Prezentatsia1_lyako.pptx
- Количество слайдов: 20
Орындаған: Максутова Айдана Каримова Ляззат Мбт204 Тексерген: Абдиева. Г. Ж
1892 жылы Д. И. Ивановский ақтеңбіл ауруына шалдыққан темекі ұлпасының фильтірінде информация агенттің бар екендігін дәлелдеді. 1893 ж. Бұл дәлел Бейерник еңбегінде дәлелденді.
Вирустар-репродукциялануға қабілеттіавтономды генетикалық құрылым. Veridae деген патшалыққа жатады. Вирустар өз алдына көбеюге қабілетсіз, тек тіріклеткаларға репродукцияланатын облигатты клетка ішілік паразиттер.
1. клеткалық құрылымы болмайды. 2. Вирус бөлшектерінің мөлшері ұсақтығы (нм)-ең кішісі-20 -30 нм; ең ірілері-300 -400 нм. 3. Тіршілік ету формасы-облигатты клетка ішілік паразитизм. 4. Құрамында нуклеин қышқылының бір ғана түрінің болуы- ДНҚ немесе РНҚ. 5. Вирустар шашыранды жолмен көбейеді. 6. Вирустарда автономды зат алмасу процесінің болмауы.
Вирустардың жіктелуі: 1. Нуклеин қышқылының типіне қарай. 2. Суперкапсидінің болуына. 3. Вирустардың мөлшеріне, құрылысының типіне, капсомер санына. 4. Патогенділік және берілу әдісі, экологиясы.
Вирустар-клеткасыз организмдер. Олар негізін құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұшы-нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Вирустар бірегей геномдарға ие, себебі олар тек , ДНҚ немесе РНҚ-дан тұрады, сондықтан да ДНҚ құрамды, РНҚ құрамды вирустар болып бөлінеді. Олар әдетте гаплоидты, яғни бір ғана гендер жиынтығы бар. Вирустардың геномы нуклеин қышқылдарының әр түрлі пішіндерінен тұрады: қос жіпшелі, бір жіпшелі, сызық тәрізді, сақина тәрізді бөлшекті. РНҚ құрамды вирустардың ішінде оң (плюс –жіпшелі РНҚ) геномды вирустарды ажыратады. Бұл вирустардың плюс жіпшелі РНҚ-сы екі қызмет атқарады: тұқым қуалаушылық және ақпараттық. Сондай ақ РНҚ құрамды вирустарда теріс геномдар бар. Бұл вирустардың минус-жіпшелі РНҚ-сы тек тұқымқуалаушылық қызмет атқарады.
Вирустардың геномы жасушаға генетикалық паразиттілігін көрсете отырып провирус түрінде жасушаның генетикалық аппаратына қосылуға қабілетті. Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді: 1. жай, қарапайым құрылысты – нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады (полимиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы) 2. күрделі құрылысты – нуклеин қышқылынан, капсид және суперкапсидтен тұрады. Капсид – жеке-жеке белоктық суббірліктен құралған – капсомерлерден тұрады. Капсомерлердің кеңістіктегі орнына сәйкес капсид симметриясының екі түрі болады – спиральдық және кубтық. Спиральды типінде капсид нуклеин қышқылын орап жатады, кубты типінде – капсид ортасында нуклеин қышқылы орналасқан қуыс дене тәрізді болады. Бактерия вирустарында – бактериофагтарда симметрияның кубтық болса, ал өсіндісінде – спиральдық болып келеді. Нуклеин қышқылымен белоктан тұратын комплекстінуклеокапсид деп атайды.
Күрделі вирустардағы капсид қосымша липопротоидті қабықша-тікендері бар суперкапсидпен қапталған. Капсидпен суперкапсид вириондарды қоршаған орта әсерінен қорғайды, жасушамен таңдамалы өзара байланысын қамтамасыз етеді, вирионның антигендік және иммуногендік қасиетін анықтайды. Вирустардың ішкі құрылымдарын жүрекше деп атайды.
Вирустардың репродукциялануы (лат. reproduce- өзіне ұқсасты өндіру ) келесі сатыдан тұрады: Жасушаға жабысу; Жасушаға ену; Шешіну; Вирустық ДНҚ немесе РНҚ-ның репликациялануы; Вирустық геномның транскрипциялануы: Вирустың ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы; Вирустық бөлшектердің бастырылуы; Вирустың жасушадан шығуы.
Адсорбция(жасушаға жабысуы)-ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады, әрбір вирус жасушаларының барлығына ие, кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болады. Ол кейбір вирустардың ақуызында “вирустық рецептор”деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуына байланысты. Вирустық рецепторлар (тіркеуші) деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады, капсидтік беткейлік ақуыздардың қатыскымен орындалады. Вирустың жасушаға енуі вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардан кейін бірден басталады, вирустың жасуша ішіне қарай ығысуы, вирустық бөлшектің эндоцитозы, нәтижесінде, олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады. Қосылып-бірігу процесіне қатысатын гликопротоиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар: Олар вирион беткейінде шамамен 100 -150 нм көтеріңкі орналасады; Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді; Құрылымында біріктіруші пептид болады.
вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді-жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ–ның босап шығуы. Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады, бұл процестің механизімі толық зерттелмеген. Қабықшалы
Репликация – бұл вирус нуклеин қышқылы молекуласының (ДНҚ немесе РНҚ) синтезі. Клетка ішіндегі нуклеотидтердің есебінен вирус құрамындағы нуклеин қышқылдарының молекулаларының түзіліп бастауы. Вирусспецификалық белоктардың синтезі тек қана клетка рибосомаларда жүрсе, ал вирустың нуклеин қышқылының репликациясы ядрода (ұшық вирусы, аденовирустар) немесе цитоплазмада (шешек, құтыру, полимиелит вирустары) жүреді.
ДНҚ матрицасындағы РНҚ репликациясы. Ақпараттық РНҚ мынадай үлгіде синтезделеді. Алдымен гераза немесе геликаза үшін негізгі ферментінің әсерінен Днқ бөлігі тарқатылады да, ДНҚ ға бағынышты РНҚ полимераза ферментінің көмегімен РНҚ ға компленментарлы принцип бойынша синтезделеді. Барлық жүретін процесс ДНҚ репликациясына ұқсас болады, мұнда тек дезоксирибоза қанты рибозамен және тимин урацилмен алмасады. РНҚ ның бір ерекшелігі – ДНҚ ның негізгі жіпшесінен ажырап, цитоплазмаға тасымалданады. ДНҚ матрицасындағы РНҚ ның синтезделу процесі транскрипция деп аталады.
Ортомиксовирустар тұқымдастығы-бұл РНҚ құрамды геномды вирустар, нуклеокапсид симметриясы спираль тәрізді. Суперкапсиді бар, оның құрамына липидтер кіреді, сондықтан эфирге сезімтал. Грипп вирусы А, B және с вирустар, бөлінеді.
Назарларыңызға рахмет!!!
Prezentatsia1_lyako.pptx