
ОЗ 3.pptx
- Количество слайдов: 3
Отбасы денсаулығы – мемлекет денсаулығы Үкіметі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «Ана мен бала денсаулығын сақтауға арналған іс-шараларды іске асыру туралы» тақырыбында баяндама жасады. Өз кезегінде С. Қайырбекова ана мен бала өлімінің көрсеткіштері мемлекеттің бәсекелестігі ғаламдық индексінің негізгі өлшемі ретінде қарастырылатынын атап өтті.
Соңғы уақыттары ел Үкіметі ана мен бала денсаулығын жақсартуға қатысты көптеген іс-шараларды қолға алып отырғаны белгілі. Оған төмендегі мәліметтер дәлел бола алады. Соңғы жылдары елімізде өмір сүру ұзақтығы 2, 5 жылға өскен. Ал мемлекеттік бағдарламамен 2015 жылы 70 жасқа жету қарастырылған. Ал кейінгі 10 жылда елімізде туу көрсеткіші 1, 3 есе көбейіп, халықтың табиғы өсімі 2, 1 есе артқанын айта кетуіміз керек. Министр ханым 2013 жылдың 1 жартыжылдығында республикада ана өлімінің көрсеткіші 15, 2 пайызға, ал бала өлімінің көрсеткіші 17, 7 пайызға кемігенін алға тартты. Ана мен бала өлімінің көрсеткішінің төмендеуі әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар әсер еткені даусыз. Бүгінде әрбір өңірде перинаталдық орталықтардың және балалар ауруханаларының базасында жүкті, босанған әйелдерге және балаларға медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуы бойынша оқу орталықтары жұмыс істеуде. Босандыру және балалар ұйымдарының 80 пайыздан астам медицина қызметкерлері халықаралық стандарттар бойынша оқытылды. Неонатальдық және педиатриялық көмек те біршама жақсарған. Білім және практикалық дағдыларды бағалау үшін Астана және Алматы қалаларында республикалық орталықтар жұмыс істеп жатқанын айта кетуіміз керек.
Үш жылда республикада кезең-кезеңмен балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізілуде. Бүгінгі күні еліміздің 10 өңірі вакцинаның осы түрін егуде. 2015 жылға дейін пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялаумен барлық өңірлер қамтылмақшы. Бұл шаралар елімізде балалар өлімін 20 пайызға азайтуға мүмкіндк беріп отыр. Қазақстанда қабылданған алғашқы медициналық-санитарлық көмек моделі шеңберінде профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерімен Отбасылық денсаулық орталықтары құрылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ҮЕҰ белсенді қатысуымен жастар орталықтары, «Саламатты отбасы» орталықтары және бейінді «Денсаулық мектептері» құрылды. Атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижелерін тәуелсіз сараптамадан өткізу үшін БҰҰ ведомствоаралық сараптама тобы шақырылды. Сарапшылар Үкімет тарапынан атқарылып жатқан кең ауқымды шараларға оң баға беріп, бала өлімі объективті тіркелетінін айқындады.
ОЗ 3.pptx