айдос пат.pptx
- Количество слайдов: 14
Патофизиология модулі Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Орындаған : Серікбай А. Ж Тобы: 14 -02 Тексерген: Құттыбаев А. Д. .
Жоспары: Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Этиологиясы Патогенезі Асқынуы Аурудың клиникалық көріністері Емдеу шаралары
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) — бұл азқазан немесе он екі елі ішектегі ас қойыртпағының спонтанды, қайталамалы түрде өңешке лақтырылып отыруына негізделген және оның төменгі бөлігінің зақымдануына алып келетін созылмалы рецидивті ауру түрі.
Этиологиясы Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының дамуына келесі себептер ықпалдасады: Төменгі өңеш қысқышының межеқуатының төмендеуі. Өңештің өзінөзі тазарту қасиетінің төмендеуі.
Рефлюктанттың зақымдаушы әсері, яғни өңешке лақтырылатын асқазан немесе он екі елі ішектегі ас қойыртпағы. Шырышты қабықтың рефлюктанттың зақымдаушы әсеріне қарсы тұра алмауы.
Асқазанның химустан босау бұзылысы. Құрсақтық қысымның жоғарылауы. Өңештің төменгі өңеш қысқышы тұсында тарылуы, осы жағдай созылмалы гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының асқынуы болып саналады.
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының дамуына сондай-ақ келесі өмір сүру ерекшеліктері де әсер етеді, олар: стресс, кеуде торының майысуын талап ететін мамандық түрлері, семіздік, жүктілік, шылым шегу, тағамдық жайттар (майлы тағам, шоколад, кофе, жеміс-жидек шырындары, алкоголь, ащы тағамдар), сондай-ақ дофаминнің перифериялық концентрациясын жоғарылататын препараттарды (фенамин, первитин, фенилэтиламиннің туындылары) қолдану.
Патогенезі Кезбе жүйке тонусының Гастрин мөлшерінің төмендеуі, өңеш төмендеуі перистальтикасының төмендеуі Қысқыштың тегіс салалы бұлшықетінің 1 -лік бұзылысы ТӨҚ тонусының төмендеуі Асқазан немесе 12 -елі ішектегі ас қойыртпағының өңешке өтуі Өңешті рефлюктанттың ұзақ уақыт бойы зақымдауы (тазалану «өңештік клиренс» бұзылысы, р. Н-тың 4 5, 5 -7, 0 -ден 4, 0 -ге дейін төмендеуі), ондағы дегенеративті-қабынулық өзгерістер Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (рефлюкс-эзофагит)
Асқынуы ГЭРА Баррет өңеші (дисплазия) Баррет өңеші (метаплазия) Өңештің мүйізделмеген тегіс цилиндр тәрізді эпт толуы Аденока рцинома
Клиникалық көріністері Науқастардағы клиникалық көріністері типті және атипті болуы мүмкін. Типті әйгіленімдер: қыжыл (адамның дене қалпына байланысты, еңкейгенде, жатқанда, ауыр жұмыс кезінде, асты артық қабылдағанда күшейеді), дисфагия, жүрек айну, құсу, жағымсыз дәмді кекірік (қышқыл және ащшы). Атипті әйгіленімдер: кеуде торындағы кардиальді емес ауыру сезімі (әсіресе жұтыну кезінде), астан кейін эпигастральды аймақтағы ауырлық сезімі, жөтел, ауыз қуысынан шыққан жағымсыз иіс, ұйқы кезінде шектен тыс саливация (сілекей бөліну), дауыстың қарлығуы (көмейдің қабынуы).
Емдеу шаралары Емдеу мақсаты: ГЭРА әйгіленімдерін жою. Эзофагитті емдеу. Аурудың қайталануы мен оның асқынуларының алдын алу.
Емдеу түрі: Медикаментозды емес емдеу: көбіне этиотропты. Медикаментозды емдеу: антацидтер (Маалокс, Фосфалюгель, Гаст ал), алгинаттар (Гевискон), прокинетиктер (домперидон), гистаминнің Н 2 -блокаторлары (ранитидин (Ранитидин, Ранисан), фамотидин (Квамател, Гастросидин, Фам отидин)), протондық насостың ингибиторлыры (омепразол, ланзопразол). Хирургиялық емдеу әдісі.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. http: //www. smed. ru/guides/ Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь (ГЭРБ) (справка для врачей). 2. Патофизиология том-2, под редакцией академика РАМН В. В. Новицкого, академика РАМН Е. Д. Гольдберга, профессора О. И. Уразовой
айдос пат.pptx