8_d_1241_ris.ppt
- Количество слайдов: 26
Орыс философиясы. Марксизм философиясы Жоспар: ò 1. Орыс философиясының ерекшелігі ò 2. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс ò 3. Марксизм теориясының пайда болуы және алғышарттары ò 4. Маркстік философияның негізгі мәні. Диалектикалық және тарихи материализм 1
Бағыттары: Декабристік Славянофильдік Діни және монархиялық Батысшылдық Революциялықдемократиялық Либералдық Орыс космизмі
Декабристік философияның өкілдері – П. Пестель, Н. Муравьев, И. Якушкин, И. Киреевский және тб. Олар әлеуметтік-саяси мәселелерді шешумен айналысты. Батысшылдық - Ресейді “еуропашыландыруға” насихаттаған бағыт. Өкілдері – А. И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. П. Огарев, В. П. Боткин тб. Славянофильшілдік – Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Өкілдері- А. С. Хомяков, Ю. Ф. Самарин, А. Н. Островский, ағайынды К. С. мен И. С. Аксаковтар.
Діни -монархиялық философияның мақсаты – оппозицияға тойтарыс беру, христиандық орталық құру. Ұраны: “Православие, самодержавие, халықтық”. Өкілдері –. В. Федоров, К. Н. Леонтьев. Революциялық-демократиялық бағытының өкілдері – Н. Г. Чернышевский, М. А. Бакунин, Н. К. Михайловский, П. Л. Лавров, Г. В. Плеханов.
Владимир Сергеевич Соловьев (18531900) - орыстың діни, христиандық философы, ақын, бүткілбірлік ілімі мен біртұтастық білімнің негізін салушы. Бүткілбірлік – әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі. Онтологиядабүткілбірлік: игілік-ақиқат-сұлулық. Гносеологияда –біртұтас білім жүйесі. Біртұтастық білім – ғылым, философия және діни сезімнің бірлігі, синтезі. Сұлулық-сезім, ақиқат – ойлау, игілік –ерік арқылы танылады.
Орыс космизмі философиясы – ғарышты, қоршаған дүние мен адамды бірегей, бірліктегі өзара байланысқан біртұтастық деп ұғыну. Өкілдері: В. И. Вернадский, К. Э. Циолковский, Н. В. Бугаев, А. Л. Чижевский.
Николай Александрович Бердяев- (1874 -1948)орыс философы, экзистенциалист, оны орыстың Гегелі деп те атайды. Шығармалары: “Өзіндік таным”, “Еркін рух философиясы”, “Адам тағлымы туралы”, “Ресей тағдыры” тб. Дүниетанымы: ü “соборлық” – рух пен ерік бірлігі – адам тіршілігінің негізі; “орыс идеясы”. Бердяевті еркіндік философы деп атайды. Ол еркіндікті болмыстан жоғары, бұрын санайды. Еркіндікте дүниенің тылсым табиғаты жатыр. Құдай еркіндікті қалайды, сондықтан дүние трагедияға толы. Дүниенің басталуы да, аяқталуы да, еркіндікте. Еркіндік қажеттіліктен туындамайды, керісінше қажеттілік еркіндіктен туындайды.
Марксизм — 19 ғасырдың 40 жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің мақсаты- қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.
Маркстік философияның қалыптасу кезеңдері Кіші гегельдік Фейербахшылдық Маркстік 9
Маркс Карл Генрих (1818 -1883) Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) — 19 -шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі, революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы. 1835 — 1841 ж. Бонн, кейіннен Берлин университетінің заң факультетінде білім алды. 1842 ж. “Рейн газетінде” редактор болды. 1845 ж. Брюссельге көшіп келіп, 1848 — 1849 ж. Еуропада өткен төңкерісшіл қозғалысқа белсене араласты. 1867 ж. Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1 -томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3 томдары Энгельстің, ал 4 -томы К. Каутскийдің редакциялауымен 10 жарияланды.
Карл Маркс (1818— 1883) философия мен саяси экономия саласыңда екі жаңалық жасады: Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну Капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім Өндіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстық өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік саяси және рухани процестерді туғызатыңдығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өңдіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өңдірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өңдіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терендеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революиия ғана шеше алады. Ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. 11
Фридрих Энгелс (1820 жылғы қарашаның 28 -і – 1895 жылғы тамыздың 5 -і) — неміс революционері және пәлсапашысы. Ол өзінің көбірек белгілі досы және әріптесі Карл Маркспен бірге коммунизм теориясын дамытып, Коммунистік партияның манифесі атты еңбекті жазды (1848). Сонымен бірге Енгелс Маркстың қайтыс болғанынан кейін Капиталдың екінші және үшінші томдарын өңдеп, баспаға әзірледі. Англиядағы табысты өткен уақытынан кейін Енгелс 1844 жылы Германияға қайтуды ұйғарады. Жол жүріп бара батып, ол Парижде кідіріп, бұрыннан бері хат жазысып жүрген Карл Маркспен кездеседі. 1845 пен 1848 жылдардың арасында Енгелс пен Маркс Брюсселде тұрып, қаланың неміс жұмысшыларын ұйымдастырумен айналысты. Сонда келе салысымен олар құпия жұмыс істейтін неміс коммунистік лигасының мүшелігіне кірді. Лига оларға коммунизм идеяларын түсіндіретін бір шығарма жазуды тапсырды. Соның нәтижесінде «Коммунистік партияның манифесі» пайда болды. Ол алғаш рет 1848 жылғы ақпанның 21 -інде жарияланды. Фридрих Энгельс (1820 -1895) 12
Әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттар Маркстік философияның алғышарттары Табиғи – ғылыми алғышарттар Теориялық алғышарттар 13
1. Әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттар Еуропадағы өндірістік революцияның нәтижесінде әлеуметтік құрылыс ретінде капитализм бекіді. Осының салдарынан біріншіден ірі машиналы индустрия, екіншіден өндірістік пролетариат пайда болды. Пролетариаттың саяси күш ретінде саясатқа араласуы. Жалдамалы жұмысшыларды қанау, олардың қарсылығын тудырды. Өз жағдайларын жасау үшін қарсылыққа барды. Көтеріліске шыққан жұмысшылар өз жағдайы туралы ғылыми теорияны қажет етті. Осындай теорияның бірі марксизм болды 14
2. Табиғи – ғылыми (жаратылыстану) алғышарттары Энергияның сақталу және өзгеру заңы. Осыған байланысты бір формадағы қозғалыс түрі басқа формаға ауыса алады. Осыдан жасалған философиялық қорытынды: Материя мен қозғалысты ешкім жасамаған және ешқашан жоғалмайды. Барлық организмдердің құрылымдары клеткалы екендігі. Философиялық қорытынды: барлық тірі ағзалардың ұқсастығы, бірлігі. Оның негізі клетка болып саналады. Эволюциялық теорияның қалыптасуы. Философиялық мағынада бұл теория арқылы органикалық дүниенің эволюциялық жолмен дамуы, адамның қалыптасуының заңдылығы. 15
3. Теориялық алғышарттар Неміс классикалық философиясы: Г. Гегель мен Л. Фейербах. Гегель диалектикасы және Фейербах материализмі Ағылшын саяси экономикасы: А. Смит және Д. Рикардоның буржуазиялық капиталистік экономикалық дамудың зерттеулерін алып, капитализм дамуының негізгі заңдылықтарын ашуы Француздық утопистік социолизм идеясы: Сен-Симон және Ш. Фурье еңбектерінен социолизмдік идеяны қабылдаған 16
Материалдық және қоғамдық болмыстық негізі ретінде экономика мен өндірістің рөлін көрсетті Дүниенің материалистік сипатын жасап ұсынды Барлық философиялық мәселелерді диалектика тұрғысынан қайта қарады(диалектикалық материализм) Маркстік философияда қарастырылған мәселелер Тарих та бір мақсатқа бағытталған заңды үдеріс (тарихи материализм) Адамның, қоғамның, мемлекеттің пайда болуының нақтылы бейнесін жасаған Барлық мәселелерді атеистік тұрғыда қарастыру
Марксизм философиясының орталығында адам мәселесі тұрды, оны ол әлеуметтік тұлға ретінде анықтап берді. “Адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы” Адам жатсыну әлемінде өмір сүреді. Жатсыну- адамнан оған қатыстының ажырауын атайды. Жатсынудың бес формасын көрсеткен. Жатсыну тарихи сипатта және жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде болады. Оны тек коммунизм жағдайында жеңуге болады. Сөйтіп Гегельдің идеалистік диалектикасына қарамақарсы материалистік диалектиканы құрды. 18
Жатсыну формалары: Адамды оның еңбек қызметінің жемісінен жатсынуы Адамнан оның тектік мәнінен жатсынуы Адамды еңбек процесінен жатсынуы МЕН және Ол арасының жатсынуы Адамның табиғаттан жатсынуы 19
• Маркс диалектикасы тарих пен қоғамды түсіндірудің әдісі болды. Энгельс позитивизм мен эволюционизмнің ықпалымен табиғатқа қолданады. Ол, диалектика жаратылыстануға табиғат заңдары мен оның жалпы байланыстарын береді деп көрсетті. Ол диалектиканың үш заңын атап көрсетті: 1. Сандық және сапалық өзгерістер заңы 2. Қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңы. 3. Терістеуді терістеу заңы. Ол бойынша пролетариат буржуазияны терістей келе жаңа қоғамды тудырады. 20
Марксизмнің үш қайнар көзі және үш құрамдас бөлігі Неміс классикалық философиясы Ф. Гегель(1170 -1831) диалектика Фейербах(1804 -1872) Материализм Тарихи материализм және диалектикалық материализм Француз утопиялық социализмі Ш. Фурье (1772 -1837) Р. Оуэн (1771 -1858) Саяси экономиясы Ағылшын экономистері Анри Сен-Симо н (17601825) Ада м Смит (1723 -1790) Ғылыми коммунизм (әділетті қоғам) 21
құл иеленушілік алғашқы қауымдық Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: коммунистік феодалдық капиталистік 22
Коммунистік адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап марксизм социалдемокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды. 23
ХХ ғасырдың бас кезінде социал-демокриялық қозғалыс екіге бөлінді: В. И. Ленин, т. б. бастаған төңкерісшіл бағыт. Э. Бернштейн, т. б. бастаған реформашылдық бағыт 24
В. И. Ленин сол кезеңде капитализм өзінің ең соңғы сатысы өзгеше, қайшылықтары мол қоғам екенін дәлелдеп топшылады. Оның ерекшеліктері үш түрлі: біріншіден, империализм – монополистік капитализм екінші жағынан, паразиттік немесе іріп – шіріп бара жатқан капитализм үшіншіден, ол - өліп бара жатқан капитализм, олай болса, ол – социалистік революция қарсаңы 25
затты жан – жақты алып қарау дамуда қарау В. И. Ленин диалектикалық логиканың төрт принципті бар екеніне тоқталады практика шындықтың тірегі абстракты шындық жоқ, шындық нақты 26