философия 11.pptx
- Количество слайдов: 12
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті.
Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді.
Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П. Я. Чаадаев, Ф. М. Достоевский, Н. И. Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі
Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдықсаяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40 -60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П. Я. Чаадаев (1794— 1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады.
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А. И. Герцен, Н. П. Огарев, К. Д. Кавелин, Н. Г. Чернышевский, Т. Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В. Г. Белинский, И. С. Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.
Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады.
Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.
1) 2) 3) 4) 5)
Назарларыңызға рахмет!
философия 11.pptx