин түзеді. Бұл токсин келесі компоненттерден тұрады: нейротоксин, гемагглютинин, токсикалық емес ақуыз. Токсин өндіруі жасушаның лизогенизациясымен байланысты, яғни гемотоксин өндірілуін басқаратын фаг болуына байланысты. Бұл токсин барлық биологиялық улардың ішінде ең күштісі.
Патогенезі Токсин тағаммен бірге – АІЖ – ішек – қан – жұлынның алдыңғы мүйіздері – бұлшықеттерде сал туғызады. Жүйке-паралитикалық көріністер – жұтынудың бұзылысы, дисфагия, офтальмоплегиялық синдром. Көз, жұтқыншақ және көмей бұлшықеттерінде сал туғызады. Ботулизм, жаралық ботулизм, нәрестелердің ботулизмі.
Лабораториялық диагностикасы Зерттеу материалы: тағам қалдықтары, қан, нәжіс, несеп, құсық, секциялық материалдар. 1. Бактериологиялық әдіс 2. Биологиялық әдіс – тышқандарда бейтараптау реакциясы.
Емдеу Ботулизмге қарсы антитоксиндік сарысу Алдын ала сақтану: - Ботулиндік полианатоксин - Үй жағдайында консервілер және тағамдар дайындау технологиясын дұрыс сақтау.
3 анаэробтар правильный.ppt