слайд.pptx
- Количество слайдов: 22
Орындаған: Жумакаримова Ақерке Кемел Жібекжан ГИМУ 13 K
Аумағы - 146. 2 мың шаршы метр немесе республика аумағының 5. 4% құрайды. 01. 04. 2009 жылғы жағдай бойынша халқының саны - 739, 4 мың адам, оның ішінде қала халқы - 333 мың (45%), ауылдық жерлердегі халықтың саны - 406, 4 мың адам (55%). Облыс тұрғындарының 2009 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы табиғи өсуі 635 адамды құрады. Халықтың тығыздығы - 1 шаршы метрге 5, 1 адамнан келеді. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы, қаланың іргетасы 1824 жылы қаланды. Облыс орталығының 2009 жылғы 1 сәуірдегі халық саны - 145, 8 мың адам. Облыстың құрамына облыстық маңызы бар 2 қала, яғни, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк және Щучье), 17 ауылдық аудан, 5 кент және 660 ауыл мен село кіреді. Облыс Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батысында - Қостанай, солтүстігінде - Солтүстік-Қазақстан, шығысында - Павлодар және оңтүстігінде - Қарағанды облыстарымен шекаралас. Облыс қомақты экономикалық әлеуетке және табиғи ресурстарға бай. 2008 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 457, 5 млрд. теңгені, ал соңғы үш жылдағы орташа жылдық өсу қарқыны 39% құрады. Адам басына шаққандағы ЖІӨ 206 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 80. 7% өсуімен 614, 3 мың теңгені құрады.
Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері Ақмола облысының 2014 -2018 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (2013 жылғы 2 қазандағы №А-9/424 Ақмола облысының өкімі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік экономикалық дамудың болжамын дайындау Ережелеріне сәйкес дайындалды. 2013 жылы ЖАӨ нақты өсуі болжам бойынша 8, 7 % құралды, 2014 жылы – 10, 1%, 2015 жылы – 11, 4%, 2016 жылы – 13, 2%, 2017 жылы -14, 7%.
Экономикасының бағыты Ауыл шаруашылығы экономиканың басым салаларының бірі болып табылады. Өңірде өндірілетін жоғары сапалы азық-түлік бидайы жалпыреспубликалық көлемнің төрттен бір бөлігін құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамыту үшін шикізат базасы да, мүмкіндіктері де бар. Ауыл шаруашылық саласын дамыту Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және Ауылдық аумақты дамыту бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті тау байыту және қайта өңдеу кәсіпорындарымен ұсынылған және олардағы негізгі күш азық-түлік өнімдерін, машина жасау және түсті металлургия өнімдерін өндіруге тиесілі. Сонымен қатар, молибден өндірісі, химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы дамып келеді. Облыс туристік бизнесті дамытуға өте қолайлы. Демалыс аймақтары индустриалды адам тығыз орналасқан өңірлерге жақындығымен байланысты болатын қолайлы географиялық жерлерде орналасқан. Бірегей табиғи-климаттық жағдайы - жартасты таулы, қылқан жапырақты орман мен қолайлы жағажайлары бар көлдер үйлесім тапқан сұлу ландшафты бар «Бурабай» курорттық аймағындағы Жөкей, Қатаркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Шабақты көлдері ТМД елдеріндегі белгілі курорттармен бәсекелесе алады. Облыстың аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ Еуро-Азиялық құрылықтағы ең бір теңдесі жоқ бірегей орны болып табылатын Қорғалжын Мемлекеттік халықаралық маңызы бар қорық орналасқан.
Ауыл шаруашылығы - өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Ауыл шаруашылығының 2008 жылғы жалпы өңірлік өнімнің құрылымындағы үлесі 18, 1% құрады. Ақмола облысы ең ірі астықты және қазіргі уақытта, сонымен қатар болашақта да астықтың мықты және қатты бидай түрін шетке шығаратын елдің негізгі экспортер өңірлердің бірі болып табылады. Ортажылдық есептеулердегі жалпы астық жиналымы шамамен 4 млн. тоннаны, сондай-ақ жоғары сапалы астықты экспорттаудағы әлеуеті 1, 5 млн. тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өндіріс көлемінің 1/3 мал шаруашылығының өніміне тиесілі. Барлық мал түрлерінің санын және мал шаруашылығының өнімдерін өндіру көлемін жыл сайын тұрақты түрде арттыру қамтамасыз етілуде. Облыс, елдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі ретінде ауыл шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту бойынша нақтылы орын алды. Көрсетілген бағытты дамыту мәселесіндегі облыстың ең бәсекеге қабілеттілік артықшылығы - жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан Астана қаласының төңірегінде орналасуы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі Барлық шаруашылық 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2013 жылға %-бен 2014 жыл шаруашылық кәсіпорындары 108, 9 246, 2 148, 8 231, 6 238, 6 102, 5 41, 6 149, 4 68, 7 128, 1 126, 3 102, 8 9, 2 соның ішінде: 32, 7 19, 3 38, 6 37, 2 100, 8 58, 1 64, 1 60, 8 64, 9 75, 0 102, 7 шаруа немесе фермерлік қожалықтары жұртшылық шарушылығы
2015 жылда ет өндірісінің жалпы көлемінде сиыр еті басым болып және 47, 9%ды құрады, шошқа – 18, 7%, жылқы – 15, 5%, қой – 10%, құс – 7, 2%. 2010 жылмен салыстырғанда жылқы етінің үлесі 24, 5 пайыздық тармаққа артты, құс – 78, 4 пайыздық тармаққа, қой – 31 пайыздық тармаққа. Сиыр етінің үлестік салмағы 29, 3 пайыздық тармаққа, шошқаның – 8, 2 пайызға азайды. Негізгі ет өндірушілер аудандары 2015 жылы: Зеренді – 10 мың тонна (облыстық көлемінен 12, 1%), Ерейментау – 9 мың тонна (11%), Целиноград – 6, 5 мың тонна (7, 9%), Астрахан – 5, 5 мың тонна (6, 6%) аудандары. Жұртшылық шаруашылықтары сүт өндіру жалпы көлемінен 87% өндірді, ауылшаруашылық кәсіпорынды-9, 2%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 3, 8%. 2015 жылы негізігі сүт өндірушілері болып Зеренді (облыс бойынша жалпы өндіріс көлемінің 13, 1%), Ерейментау (9, 7%), Бурабай (9, 4%), Целиноград (8%) және Атбасар (6, 7%) аудандары табылады. 2015 жылы облыста 587, 2 млн. дана жұмыртқа өндірілген, 2010 жылмен салыстырғанда 31, 1% жоғары болды. Соңғы жылдардағы өсуі Аршалы (36, 5%), Еңбекшілдер (36, 3%) және Бурабай (27, 8%) аудандарының шаруашылық кәсіпорындары есебінен болды. Мал шаруашылығы өнімінің өндірісіне әсер ететін мәнді жайттар болып өнімділік және мал азығымен қамтамасыз етілуі табылады.
Өнеркәсібі: Жалпы өңірлік өнімнің 18, 3% тиетін өңірдің өнеркәсіптік кешені негізінен тау байыту саласымен, машина жасау, түсті металлургия, химия және тамақ өнеркәсібімен, құрылыс индустриясымен ұсынылады. Облыстың негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындары: - «Қазақалтын» ТКБК» АҚ және «Васильковск ТКБК» АҚ - алтын өндіру; - «Тыныс» АҚ - авиация техникасының бөлшектері мен агрегаттарын, өрт сөндіру құралдарын, газдықтұйықтау арматурасын, медициналық және өлшем техникасын, полиэтилен трубаларын шығару; - «Степногорск подшипник зауыты» АҚ - темір жол жылжымалы құрамға подшипниктер шығару. Ішкі тұтынудан басқа өнімнің басым бөлігі Ресейге жеткізіледі. - «Бәйтерек - А» АҚ - электровоздарды күрделі жөндеу; - «Степногорск тау-химиялық комбинаты» ЖШС - уран, молибден концентратын өндіру; - «Көкшетау минералды сулары» АҚ - арақ-шарап өнімін, алкогольсыз сусындар және минералды суларды шығару; - «Кам. Аз-Инжиниринг» АҚ - автомобиль техникасын шығаруды ұйымдастыру; - «Өркен-Атансор» ЖШС - темір рудасын өндіру; - «Қазшпал» АҚ - темірбетон құрылымын шығару.
2015 жылда әлеуметтiк салаға 91, 3 млрд теңге қарастырылған (облыс бюджетiнен 53, 4%), соның iшiнде бiлiм беру саласына — 52, 3 млрд. теңге (30, 6%), денсаулық сақтауға — 24, 6 млрд. теңге (14, 4%). Мектеп жасына дейiнгi мекемелер саны — 540 бiрлiк, соның iшiнде 177 бала бақша (о. i. мемлекеттiк — 139, жеке меншiк бала бақшалар саны — 38) және 363 шағын орталық. 189 елдi мекеннен балаларды мектепке тасымалау iске асырылады. 2014 жылдың 1 қаңтарына мектепке дейiнгi мекемелермен 3 -6 жас аралығындағы балалар 89, 5% қамтылған, 1 -6 жас аралығындағы — 58, 4%. Аңықтама үшiн: облыста жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жалпы саны — 613 бiрлiк (о. i. 592 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп, оның iшiнде бастауыш — 79 (12, 8%), негiзгi — 165 (27%), орта — 369 (60, 2%) 264 орынға Красный яр с. № 3 ОМ, 300 орынға № 17 ОМ, 500 орынға № 2 ОМ, Ақан Серi атынағы мәдениет колледжiнiң оқу корпусына және «Облыстық мамандандырылған № 1 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат «Қазақ-түрiк лицейi» 150 орындық асхананысына» ММ. 2015 жылда iске қосылды: - 4 мектеп: Целиноград ауданы Қызылжар селосында 300 орынға, Бұланды ауданы Аққайын селосында, Еңбекшiлдер ауданы Сауле селосында және Зерендi ауданы Шағалы селосында 80 орыннан мектептер; 3 балабақша: Көкшетау қаласында 240 орынға және Целиноград ауданы Қажымұқан мен Тайтөбе селолырында 140 орыннан балабақшалар; Денсаулық сақтау саласында 23 нысанның құрылысы жүргiзiлуде (Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы аясындағы жобаларды есепке алғанда, 2014 жылы 13 нысан iске қосылды). 2015 жылға 10 жобалардың аяқталуы жоспарланған.
Ақмола облысының 2015 -2019 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (2014 жылғы 1 қазандағы №А-9/478 Ақмола облысының өкімі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік экономикалық дамудың болжамын дайындау Ережелеріне сәйкес дайындалды. Ұзақ мерзімдік келешекте аумақтың экономикасын дамытудағы саясаттың басты бағыты аумақ экономикасының тұрақты дамуын оны жеделдете әртараптандыру есебінен индустриализациялау арқылы қамтамасыз ету болады. Экономикалық өрлеудің нысаналы индикаторларына инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізілетін болады. Инвестициялардың 2015 -2019 жылдардағы өсу қарқыны жылына орташа 6% құрайды. Ол технологиялық жаңғыртуды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капитал жиынтығының өсуін қамтамасыз ететін болады. Республикалық және облыстық бюджет арасындағы қарым-қатынастар «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2014 -2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Заңымен анықталған. 2014 -2016 жылдардағы облыстық және аудандық бюджеттер (қалалық бюджеттер) арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі (субвенциялар мен алып тастаулар)жылдар бойынша: 2014 жылға- 22 611, 4 млн. теңгені, 2015 жылға - 20 954, 4 млн. теңгені және осыған сәйкес 19 233, 3 млн. теңгені құрады
Облыстық бюджеттің түсімдері және шығыстары Түсімдер: Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері мен несиелерін есепке алғанда, 2015 жылға арналған облыстық бюджетке түсімдердің көлемі 143953, 8 млн. теңге сомасында жоспарланған, оның ішінде 59 210, 4 млн. теңгесі субвенциялардың үлесі. Ақмола облыстық мәслихаты 12. 2014 жылғы № 5 С-32 -2 сессия шешімімен 2015 жылға бюджет бекітілді, Ақмола облыстық мәслихаты 17. 02. 2015 жылғы № 5 С-34 -2 сессия шешімімен нақтыланды.
Облыстық бюджетке кірістер 143 378, 3 млн. теңге немесе жоспардың 100, 2 % түсті, соның ішінде салықтар мен төлемдер 16 175, 6 млн. теңге немесе жоспарға 102, 5 % түсті (жоспардан аса 399, 0 млн. теңге). Шығындар 143 555, 9 млн. теңгеге немесе жоспарға 99, 7 % (жоспар 144 038, 5 млн. теңге) орындалды, 482, 6 млн. теңге игерілмеді. Игерілмеудің аса жоғары сомасы келесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша белгіленеді: • Ауыл шаруашылық басқармасы (98, 6%) -221, 9 млн. теңге; • Құрылыс басқармасы (99, 1%) – 180, 2 млн. теңге; • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (99, 8%) – 180, 2 млн. теңге; • Облыс әкімі аппараты (97, 2 %) - 25, 2 млн. теңге;
Облыстық бюджет шығындары: 2015 -2017 жылдардағы бюджет шығыстары саясатының негізгі басымдылықтары ретінде облыс экономикасы дамуының тиімділігін арттыру үшін жағдайлар туғыза отырып, мемлекет кепілдік берген міндеттемелер мен азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін сақтау болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік саланы дамытуға арналған негізгі шығыстарды қарастыратын әлеуметтік доминантаның сақталғанын атап өту қажет.
2015 жылғы облыстық бюджетте білім беру нысандарының құрылысына және қайта жабдықтауға қарастырылған: Аршалын (233, 5 млн. теңге), Енбек (337, 9 млн. теңге), Целиноград (15, 6 млн. теңге) аудандарда 3 мектеп ; Ақкөл (126, 7 млн. теңге) ауданда және Степногорск қ. (314, 6 млн. теңге) 2 балабақшаларының құрылысы. Көкшетау қ. 2 Ақан Сері ат. Мәдениет колледжінің оқу корпусына (50, 0 млн. теңге) қосымша құрылысы салынады. Целиноград ауданы Ақмол а. , Қараоткел а. , Талапкер а. , Қосшы а. балабақшаның құрылысына жобаның қайта қолдануына байлау (35, 4 млн. теңге), Көкшетау қ. 500 орындарға мектеп оқушыларының сарайын құрылысына ЖСҚ әзірлеу(25, 0 млн. теңге), «Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі» КММ ғимаратына қайта жабдықтауға жобалау-сметалық құжаттарын дайындау (285, 0 млн. теңге); Республиқалық бюджетте бiлiм беру объектiлерiнің құрылысына қаражаттар қарастырылған Бұланды (669, 4 млн. теңге), Бурабай (38, 6 млн. теңге, сонын ішінде 240, 9 млн. теңге облыстық бюджеттен қосындыға бiрлесiп қаржыландыруы) және Целиноград (469, 2 млн. теңге) аудандарда, Көкшетау қ. мен Степногорск қ. 280 орынды балабақшалардың құрылысы (150, 0 және 98, 5 млн. теңге сәйкес) 2016 -2017 жылдарға арналған облыстық бюджетте: Аршалы (59, 2 млн. теңге 2 жобаға), Целиноград (15 жобаға 485, 4 млн. теңге сомасын) аудандарда бала бақшаның құрылысы Целиноград (74, 0 млн. теңге сомасын) ауданда 2 мектептердің құрылысы қаражаттар қарастырылған.
2015 -2017 ЖЫЛДАРҒА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНҒАН ЖОСПАРДЫ ҚҰРАДЫ:
2015 жылдың 1 қаңтардағы Ақмола облысы бюджетінің орындалуының қорытындылары 01. 15 ж. жағдай бойынша облыс бюджетіне кірістер 165 460, 0 млн. теңге немесе жоспардың 100 % түсті, соның ішінде салықтар мен төлемдер – 45 640, 7 млн. теңге немесе жоспардың 100, 3 % құрады. Аудандық (қалалық) бюджеттерге 29 466, 2 млн. теңге немесе жоспардың 99, 2 % түсті (251, 5 млн. теңге түспеген), жоспарды келесі 3 аудан орындамады: Еңбекші ауданы – 96, 6 % (22, 6 млн. теңге түспеген – басқа салықтан тыс түсімдер, жер учаскелерін сатудан түсімдер); Көкшетау қ. – 96, 6 % (462, 5 млн. теңге түспеген – ЖТС, әлеуметтік салық, пәтер сатудан түсімдер, акциздер); Шортанды ауданы – 98, 1 % (13, 5 млн. теңге түспеген – әлеуметтік салық, жер салағы, жер учаскелерін сатудан түсімдер); Облыс бойынша шығындар жоспардың 99, 0 % игерілді (жоспар 167 421, 6 млн. теңге), 1 642, 8 млн. теңге игерілмеді. Аудандық (қалалық) бюджеттер бойынша шығындардың орындалуы бюджеттің 98, 9 % құрады, 1 161, 2 млн. теңге игерілмеді. Игерілудің жоғары пайызына Сандықтау (99, 2), Атбасар (99, 8 %) аудандарында және Степногорск қаласында жетті. Облыс бойынша ең төмен орындалу пайызы Ерейментау- 94, 3 % және Аршалы - 97, 2 %, аудандарында байқалған.
Ақмола облысының 2014 -2018 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік экономикалық дамудың болжамын дайындау Ережелеріне сәйкес дайындалды. Дамуын тұрақты деп бағалаймыз, себебі: 01. 15 ж. жағдай бойынша облыс бюджетіне кірістер 165 460, 0 млн. теңге немесе жоспардың 100 % түсті, соның ішінде салықтар мен төлемдер – 45 640, 7 млн. теңге немесе жоспардың 100, 3 % құрады. Осыған байланысты Ақмола облысының әлеуметтік және экономикалық жағдайы даму үстінде.
akmo. gov. kz/ bnews. kz/kk/news Егемен Қазакстан газеті Батыров С. Б «Әлеуметтік даму» 2014 ж
слайд.pptx