Arkhitektura_zh_1241_ne__1257_ner.pptx
- Количество слайдов: 15
Орындаған: Жылысбаев М. Тексерген: Толегенова
Сәулет өнері» немесе «архитектура» грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді
Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз, Қызылөзен, Құйрықтөбе, Баба ата, Қостөбе қалаларында іргетасы ғана сақталған еңселі тұрғын үйлердің архитектуралық құрылыс жүйелері табылған.
Ақыртас Білеулі VII-VIII ғ. Тараз қаласының 40 км қашықтықта орналасқан Ғимарат белгісіз себептермен бітпей қалған. Құрылыс материалдары тас және пішіні малға шөп салатын ақырғы ұқсас болуына байланысты аталған.
Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес. Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх ауызға алады. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.
Еліміздегі мәдени ескерткіштің бірі Тальхир қаласы биыл ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Қазіргі Алматы облысындағы Талғар қаласының орны орта ғасырда инфрақұрылымы дамыған қала болған.
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамунхалифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен. Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Жоғарыдан түсірілген суреті
Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланып, 10 – 12 ғасырларға дейін өмір сүрген. Суяб 7 ғасырда Батыс Түрік қағандығының, 8 ғасырда Түркеш қағандығының, 8 ғасырдың 2 -жартысынан 10 ғасырдың 1 -жартысына дейін Қарлұқ қағандығының астанасы болды. Оның атақ даңқы да дәл осы ғасырларда бүкіл батыс пен шығысқа мәшїүр болды. Көне қытай жазба деректемелерінде Суяб қаласы Су-е-чэн, Су-е-шуй чэн (Суйаб өзені бойындағы қала) деп аталған. Ол туралы алғашқы мәліметті 627 – 629 жылдары Үндістанға жасаған сапары кезінде Суябқа соғып, Батыс Түрік қағандығының қағаны Түн жабғудың қабылдауында болған
Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғдың 2 -жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстікшығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.
Сонымен VІ-VІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т. б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.
Arkhitektura_zh_1241_ne__1257_ner.pptx