Семейханова Э.pptx
- Количество слайдов: 9
Орындаған: Семейханова Э. С Тексерген: Махамбетқұлова Т. Р Факультет: Стоматология Топ: СТ 11 -002 -2 қ
Кіріспе Кебекті немесе түрлі-түсті теміреткі терінің әсіресе себореялы аймақтарында қалыпты флорада кездесетін Malassezia furfur-дың (Pitytrosporum orbiculara) micelial түріне айналып ауру тудыратын, мүйізді қабаттың жиі кездесетін беткей инфекциялы ауруы болып табылады. Malassezia furfur-дың micelial түріне айналып патоген болуына жылылық, ылғалды орта, тұқым қуалаушылық факторлар, сонымен қатар Кушинг ауруы, иммунды супрессиялық жағдай, семіздік, терлегіштік және денеге жабысып киілген киімдер әсер етуі мүмкін.
Симптомдары Көбінесе кеудеде, арқада, қарын аймағында және қолдардың кеудеге жақын аймақтарында гипо немесе гиперпигментация және алғашқы кезде шар тәрізді немесе овалды пішінде болып кейінірек бір-бірімен бірігетін ретсіз орналасқан дақтармен сипатталады. Қарағанда немесе қатты бір затпен сүрткенде ұнтақ тәрізді қабыршақтар пайда болады. Сондай-ақ бөртпелер бетте, бастың шашты терісінде және жыныстық аймақтарда да орналасуы мүмкін. Бөртпелердің түсі ақ, қызыл -қоңыр немесе «сүт араласқан кофе» түстес болады. Науқастардың басым көпшілігінде терідегі бұзылыстардан басқа шағымдар болмайды. Бірақ жеңіл қышыну сезімі болуы мүмкін.
Басқа симптомдары: қатты терлегіштік, қышу сезімі. Басқа бұзылыстармен қатар жүреді: эндокриндік бұзылыстар, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, иммунодефицит.
Диагностикасы Клиникалық көрінісі витилиго, қабынудан кейінгі гипо немесе гиперпигментация, серобеялық дерматит және қызғылт теміреткі сияқты аурулармен ұқсас болғандықтан бұл аурулармен дифференциалды диагностика жүргізіледі. Өте сирек жағдайда қоздырғышты анықтау мақсатында қоректік ортада егу және гистопатологиялық тексеру әдістері де қолданылады.
Емі Бұл ауруды емдеу жалпы әсерлі және жергілікті қолданылатын саңырауқұлаққа қарсы әсер ететін дәрілермен жүргізіледі. Бірақ жалпы әсерлі дәрілердің қолданылуы күн өткен сайын артуда. Сонымен қатар саңырауқұлақтарға қарсы препараттар қолданылады. Қатерлі кезінде антимиотиктар қолданылады, ол емдеу уақытының қысқаруына және рецидивтин қайталанбауына көмегін тигізеді. Триазол қатарының препараттарымен емдейді(флуканазол және т. б); құрамында селен сульфиді бар шампунь және препараттар жақсы ем көрсетеді. Терінің зақымданған жерлеріне препараттарды спрей, лосьон түрінде қолданған дұрыс.
Malassezia тобы саңырауқұлақтарының адам денесінің табиғи флорасы болуына байланысты және кебекті темреткі ауруының жиі қайталануына байланысты саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын жалпы әсерлі дәрілер алдын-алу шарасы болып табылады. Алдыналу үшін жалпы әсерлі дәрілер айына 3 күннен 1 рет әртүрлі дозада тағайындалады. Кетаконазолды сабынсудың бір дозасы да алдын-алуға жеткілікті болып келеді. Қорыта айтқанда, кебекті теміреткі ауруында тағайындалған емнің бір жағынан жағымсыз әсерінің аз болуынан, екінші жағынан әсер етуінің жалпы еммен бірдей болуын ескере отырып, ең бірінші жергілікті емді тағайындауды, содан кейін бөртпелердің көп болуы және аурудың қайталануына байланысты қажет жағдайда жалпы ем тағайындалғаны жөн.
Қорытынды Кебекті теміреткінің қоздырғышы болып табылатын Pityrosporum (malassezia) адам денесінің қалыпты флорасындағы микроорганизмдердің бірі екені белгілі. Соңғы жылдарда жүргізілген ғылыми тәжірибелер нәтижесінде осы микроорганизмнің жеті түрі анықталған. Бұлар: malassezia furfur, malassezia sympodialis, malassezia sloffiae, malassezia pachydermatis, malassezia globasa, malassezia obtulasa және malassezia testictra болып табылады. Бұл липофильді саңырауқұлақтар сыртқы ортаның әсерінен бластоспоралы түрден мицеллалы түрге айналып, адам денесінде инфекциялы ауру тудырады. Жүргізілген бір ғылыми зерттеуде науқастардың 97%-нде ауруды malasseria globasa-ның тудырғаны анықталған. Кейбір науқастарда жоғарыда аталған Pityrosporum-ның бірнеше түрінің қосылып ауру тудырғаны зерттелген.
Семейханова Э.pptx