"Park Hotel" қонақүйі
«Park Hotel» қонақүйі Орал қаласында Шаған өзені жағалауында орналасқан. Төрт жұлдызды қонақүй кешені болып саналады. Қала орталығына, темір жол қатынасына және әуежайға жақын орналасқан
Екі қабатты мейрамхана 200 -250 орындық, банкеттік зал 300 орындық, жабдықтал ған мәжіліс залы 100 адамға, караоке зал 30 орындық, финн саунасы, түрік моншасы, массаж кабинеті, жылыту және өздігінен тазарту жүйесі бар жабық бассейнмен жабдықталған. Яғни, мұнда жан мен тәннің жайлығы үшін барлық жағдай жасалған
Аймағында волейбол және баскетбол алаңдары, теннис, футбол алаңы орналасқан. Қысқы кезеңде шана және шаңғы, коньки ұсына алады.
Тәулігіне тұру құны: Стандартты нөмір - 16 300 теңге; корпоративтік бағасы - 13 900 теңге. Бір адамға тәулігіне тұрғаны үшін қосымша ақы нөмірі: Кәдімгі - 2000 теңге, корпоративтік - 1700 теңге. Стандартты нөмір екі орынды - 18 000 теңге; корпоративтік бағасы - 15 300 теңге. Жетілдірілген стандарт - 18 700 теңге; корпоративтік бағасы - 15 900 теңге. Люкс нөмірі - 31 200 тенге; корпоративтік бағасы - 26 500 тенге.
• "Park Hotel « мейрамханасы • Телефон: 53 -01 -45 — Орал, Самал шағын ауданы • Сайт: parkhotel. kz/ru/restoran. html • E-Mail: info@parkhotel. kz
Назарларыңызға рахмет