Орындаған : Сүлейменова С. Қ. Тобы : АЖ – 25қ
Жоспар : Microsoft корпорациясы жайлы түсініктеме және тарихы; Корпорацияның негізін салушылар; Қызметі мен дамуы; Apple жайлы түсініктеме және тарихы; Негізін қалаушы; Apple атауы; Логотипі; Қызметі.
Microsoft Corporation (қаз. Microsoft корпорациясы оқылуы: «майкрософт корперейшн» ) — дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания. Штаб-пәтері Реймонд, АҚШ. Қазақстанда Microsoft 2002 жылдан істейді. Офистері Алматы мен Астанада. Копманияда 60 қызметкер бар.
Алғашқы логотип • . (26. 08. 82) (19872006) (20062011) (20112012) (23. 08. 12 бастап) • .
Компанияның тарихы 1975 жылы басталады. Гарварда Билл Гейтс және Пол Аллен атты дос-студенттер «Popular Electronics» журналындағы жаңа Altair 8800 дербес компьютер туралы мақаланы оқыған соң, оған Basic тілін ойлап табады. Бір айдан соң, 1 -ақпан күні ДК-ді өндіріп шығарған Micro Instrumentation and Telemetry Systems (MITS) компаниясымен лицензиялық келісімшартқа отырады. Осы жылы Билл Гейтс Алленге жазған хатында компанияның атауын «MICROcomputer SOFTware» (микрокомпьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету) деп қою туралы ұсыныс жасайды
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен Пол Аллен
Билл Гейтс немесе Уильям Генри Гейтс III (толық аты) – Майкрософт корпорациясының (Microsoft) негізін қалаушы және құрушы, компьютер магнаты, әлемдегі ең бай адамдардың бірі. 1955 жылы 28 қазанда Сиэтлде (АҚШ, Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және мектеп оқытушысы, Вашингтон штатының Университет басқармасының мүшесі және United Way International қайырымдылық ұйымының төрағасы Мэри Максвелл отбасында дүниеге келген. Отбасында одан басқа екі қыз болды. Билл Гейтстің атасының әкесі қалабасы, атасы – ұлттық банктің вице-президенті болған.
Өмір әділетсіз – үйреніңдер. Қоғам Сіздің ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫҢЫЗДЫ қажет етпейді. Сізден тек қана ЖЕТІСТІКТЕР күтеді. Сіз мектеп бітірген соң жылына 60 000$ ақша таба алмайсыз. Сіз жеке жүргізушісі бар вице-президент бола алмайсыз, әзірше соған лайықты тер төгіп, жұмыс істегенше. Егер сіз оқытушы сізге қатал қарайды деп ойласаңыз, бұл – әлі бастамасы. Шыдай тұрыңыз, сіздің әлі бастығыңыз болады. Гамбургерді қуыру – сізге лайық емес ? Сіздің аталарыңыз бен әжелеріңіз басқаша ойлады. Олар үшін гамбургерді қуыру күн көруге тырмысу болып саналған.
Егер сіздің қолыңыздан ештеңе келмесе, оған сіздің ата-анаңыздың кінәсі жоқ, сондықтан қыңқылдаудың қажеті жоқ. Өз қателіктеріңізден САБАҚ АЛЫҢЫЗ, ҮЙРЕНІҢІЗ. Сәтсіздіктерге деген көзқарастарыңды өзгертіңдер. Ата-аналарыңыз қазір сіздер ойлағандай өмірде жабырқаңқы болған жоқ. Сіздерге қамқорлық танытып, бәйек болуы олардың осындай болуына әсер еткен шығар. Олар сіздерді тамақтандырды, киіндірді, сіздердің тамаша балалар екендіктеріңізді айтып отырады. Сондықтан ата-ана тарапына кінә артқаннан гөрі өздеріңізден бастаңыздар. Сіздің мектебіңізде жолы болмаған адамды бейшара деп ашық айту дұрыс емес шығар, мүмкін сіздің мектебіңізде жолы болмағандар мүлдем жоқ шығар, бірақ өмірде ондайлар көп. Кейбір мектептерде келесі жылға қалу мүмкін емес, себебі сізге емтихандарды ҚАНШАМА РЕТ ТАПСЫРУ керек, бұл келесі сыныпқа өту үшін қажет. Өмірде МҮЛДЕМ БАСҚАША. Өмір семестрге бөлінбейді. Сізде жазғы демалыс жоқ. Сізді жұмысқа алушы сізге ӨЗІҢДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА көмектеспейді. Сізге бос уақытыңызда осының барлығын жасауға тура келеді. Теледидарда НАҒЫЗ ШЫНАЙЫ өмірді көрсетпейді. Шынайы өмірде кафеде күні бойы достармен отырып әңгіме соғу деген болмайды.
Пол Аллен Пол Гарднер Аллен (21 қаңтар 1953) - американдық кәсіпкер, Майкрософт Корпорациясының қалаушыларының бірі. Ол мектептегі досымен Билл Гейтспен бірге 1975 жылы қалады. 2011 жылы Аллен Forbes журналында $13 млрд. капиталымен 57 орында болған. Аллен 21 қаңтарда 1953 жылы Сиэтлде дүниеге келді (Вашингтон штаты). 983 жылы Аллен әр активін $10 сатып, Майкрософттан кетеді, бірақ акциясының бөлшегін және директорлар кеңесіндегі орнын сақтап қалады. 2011 жылға дейін, Аллен бұл бизнестен кеткен деп есептеліп келді. Майкрософттан кеткеннен кейін Пол Аллен инвесторлықпен айналыса бастады. Ол ең алғаш жеке суборбитальді Space. Ship. One кемесінің соғылуына демеуші болды. Бұдан бөлек 2005 жылы ол жерден тыс тіршілікті зерттеуге арналған үлкен радотелескопты жасауда қаржылай көмек берді.
Компания адам мүмкіндіктерінің қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы, кез келген жерде, кез келген уақытта, кез келген құрылғыда пайдалану есебінен, іскерлік және жеке қызмет пен пайдаланудың кең көлемді бағдарламалық өнімдер тізімін ұсынады Компанияның бір бөлімшесі Xbox ойын бағдарламаларын және дербес компьютерге арналған аксессуарлар (клавиатура, тышқан тетігі т. б) шығарумен айналысады. Windows Операциялық Жүйелері, сондай-ақ Microsoft Office құжаттарымен жұмысқа арналған программалар
«Майкрософт» 2008 жылы $48 млрд қаржыға «Yahoo!» -ды сатып алуға бел буады, бірақ оның акционерлерінің қарсы болуына орай, бұл іс жүзеге аспай қалады. 2011 жылы мамыр айында интернеттелефонияда мамандандырылған Skype Limited компаниясын $8, 5 млрд-қа сатып алатындығын жариялайды. Акцияны «Скайптың» негізін салушылар сатады. Skype Limited базасында Microsoft Skype Division бөлімшесі пайда болады. Оны Skype-тың бұрынғы директоры Тони Бейтс басқарады.
Қолданушылық Серверлік MS-DOS Windows NT Windows 2000 Windows 3. x Windows Server 2003 Windows 95, Windows 98, Windows ME Windows Server 2008 Windows XP, Windows Vista
Операциялық жүйелер және оның логотиптері
Интернет-қосымшалар v v v v Internet Explorer Windows Mail Outlook Express Outlook Web Access Windows Messenger MSN Messenger Microsoft Messenger for Mac Net. Meeting MSN Internet Access MSN Explorer Microsoft Silverlight Windows Live Messenger Hotmail Windows Live Writer Windows Live Mail Офистік қосымшалар Microsoft Office негізгілері — Word, Excel, Outlook, Power. Point, One. Note
Apple Inc. Ұраны: “Think Different” Құрылған жылы: 1976 жыл Құрушы: Стив Джобс, Стив Возняк, Рональд Уэйн Орналасқан жері: Купертино, АҚШ Саласы: электроника, ақпараттық технология. Сайты: apple. com
Apple Inc. (ˌæp(ә)lˌɪŋk, қаз. Әппл) — дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар менбағдарлам алар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. Бас пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында. Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, i. Pod, i. Phone және i. Pad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.
Тарихы Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы «Альтаир 8800» компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976 -1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастаған, 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады. 1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиыншылықтар үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде компанияның жақын арада жабылуы жайлы сөзздер қозғалады. Тұғырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скалли компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары жақсы болмайды.
1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаға 32 разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президентіРональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды. 2001 жылы 23 қазанда Apple i. Pod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейерлердің нарығында көшбасшыға айналады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам i. Pod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы i. Phone смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа i. Pad планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, Exxon. Mobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.
Стив Джобс Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs, (Ақпанның 24, 1955 – Қазанның 5, 2011) – американдық өнертапқыш және бизнесмагнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді. Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған.
Apple атауы Фирманың атауы ағылш. apple ('алма) сөзінен шыққан, мекемнің логотипінде да алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді. Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі - Стив Джобс келгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.
Apple-дің ең бірінші логотипін Р. Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.
Қызметі • Компания өнімдерінің бір бөлігін өзіне тиесілі дүкендер желісі арқылы сатады (барлығы 324 дүкен, АҚШта, Канадада, Жапонияда, Ұлыбританияда және т. б. елдерде). Қазіргі таңдағы Apple компаниясының негізгі өнімдері: i. Phone ұялы телефондары, i. Pad планшетті компьютерлері, Mac. Book Pro, Mac. Book Air, Mac mini, i. Mac, Mac Pro дербес компьютерлері, Thunderbolt Display компьютер мониторлары, Mac mini Server, Mac Pro Server серверлері, Apple TV мультимедиялық ойнатқышы, i. Pod shuffle, i. Pod nano, i. Pod classic және i. Pod touch ықшамды мультимедиа-плейерлері және т. б. Сонымен қатар компания осы өнімдерге қатысты аксессуарларды және бағдарламалық қамтамасыз етуді де шығарады. Қызметкерлерінің жалпы саны (2010 жылғы) 46, 6 мың адамды құрайды.