
1256_NDIRISTIK_E_1186_BEK__1178_AUIPSIZDIGI.pptx
- Количество слайдов: 5
Орындаған: Халимбетов Нариман ӨНДІРІСТІК ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы» Заңына сәйкес еңбек шарты бойынша өндірістік нысандарды аттестаттау – бұл өндірістік нысандар, цехтар, учаскелер, жұмыс орындағы орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндығы, ауырлығын, қызулығын, еңбек гигиенасы мен еңбек шартының нормативіне өндірістік ортаның сәйкестігін анықтау мақсатында бағалау қызметі болып табылады. Ұйым еңбегінің қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауға жауапты басшылар мен тұлғалардың (ары қарай – жауапты тұлға) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеру ісі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріндегі комиссияда жүргізіледі. Жауапты тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімдерін тексеру үш жылда бір рет өткізіледі. Жұмысқа қабылданған жауапты тұлғалар еңбек келісім-шартына қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өткізуі тиіс.
Білімді тексермес бұрын өндірістік ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты тұлғалар сәйкес жоғары оқу орында немесе мекемелерде білікті арттыру курстарында дайындықтан өтеді. Білімді тексеру жұмыс берушімен бекітілген және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келістірілген кесте бойынша жүргізіледі. Жауапты тұлғаның білімін тексеру үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріндегі емтихан комиссиясы тестілеу немесе емтихан билеттерін пайдалану әдісін пайдалана алады. Емтихан билеттері немесе тесттер өндіріс ерекшеліктері мен мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын есепке ала отырып жасалады.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріндегі емтихан комиссиясы жауапты тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты білімдерін тексеруден кейін төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімі тексеруден өтті еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімі қайталап тексерілсін Емтихан комиссиясының шешімі ашық дауыспен қабылданады. Білімді тексеру нәтижесі хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің қолдары қойылады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімі тексеруден өткен жауапты тұлғаларға хаттаманың үзінді көшірмесі беріледі. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімі тексеруден өтпеген жауапты тұлға білімін қайталап тексеруден өткізгенге дейін өз қызметінде қалады. Білімді қайталап тексеру алғашқы білімді тексерген күннен бастап үш айдан кейін мерзімде өткізіледі. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімі қайталанып тексеруден өтпеген жауапты тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен қызметінен шеттетіледі. Ұйымның емтихан комиссиясының шешіміне байланысты даулар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда немесе сотта қарастырылады.
1256_NDIRISTIK_E_1186_BEK__1178_AUIPSIZDIGI.pptx