Орындаған: Науашева Айша-бибі МІж. МБ - 1301
Италияда жасалатын вермут маркасы. Туринде Martini & Rossi шарап зауытының атымен аталынып кетті. Бұл зауыттың ашылуына Алессандро Мартини үлес қосты. Сондай-ақ Martini & Rossi зауыты “Кинамартини” сусынын жасап шығарады.
МАРТИНИ ТҮРЛЕРІ
MARTINI ROSSO Rosso (қызыл) – 1862 жыл. Мартини вермутының ең алғашқы түрі. Тәтті әрі кішкене ащы дәмі бар. Жақсы таңдалған шарап түрлері мен таңдалған шөптердің қосындысынан жасалынған. Мұз, лимон немесе шырынмен қолданылады.
MARTINI BIANCO Bianco (ақ) – 1910 жыл. Rosso – ға қарағанда ащылығы жоқ. Мұз немесе лимон қосып ішіледі. Құрамында ваниль бар. Сондай – ақ оны лимонадпен де ішуге болады.
MARTINI ROSATO Rosato (қызғылт) – 1980 жыл. Құрамында ақ және қызыл шарап кездесетін жалғыз вермут. Сондай – ақ даршын мен қалампыр бар.
MARTINI D’ORO D’oro – 1998 жыл. Дания, Германия және Швейцария тұрғындарының артықшылықтарын ескерумен пайда болды. Бұл мемлекеттердің халқы ақ шарап пен жеміс – жидектер, сондай – ақ ваниль, жұпар жаңғағы, күнзе мен балдың дәмін ұнатады.
MARTINI FIERO Fiero – 1998 жылы Бенилюкс (Бельгия, Нидерланды, Люксембург) тұрғындарының тілегімен пайда болды. Жерорта теңізінің цитрустары мен қызыл апельсин дәмі бар вермут.
MARTINI EXTRA DRY Extra Dry – 1900 жылы. Ақшыл сарғыш түсті (соломенный), иісі Rosso – ға қарағанда күштірек, таңқурай, лимон және кішкене ирис дәмі бар вермут. Оның құрамында 16 % орнына 2, 8% қант және 15% орнына 18% алкоголь бар. Мартинидің бұл түрін таза, салқын күйінде ішеді. Сондай – ақ көптеген коктейльдерді жасауға арналған.
MARTINI BITTER Bitter – басқа вермуттарға қарағанда, оның негізі шарап емес, спирт болып табылады. Өзінің құрамында 30 дан астам шөп, жеміс – жидек және гүл түрлері бар. Таза күйінде мұзбен немесе шырынмен қолданылады.
MARTINI ROSÉ Rosé – қызғылт, жартылай жеңіл (полусухое), шымырлайтын (игристое) шарап. Венето және Пьемонт аудандарында өсірілетін қызыл және ақ жүзімдерінен жасалынған.
MARTINI GOLD Gold – итальяндық әйгілі Dolce&Gabanna дизайнері мен Мартини компаниясы бірігіп жасалынған жаңа вермут. Dolce&Gabanna вермуттың сыртқы қабын жасап шығарды. Құрамында жеңіл ақ шарап пен түрлі мемлекеттерден жиналған шөптер мен жемістер бар. Соның ішінде: испандық бәйшешек (шафран), сицилиялық апельсин мен лимонның қабығы, эфиопиялық мирра, индиялық имбирь және Индонезияда өсетін кубеба бұрышы.
MARTINI ASTI Asti – мускат деп аталатын жүзімнен жасалынған. Алма, шабдалы, цитрустар мен бал дәмі бар шарап түрі. Тек Асти жүзімі қолданылады. Шараптың бұл түрі 6 -8 градуста салқындатылып беріледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!