
MO_13027 (1).pptx
- Количество слайдов: 27
Отарлық империялардың құрылуы Орындаған: Кашкинбекова А. Орындығын: Кашкинбекова А Тексерген: Сембаева Г. М Халықаралық қатынастар 13027
Жоспар: • 1. Отарлық империялардың құрылуының жалпы сипаты • 2. Португалия мен Испанияда отарлық империялардың пайда болуы • 3. Голландия мемлекетінде отарлық саясаты • 4. Англия отарлық империяның пайда болуы • 5. Францияда отарлық империяның пайда болуы • 6. Қорытынды • 7. Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны: Отарлық империялардың құрылуынын жалпы сипаты: • XV ғасырдың соныңда Америка мен Индияға теңіз жолдары ашылғаннан кейін Еуропа елдерінде Еуропа емес елдерді жаулап алу басталды. XVI және XVII ғғ аралығында Еуропа отарлары Африка жағалауларын, Улкен және Кіші Антиль аралдарын, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американы және оңтүстік жартылай аралдарды, Азия аралдарын жаулап алды. • XVIII ғ отарлар саны көбейіп Австралия мен Океанияға дейін жетті, XIX ғ Еуропа мемлекеттері Африканы бөлініске салды.
• Жаңа кезеңде отарлық империялардың құрылуы халықаралық қатынастардың бір бөлігі ретінде есептелді. • XVI- XIX ғғ аралығында Еуропа мемелекеттерінің сырты саясаты мен дипломатиясы жаңа территорияларды жаулап алуға және оларды кеңейтуге бағытталған болатын. Сондықтан отарлау саясаты көптеген ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен рөл ойнады. • XIX ғ 1 жартысында отарлау саясатының құрамы мен жүйесі өзгерді. Қомақты реформалар енгізілді. • 1833 ж құлдықты жою туралы жарғы Англияның отарлы мемлекеттерінде ұлтшылдық ығыстыру режимінің орнауына әкелді.
Метрополия экономикасына ауыл шаруашылығы қажет болған соң Үндістан мен Цейлонда плантациялар салынды. Ол Англияны шаймен, мақтамен, табакпен қамтамасыз етті.
XIX ғ. 30 жылдарында голландықтар Индонезияда «мәжбүрлі мәдениет жүйесін» енгізді. Осы жүйе арқылы метрополиялар үлкен табыс көздеріне ие болған. 500 жылдың ішінде Отарлау саясаты көптеген өзгерістерге ұшыраған еді: Біреуі жаңа территорияларды иемденсе, екіншілері олардан айырылып отырды, үшіншілері болса айырылған территорияларының орнына жаңаларын иемденді.
2. Португалия мен Испанияда отарлық империялардың пайда болуы Алғашқы Отар мемлекеттер Португалия мен Испания болды. Олар жерді меридиан арқылы бөліскке салған болатын. XV ғ. Европа ақша металлы алтынға зар еді. «Алтын қажеттілігі» Испания мен Португалияны мұхиттің аржағына итермеледі сол себепті жаңа географиялық ашулар жасалып алғашқы отар мемлекеттерді жауланды.
Ірі мемлекеттер қатарына жатпаған Португалия, бар болғаны 1 млн халқы бар, әскері жоқ мемлекет жерлерді жаулап алу үшін өз жүйесін құрады. XV ғасырда Африка жағалауларына және аралдарына ие болады. Индияға, Америкаға теңіз жолдары ашылған соң Португалия Африка жағалауларында, Индияда және Зонд аралдарында, Бразилияда берік тұрақтанып алады. Бірақ кейін осы иеліктерінің жартысынан айырылып қалады. 1580 ж Португалияны Испания королі II Филлип басып алды.
XV ғ ортасында Испания Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде үлкен империя құрады. Испан конкидасторлары қару күшімен және алдау жолдарымен Мексиканы және Перуды оңай жаулап алады. Ал Аустралия жерлері ашылған соң Испания территориясы үлкейе түсті. Алғашқы кезеңде Испания өз отар жерлерін тек қолданып, тонаса кейіннен олар басты табыс көзіне айналды. XVIII ғ Испания ең үлкен отар империясына айналды. Ал Америкада Испания иеліктері үлкейген еді. Ол Миссури өзенінен солтүстік Магелланова бұғазына жеткен еді. Сонымен қатар Испания иеліктеріне Куба, Пуэрто- Рико, Филлипины және Океания аралдарына ие болатын.
• Испания өз отарларында жабық саясатты жүргізуді жөн көретін. Бірақ феодалдық заңдарға сүйенген абсалюттік Испания экономикалық тұрғыдан ондай саясатты жүргізе алмады. Испания билігіне Англия мен басқа ұлы державалар бөгет болғысы келеді. • XIX ғ басында Испанияның өз отарларында билігі азая бастады. • Напалеонның Испанияға басып кіруі және Испан Америкасындағы тәуелсіздік үшін қозғалыстар Испан империясын толығымен құлатады. • Мексика, Гватемала, Сан-Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Колумбия, Венесуэла, Эквадор, Перу, Боливия, Чили, Аргентина, Парагвай и Уругвай өз тәуелсіздіктерін алады.
• Осы себептердін әсерінен XVIII ғ Испания мен Португалия империялары толығымен жоқ болады.
3. Голландия отарларының пайда болуы • Жаңа кезеңде Голландия алғашқы отар мемлекетке айналады. Өз теңіз флотына сүйене отырып жаңа территорияларды жаулап алады. Осы саясат Голландиянын басқа ұлы державалармен қарымқатынастарына қарамақайшы болды. • Голланд отар империясы Голландияның Испания ықпалынан шыққанан кейін күшейе бастады.
• Бастапқы кезеңде Голландия Африканың оңтүстігіне, Ост-Үнді аралдарына, және Америкаға кейіннен Аустралияға бағыт алады. • Кейін Англиямен соғыста Африкадағы жарты жерінен айырылып қалады, бірақ оның орнына Ост-Үнді жерінің үлкен аймағына ие болады. Голландия Ост-Ундісі немесе Нидерланд ОстҮндісі деп аталған Индонезияға алғашқы рет 1595 жылы сауда экспедициясы жіберіледі. Осы экспедициямен Индонезияда Голландия отарлығы құрылады.
• 1619 ж Голланд Ост-Үнді компаниясы Джакуртаны басып алады, сонымен қатар Португалияны Жапониядан ығыстырып осы мемлекетпен өз сауда қарым-қатынасын бастайды. • 1638 -58 жж Португалиямен соғыстан кейін Голландықтар Цейлонды өзіне қаратады. • Ал 1641 жылы голландық Ост-Үнді компаниясы оған дейін Протугалияға қараған Маллаконы басып алады. Осы аймақ арқылы голландықтар Индонезиямен сауданы бақылауға, Қытай мен Жапонияға кіруге мүмкіндік алады.
• XVII ғ 1 жартысы Голланд отарлық гегемониясының кезеңі болды. Осы ғасырдыңортасында Голландия теңіз құрушылықтан, теңіз флотынан және саудадан әлем бойынша бірінші орында болды. • XVII ғ Голланд колонизаторлары Индонезия халықтарын өздеріне бағындыру үшін ештенеден тайынбады. Ост-Үнді компаниясының тырысуының арқасында Ява аралы әлемге ең үлкенқұл сату орталығына айналды.
4. АНГЛИЯ ОТАРЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. • . Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені — болашақ отар Виргиния жерінде, 1607 жылы мамырда Джеймстаун форты құрылған еді. 1625 жылы таққа отырған ағылшын королі I Карл Виргинияны корольдық отар деп жариялап, онда өзінің губернаторын тағайындады Виргиниядағы саяси билік, қоғамдық құрылым мен әлеуметтік қатынастар басқа отарлар үшін үлгі боларлықтай еді. Толық құқылы азаматтарға (фримендер) губернатор басқарған отарлық әкімшілік мүшелері және орта тап — джентрилер, компания акционерлері мен ауқатты тұрғындар жатты. Төменгі топты жеті жылға келісімшартқа қол қойған адамдар — сервенттер (лат. зегиапі — құл) құрады. Отарлар үш түрге бөлінді: корольдық, жеке және қауымдық (корпоративтік) меншік. Виргиния (1607) және Нью-Йорк (1664) корольдық отарларға жатқызылды. Отарлар жоғары меншік иелеріне — корольға немесе лордқа белгілі мөлшерде салық төлеп
Елдің ңегізгі бөлігін (80%) фермерлер құрады. Қиыр шеттегі фермерлер патриархаттық шаруашылық жүргізді. Массачусетстегі жер иеленушілер XVII ғасырдың өзіңде жекеменшік иелері болды, себебі олар квитрента (корольға ңемесе лордқа салық) төлемеді. Жаңа Аңглиядаң оңтүстікке қарай орңаласқан меншіктік отар фермерлері қиын жағдайда болды, ал ұсақ жалға алушылар (жалгерлер) оларға тікелей тәуелді болды. Сонымең қатар Америкада скваттерлік — қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз еркімен иелену тәсілі дамыды. Бұл жағдай жерге деген толық құқықты бұзды. Америкада басқарудың олигархиялық түрі орнықты. Биліктің заң шығарушы жәңе атқарушы болып бөлінуі қалыптасты. Еркін қоңыс аударушылардың өмір сүру деңгейі орта дәрежедегі еуропалықтан жоғары болды. Еуропа соғыстан көз ашпады, ал қоныс аударушылар тыныш өмір сүрді. Олар Англия және басқа да еуропалық елдердегі сияқты әскерді, король отбасын және ақсүйектерді қаржыландыруға жұмсалатын салықтарды төлеуден босатылды. XVII ғасыр мең XVIII ғасырдың бірінші жартысыңда метрополия тұрғыңдарына қарағаңда қоныс аударушылардың артықшылықтары болды. Метрополия отарлардың қорғаңыс шығындарын да өзі ала бастады. Америка қоғамының алғашқы даму сатысының маңызды ерекшелігі — адам өзінің жеке еңбегі мен кәсіпкерлігінің жемісін пайдаланды. Американы отарлау құл саудасы және үндістерді тонаумен қатар жүргізілсе де, америкалықтардың ңегізгі бөлігі меншікке өздерінің табанды еңбектерінің арқасыңда қол жеткізді. Сөйтіп, олардан орта тап қалыптасты. Еркін қоныс аударушыларды метрополия билігіне бағындыру қиын болды. Бостандық пең құқыққа қысым жасаушыларға төзімсіз қатынас қалыптасты. Экономикалық, саяси және діни бостандықтарды иелене отырып, америкалықтар олардың кеңейтілуіне және нығайтылуына мүдделі болды.
• Британдық Үндістан • 17 ғасырдың бас кезінде Үндістанда ағылшындық Ост-Үндістан мен голландтық Біріккен Ост-Үндістан компаниясы (1600, 1602 жылы құрылған) түрінде еур. сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен теңіз саудасын жүргізу монополиясын тартып алып, елде факториялар сала бастады (Үндістандағы бірінші ағылшын факториясы 1613 жылы Суратта пайда болды). 17 ғасырдың 2 -жартысында француздық Ост-Үндістан компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды. Үнді көпестерінің көмегімен ағылшындар, голландықтар мен француздар үнді өндірісінің тауарларын сатып алып, оларды Еуропаға ғана емес, Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т. б. елдерге жеткізді. • Ұлы Моғолдар империясы билеушілерінің арасындағы өзара үздіксіз жүргізілген тақ таласы ағылшын және француз Ост-Үндістан компанияларының Үндістанға сауда экспансиясымен қатар әскери экспансияға да көшуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Ұлыбритания мен Франция Үндістан рыногы үшін өзара күрес жүргізді. 1746 — 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандап, Бенгалияны жаулап алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке түсірді. 1767 — 1799 жылдары Оңтүстік Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық Ост-Үндістан компаниясының иеліктеріне қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына ығыстырылған ұсақ князьдіктер ағылшын бодандығын мойындады. Делиден айрылған (1803) Ұлы Моғолдар империясы ағылшындық Ост-Үндістан компаниясына бағынышты болды. 1775 — 1818 жылдары ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін жойды, 1814 — 1826 жылдары Гималай тауларының оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 — 1849 жылдары Пенджаб қосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті.
Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70 -жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 — 1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті. 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909 жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды. Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді. 1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті.
5. ФРАНЦИЯДА ОТАРЛЫҚ ИМПЕРИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ • Испания, Португалия, Голландия отарларынан кейін Франция отарлығы бой көтереді. Ол XVIII ғғ үлкен иеліктерге ие болады. Оның қарамағына: Канада, Луизиана, Гаити, кіші Антиль аралдары және Гвиананың бір бөлігі қарады. • Кардинал Решелье отарлы мемлекеттер Францияны ең мықты, ең бай мемлекет ретінде қалыптасу үшін маңызды бөлігі ретінде қарайды.
• XVII ғ ортасында Қасиетті Лавриентия өзенінің жағасында Жаңа Франция отар мемлекеті құрылады. • Франция отарлы мемлекеті құрылғаннан бастап Франция мен Англия арасында қақтығыстары басталады. • 1664 ж ол қақтығыстар одан бетер жиелене түседі. Оған себеп болған ағылшындықтардын голландықтарды жеңіп Жаңа Франциямен көршілес орнауы. Осы кезден бастап Англия мен Францияның арасында бір жарым ғасырға созылған бәсекелестік басталады.
• Солтүстік Америкадағы ағылшын колониялары тез дамып және халық саны кобейсе, Франция отарларында ондай жылдамдықпен дамып өскен жоқ еді. • Франция Америкадағы отарларды аң терісінің көзі ретінде көрді және осы терілерді табу үшін Ұлы Өзен мен Миссисипи алапына дейін жетеді. Осы жерлерді Сан-Луина мен Жана Орлеан форттарын салады. • 1664 жылы Франция Ост және Вест-Инд компаниялары құрылады. XVII ғ осы компаниялар Индияның кей аймақтарын, Чандернагор және Пондишерині басып алады, және осы жерлерді толық жаулап алу үшін ағылшындармен соғыса бастайды.
• Кейін Франция өз иеліктерінің көбінен айырылып қалады. Канада, Нью-Фаундленд және ост-инд компанияларының жартысы Англияның қолына көшеді. • Луизиана алдымен Испанияға көшсе кейіннен Америка қарамағына көшеді. • Гаити мен Сан-доминго өз тәуелсіздіктерін алады. • Осы кезде Франция өз иеліктерінін көбінен айырылып қиын жағдайда қалады.
ҚОРЫТЫНДЫ: • Қорытындылай келе Отарлау саясаты Еуропаның ұлы державаларының сыртқы саясатының ең маңызды бөлігі екенін көреміз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: • 1. ИСТОРИЯ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ • В НОВОЕ ВРЕМЯ. Под общей редакцией профессора К. И. Байзаковой • 2. http: //kk. wikipedia. org/wiki/ • 3. http: //kk. wikipedia. org/wiki • 4. ИСТОРИЯ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ И ВНЕШНЕЙ ПОЛИТИКИ. Под общей редакцией профессора Ж. У. Ибрашева
MO_13027 (1).pptx