Presentation1.pptx география.pptx
- Количество слайдов: 12
Париж
Ел Франция Статусы Астана Аймақ Иль-де-Франс Департамент Париж Координатасы Координаттар: 48° 52′ 00″ с. е. 2° 19′ 59″ ш. б. (G) (O) (Я) Ішкі бөлінісі 20 округ Мэр Бертран Деланоэ Құрылған уақыты III ғ. б. э. б. Бұрынғы атауы Лютеция, Сите Жер аумағы 105, 4 км² Орташа биіктігі 33 м Тұрғыны 2 233 818 [1] адам (2010) Тығыздығы 20 909 адам/км² Шоғырлануы 12 672 000 Этнохороним париждік Уақыт белдеуі UTC+1, жазда UTC+2 Телефон коды +33 1 Пошта индекстері 75001— 75020, 75116 INSEE коды 75056, 75101— 75116 Ресми сайты http: //www. paris. fr (фран. ) Ортаққордағы санаты Ту Таңбасы
Тарихы Тарихи деректерге сүйенсек қала Филлип Август королінің тұсында ғана өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты Нотр Дам де Пари қолға алынса керек. В. Гюго оны «Париж - құдай аналарының соборы» деген атпен әлемге әйгілі етті. Атақты Лувр 1204 жылы салына бастап, сол тұста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салынған. Климаты Париж климаты қоңыржай, теңіздік.
Сәулет өнері Эйфель мұнарасы бүкіләлемдік көрмеге арналып 1889 жылы салынады Парижде әлемге әйгілі Г. Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарай, ЮНЕСКО ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, Сен. Женевьев кітапханасы, т. б. бар. Парижде болған адам көп архитектуралық ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп жатады. Сондай бағзы мұралардың бірі - Сен-Мартен арнасы (каналы). Су арнасының (каналдың) үстіне ұзақ жылдарда көптеген көпір тұрғызылып, әрқайсысы өзгеше сәулет туындысына айналды. Тұтастай алғанда бір-бірінен бөліп жарғысыз айшықты өнер ансамбелін құрайды. Тұрғындардың айтуы бойынша қаланы Сен-Мишель бульварынан бастап аралау керек. Бұл жер француз жастарының сүйікті орны. Бульвардан таяк тастам жерде Люксембург сарайы бар. Мария Медичидің әмірі мен салыған әсем ғимарат Еуропа сәулет өнерінің ғажайып туындысы ретінде әлемге белгілі. 1977 жылы Парижде елеулі оқиға болды. Тобур көшесінде Ұлттық театр ашылды, оған Жорж Помпидудың есімі берілді. Театрда сурет галереясы, көрме залдары, аса бай кітапхана, грамжазба жинағы бар. Театр үйінің жобасына халықаралық байқау жарияланғанда 681 үлгі келіп түсіпті, солардың ішінен итальян Р. Пьяно мен ағылшын Р. Роджерстің жобалары таңдалып алынған. Енді, міне, биіктігі 50, ұзындығы 150 ені 50 метр ғажайып ғимарат Париждің мақтанышына айналып отыр. Сондай-ақ әлемге әйгілі Елисей алаңы да осында. «Суретті кітап көрмесі» . Францияның транспорт желісінің барлығы Парижден магистралінен бастау алады. Дүние жүзіндегі ең жүрдек (экспресс) поезд Париж—Бордо бағытында 350 км. жылдамдықпен жүреді.
Ғимараттың үлкен жетістігі 1889 — 1930 жылдар арасында ең биік құрылыс Жалпы мағлұмат Түрі обсерватория, теледидар және радио тарату Орналасуы Париж, Франция Құрылысы басталды 1887 Құрылысы аяқталды 1889 Ашылған уақыты 31 наурыз 1889 Биіктігі Антеннаның төбесі 324. 00 м Шатыры 300. 65 м Ең соңғы қабат 273. 00 м Техникалық сипаттамасы Қабаттар саны 3 Лифтілер 9 Дизайны мен құрылымы Иемденуші Париж әкімшілігі Басқарушы орган Société d'Exploitation de la Tour Eiffel (SETE) Сәулетшісі Гюстав Эйфель
Эйфель мұнарасы (фр. Tour Eiffel) - Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды. Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. 2007 жылы Эйфел мұнарасының 120 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырылып, мұз айдыны жасалынды.
Эйфель мұнарасын Марс алаңында құрастыруға екі жылдан астам уақыт кеткен. Сол кездегі ең биік деп саналған Хеопс пирамидасы (137 м), Кельн шіркеуі және Ульм шіркеуінен (167 м) екі есе биік болған. Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады. Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифті істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар. Мұнараны бір мезгілде 10400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі
Густав Эйфель Мұнараның алғашқы эскизі. Морис Кёхлен, 1884 жыл Оның атын өзін жасап шыққан конструкторы Густав Эйфельдің құрметіне қойған. Г. Эйфельдің жобасы 700 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылып, конкурсты жеңіп алады. Густав Эйфель «Бостандық статуясының» темір құрылысын ойлап тауып жасаған, кейіннен оны Франция Америкаға сыйға тартты. Бүгінде ол АҚШтың символына айналып шыға келді.
Эйфель мұнарасының құралымы Алып мұнара француздардың туындай үшке бөлінген. Алғашында оның бірінші қабатында мейрамханаға қажет бөлмелер, екінші қабатында лифтіні көтеруге арналған су қоймасы мен әйнек галереясындағы мейрамханалар орналасады. Ал үшінші қабатында астрономиялық және метеорологиялық обсерватория және физика кабинеті болған. Эйфель мұнарасының бірінші бөлігі – 57 м биіктікте, екінші бөлігі – 115 м, ал үшіншісі – 274 м биіктікте орналасқан. Бүгінде оның әрбір қабатында барлар мен мейрамханалар және бақылау алаңдары бар. Оның ең үстіңгі қабатында маяк орналасқан. Оған түскен прожекторлардың жарығы 70 шақырым жерден көрініп тұрады. Мұнара басында физиктер жердің тартылыс күшінің принциптерін зерттеген, теңізшілер уақытты айырған. Оның төбесінен 140 шақырымға дейінгі аймақты шолуға болады.
«Құбыжық скелет» Кезінде Ги де Моппасан Эйфель мұнарасын «құбыжық қаңқаға» теңеген. Ол оны жек көргені сондай, франcуз элитасын оған қарсы қойып, оны қайтадан құлатып тастауға атсалысқан. Француз жазушысы: «Мен Эйфель мұнарасын көрмес үшін Эйфель мұнарасының ішінде отырып, мейрамханада тамақтанамын. Өйткені бұл мұнараның Парижден көрінбейтін жері өзінің іші ғана болып тұр» - деген. – деген.
Мұнараның алғашқы эскизі. Морис Кёхлен, 1884 жыл
Назарларыңызға рахмет!!!
Presentation1.pptx география.pptx