
кокшетау улттык багы.pptx
- Количество слайдов: 16
* Орындаған: Жанбыршы. Е Тексерген: Кульжанова. С
«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағындағы Айыртау және Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі қаулысының негізінде құрылған.
Саябақтың негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 151, 1 мың га аса алқапты алып жатыр.
Саябақ жерінің құрамына көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтары мен кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайыңды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалқар, Айыртау, Лобанов, Белый табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді.
• Географиялық саябақ Солтүстік Қазақстан аумағының орман-тоғайлы үстіртінде орналасқан
Ұлттық саябақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі саналуан дәуірлерден бері қалыптасқан, флора мен фаунаның өзара сирек ұшырасатын үйлесімі болып табылады Сібір тайгасына тән жануарлардың түрлері бұлан, сілеусін, орман сусары, ақ қоян, ақ тышқан оңтүстік дала мен шөлейтті аймақта тіршілік ететін қарсақ, саршұнак, орқоян, күзен, суырлармен араласа өмір сүрүде.
ақ қоян
Суыр
Күз және қыс мезгілдері аңшылар үшін нағыз олжа.
Аңшылық және балық аулау
Жалпы, мұнда өсімдіктің 700 түрі, жанжануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар.
Геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері мемлекеттік қорғауда .
Ботай қонысы
Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі.
Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі Шалқар аймақтық бөлімшесі Дубравский ұдайы өндіріс учаскесі
Ұлттық саябақта: «Шалқар» және «Зеренді» санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, «Тұрпан» , «Имантау» , «Зеленый мыс» , «Дубрава» демалыс базаларында қысқа мерзімдік (маусымдық) демалыс түрлері ұйымдастырылған.
кокшетау улттык багы.pptx