Патан_.pptx
- Количество слайдов: 14
Пайдаланылған әдебиеттер: 1)Ж. Ахметов “Патологиялық анатомия” 2)Струков “Патологическая анатомия” 3) "Патологическая анатомия" под редакцией Шишкова В. П. ,
ЖОСПАРЫ 1)Лимфа айналымының бұзылуы жайлы түсінік. 2)Лимфа жүйесінің жеткіліксіздігі. 3)Лимфаайналымы жеткіліксіздігінің морфологиясы. 4)Лимфаның іркілуі мен лимфа тамырларының кеңеюі. 5)Лимфедема. 6)Лимфаррея және хилоторакс. 7)Тканьдік сұйықтық мөлшерінің өзгеруі.
Лимфа айналымының бұзылуы оның жеткіліксіздігімен бейнеленіп, бірнеше формада көрініс бере алады. Лимфа жүйесінің қызметі- қан мен ткань аралығындағы метоболизмнің тепетеңдігін қамтамасыз ету және тканьдерден су менжоғары молекулалы заттарды(белоктарды, эмульсияға айналған липидтерді т. б)сіңіріп, дренаждау(шығару). Оның дренаждық қызметі түрлі себептерден зақымдалуы мүмкін.
Лимфа жүйесінің жеткіліксіздігі Динамикалық жеткіліксіздік Механикалық жеткіліксіздік Резорбциял ық жеткіліксіз дік
Механикалық жеткіліксіздік лимфа ағысына кедергі жасап, оны іркілтетін факторлардың әсерінен дамиды. Оларға лимфа тамырларының қысылуы мен бітелуі, лимфа түйіндерінің, мысалы, рак клеткаларымен блокадасы, көкірек өзегі мен лимфа түйіндерін экстрипациялау, лифа таырлары қақпақшаларының жеткіліксіздігі жатады. Динамикалық жеткіліксіздік капилярдағы фильтрацияның үдеуінен пайда болады. Бұның салдарынан лимфа тамырлары сусіңділік сұйықтарын интерстицийден шығарып үлгере алмайды. Резорбциялық жеткіліксіздік тканьдер белоктарыңың биохимиялық дисперциялық қасиеттері өгеріп немесе лимфа капилярларының өткізгіштігі бәсеңдеп, тканьдерде гі сұйықтықтардың іркілуінен өрістейді.
Лимфаайналымы жеткіліксіздігінің морфологиясы Лимфаайналымы жеткіліксіздігіне: Лимфа іркілуі мен лимфа тамырларының кеңеюі Лимфаайналымы коллатеральдары мен лимфа капилярларының, тамырлары ның өзгере құрылуы Лимфангиэктазиялардың қалыптасуы Лимфедема даму Лимфаның стазы мен белок куагулянтта
Лимфаның іркілуі мен лимфа тамырларының кеңеюі лимфа ағысы бұзылуының бастапқы көріністері болып табылады. Олар лимфаны алып кететін тамырлардың басым көпшілігінде кедергі пайда болғанда дамиды. Онда капилляр мен тамырды лимфа кернеп, олар жұқарып, кеңейген қуыстарға айналады(лимфангиэктазия). Ли мфа алып келетін тамырлардың біразы шодырая кеңейеді(лимфа тамырларының варикозды кеңеюі).
Лимфедема Лимфа айналымы декомпенсацияланып, лимфагендік сусіңділену, яғни лимфедема байқалады. Лимфедема(гр. oidao ісінемін)біраз жағдайда жедел дамыса да (жедел лимфедема), көбінесе созылмалы ағымды болады. Оның жедел түрінің де созылмалы түрінің де жалпы және жергілікті түрлері бар. Жедел ағымды жалпы лимфедема сирек, мысалы, бұғанаасты веналарының екеуін де тромб бітегенде байқалады. Созылмалы ағымды жалпы лимфедема-созылмалы ағымдық веналық іркілуге, яғни қанайналымының созылмалы түріне тән.
Лимфаррея және хилоторакс Лимфедемадан дамыған лимфаның стазының салдарынан лимфа тамырларында белок коагулянттары(тромбтары)түзіліп, сонымен қатар лимфа капиллярлары мен тамырларының өткізгіштігі артып, тіпті ол жыртылып, лимфаррея(лимфаррагия)байқалуы мүмкін. Лимфаррея лимфа қоршаған ортаға ағатын лимфаррея және лимфа тіндері мен іш қуыстарына құйылатын-ішкі лимфаррагияға жіктеледі. Хилездік асцит пен хилоторакс ішкі лимфарреяға байланысты. Хилездік асцит ішкі қуысының органдарында лимфаның асқынған веналық іркілуден немесе ішек пен шажырқайдың лимфа тамырларының зақымдалуынан іш қуысына хилездік сұйықтық(құрамында майы көп лимфа)жиналуы. Хилездік сұйықтық сүт тәрізді, ақ түсті. Хилоторакс-көкірек лифа өзегінің тромбпен бітелуіне немесе ісікпен қысылуынан хилездік сұйықтықтың кеуде қуысына жиналуы.
Тіндік сұйықтықтың мөлшерінің өзгеруі Тіндік сұйықтықтың мөлшері қан мен лимфа айналымы және тамыр мен тін аралығындағы өткізгіштіктің деңгейіне тәуелді. Тіндік сұйықтықтың мөлшерін нейро гуморальдық механизмдер реттейді, әсіресе альдестерон мен гипофиздің антидиурездік гормонының маңызы зор. Тіндік сұйықтықта белок аз және ол клеткаларда белок коллоидтарымен, ал дәнекер тінінде негізгі заттың белоктармен, гликоамингликандармен қосылыс түзеді. Сұйықтықтың негізгі бөлігі клеткааралық затта.
Тіндік сұйықтықтың көбеюінен сусіңділену(оттек) немесе шемен қалыптасады. Тіндер мен дененің қуыстарында сусіңділік сұйықтығы, немесе транссудат жиналады. Терінің шел клетчаткасында сусіңділік сұйықтығының жиналуы-анасарка, Үлпершекке-гидротерикард Кеуде қуысына-гидроторакс Іш қуысына –асцит Аталық без қабықшаларының қуысына-гидроцеле. Жұлын ми сұйықтығының ми өарыншаларында жиналуы-гидроцефалия деп аталады.
Сусіңділенуді дамытатын факторлар тамыр-жүрек жүйесінің ақаулары, аллергиялық сырқаттар, кейбір инфекциялар мен улы заттардың әсері, бүйрек, бауыр, ішек аурулары, жүктілік патологиясы сияқты көптеген жағдайлар мен сырқаттарда қалыптасады. Сусіңділену венаның тромбозынан, лимфаның іркілуінен, нервтік трофика бұзылғанда, жарақаттанғанд а қабынудан қалыптасады
Сусіңділену жүректік аллергиялық токсиндік дистрофиялық травмалық кахексиялық қабынулық невроздық бүйректік
Лимфа айналы мының бұзылуы
Патан_.pptx