BT_Zhetistikteri.ppt
- Количество слайдов: 14
Отандық биотехнология жетістіктері халық игілігіне Тобы: БТ-31 Орындаған: Игілікова Г. Ж. Қабылдаған: Қартбаева Г. Т
Жоспар: І. ІІІ. ◦ ◦ ІV. V. Кіріспе Биология ғылымдарының докторы, профессор А. Садановтың жүргізген зерттеулері Ізденіс нәтижесі Ризовит-АКС Казбиосил Биотехнология жетістіктері Бақылау сұрақтары
Қазақстанда Жер шарындағы топырақ түрлерінің түгелге жуығы дерлік кездеседі, сондықтан да, елімізде аграрлық секторды дамытудың мүмкіндіктері мол. Мемлекеттік саясат та аграрлық саланы дамытуға арналған жаңа технологияларды енгізуді өз бағдарына алған. Алайда, Үкіметтің белсенді қолдауына қарамастан Қазақстанның кейбір өңірлерінде топырақтың жарамдылығы төмендеп, егістік өнімдері жылдан-жылға азайып бара жатқанын байқауға болады, яғни, біз, қарапайым шаруалар, диқандар топырақ микробиологиясының әлеуетіне арқа сүйеуіміз керек.
Биология ғылымдарының докторы, профессор А. Саданов бастаған бір топ авторлар – С. Айткелдиева, Н. Гаврилова, И. Ратникова, У. Ыдырысова, В. Кан, Е. Шорабаев бірнеше жылдардан бері зерттелген іргелі ізденістерінің нәтижесін қолданбалы практикаға жалғастыруы арқылы өндіріске бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімін арттыратын «Ризовит-АКС» , мал азықтарын сүрлеуге арналған «Казбиосил» , мұнай және мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластанған топырақтарды тазартуға арналған «Бакойл–KZ» атты бірқатар биологиялық препараттарды енгізу арқылы дәлелдеп отыр. Профессор: Амангелді Саданов
Авторлардың ұзақ жылдар бойы тынымсыз ғылыми ізденісі нәтижесінде топырақты азотпен байытатын «Ризовит-АКС» биопрепараттары жасалды. Қазақстандық ғылымның өндірістегі ірі жетістігіне баланатын бұл препараттарға бүгінде сұраныс көп. Өйткені, жаңа препараттар қалдықсыз технология ретінде де маңызға ие. Бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімін арттыруға арналған «Ризовит-АКС» биопрепаратын Алматы облысының Сарқан, Алакөл аудандарындағы жеке шаруашылықтары тәжірибеге енгізді.
Бұл препаратты қолдану өте ыңғайлы. Бұршақ тұқымдас дақылдардың (соя, жоңышқа, түйе жоңышқа, бұршақ және тағы басқа) дәндерін себер алдында препаратпен өңдеп барып сепкен жағдайда жылына әр гектарынан 5 -6 центнер қосымша өнім алынады. Сонымен қатар, егістік алқаптардың топырағында 200 -300 кило таза биологиялық азот топырақта жиналады. Демек, бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін ауыспалы егістікте өндіретін дақылдардың азотқа деген қажеттілігін кемінде 2 -3 жылға дейін қанағаттандырады. Яғни, минералдық азот тыңайтқыштарын пайдаланбай-ақ жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.
Мал азығының сапасын арттыратын «Казбиосил» препараты Қазақстанның барлық өңірлерінде кеңінен пайдаланылуда. Үкімет жүктеген мал шаруашылығын дамыту әрі жетілдіру тапсырмасын жүзеге асыру үшін сапасы, қоректілігі жоғары мал азығы қажет. Жылдан жылға жайылымдар мен шабындықтардың жетіспеушілігінен мал азығын дайындау қиынға соғып отыр. Аманкелді Саданов бастаған ғалым-авторлар бұл мәселенің де шешімін тауып, мал азығын сүрлейтін тиімділігі өте жоғары жаңа отандық «Казбиосил» препаратын өндіріске кеңінен енгізді. Бұл препараттың тиімділігі, біріншіден, бір тонна өсімдікке баржоғы 1, 5 – 3 грамм қажет; екіншіден – сүрленген азықтың қажеттілігі артып, төрт түлік оның 98 пайызға дейінгі мөлшерін пайдаланады; үшіншіден – өсімдік құрамындағы барлық қоректік заттар 85 -90 пайызға дейін толықтай сақталады. Ал кептірілген шөпте қоректік заттар мөлшері 40 пайызға дейін жоғалып кетеді. Сонымен қатар, сүрленген азықпен қоректенген малдардың өнімі де артады, сүт сауылымына 0, 5 литр қосылып, майлылығы 0, 1 пайызға дейін көбейеді.
Аталған биопрепаратты қолданысқа енгізуі экологиялық сауықтыруға пайдаланылып келген шетелдік, ресейлік технологияны нарықтан тықсырып, отандық биопрепараттың алға шығуына жол ашты. Атырау мен Маңғыстаудағы топырақтың құнарлылығын арттыру үшін бұрын Ресей мен Белоруссияның технологиясы пайдаланылатын. Аманкелді Садановтың басшылығымен шығарылған жаңа технологиялардың маңыздылығы – түкке жарамсыз болып қалған жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтірумен қатар, қоршаған ортаның саламаттылығын арттыруға да үлкен мүмкіндік тудырып отырғанында. Атырау облысының өзінде мұнаймен ластанған 200 мың гектар аумақ бар. Аталған препараттар арқылы осы аумақты төгілген мұнайдан тазартып, қайта гүлдендіріп, жазира мекенге айналдыруға мүмкіндік мол.
Бақылау сұрақтары: Дақыл өнімділігін арттыру жұмыстары кімнің бастауымен жүрді? Зерттеу нәтижесінде қандай биопрепараттар жасалып шықты? Ризовит-АКС биопрепараты алғаш рет қай жерде тәжірибеден өтті? Казбиосил препараты 1 тонна өсімдікке қанша мөлшерде қосылады? Атырау облысының өзінде мұнаймен ластанған қанша гектар аумақ бар?
Назарларыңызға рахмет!
BT_Zhetistikteri.ppt