нейрохирургия.pptx
- Количество слайдов: 20
Орындаған: Ермантай Б. Е Курсы: 5 Тобы: 052 -1 Тексерген: Жалгабев А. Е Алматы, 2013 ж
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім * Биомеханизмі мен патогенезі * Клиника * Диагностика * Емі ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бастың қысылуы – морфологиялық - бастың жұмсақ қабатының, бассүйек пен мидың зақымдануларымен көрінетін, клиникалық – жалпы ағзалық үйлесімділік, жалпы милық, церебральды және ошақты симптоматикамен сипатталатын, басқа динамикалық (қысқа уақыт), статикалық (ұзақ уақыт) және механикалық жүктеменің кезектесіп әсер етуінен дамитын жарақаттың ерекше бір түрі.
* Бастың ұзақ қысылуы жер сілкіну, шахталардағы жарылыстар мен т. б апаттардан зардап шеккен адамдарда кездеседі. БҰЖ биомеханизмін соққы-жаншылу деп қарастыруға болады. Ауыр зат немесе құралдар (құлаған ғимараттың бөліктері, тірек балкалар, т. б) адамдарға құлаған кезде алғашында соққы беріп, одан кейін басты еденге немесе жерге басып қалады. Белгілі биіктіктен құлағанда жарақаттайтын құрал салмағы мен жылдамдығына байланысты кинетикалық энергияға ие болады, және де соққы бастан жұмсақ қабыққа, одан бассүйекке, миға беріліп, қысқа уақыттық динамикалық күштеме пайда болады. Соның нәтижесінде бассүйек-ми жарақаты дамиды. Егер жарақаттаушы құралдың салмағы айқын болса, соққыдан кейін ұзақ әсер етіп, бас ми тіндеріне статикалық жүктеме тудырады. * БҰЖ кезіндегі бас миға механикалық жүктеме келесі жолдармен әсер етеді: динамикалық жүктеме әсерінен – бас мидың шайқалуы, әртүрлі дәрежедегі бас мидың соғылуы дамиды. * БҰЖ кезіндегі статикалық жүктеме салдарлық (жұмсақ тіндер мен сүйек арқылы) мидың зақымдануы болады. Оның ішінде компрессия, қабаттық және бас миішілік қанқұйылулар, бассүйек қуысынан веналық қанағудың қиындауынан дамитын мидың ісінуі. Статикалық жүктеме әсіресе балаларда қауіпті, себебі балалардың бассүйегі ересектерге қарағанда эластикалы.
Жіктелуі 1 топ – жарақаттаушы агент жоғары кинетикалық энергия мен аз салмаққа ие. Статикалық жүктеме аз. (жоғары биіктіктен құлайтын жеңіл зат) Мұндай үйлесім жұмсақ тіннің кең көлемді соғылулар, жыртылған, скальпирленген жаралары, біржақты, бассүйектің сынуы, кейде мидың қатты қабығына дейін енген жарақатына әкеп соқтырады. көпжарасына әкеледі. 2 топ – жарақаттаушы агент кинетикалық энергиясы аз, салмағы ауыр, сатикалық жүктемесі көп ( аса биік емес жерден құлайтын ауыр салмақты зат). Мұндай үйлесім бастың жұмсақ тіндерінің дөрекі бұзылыстарын, екіжақтық бассүейктің сынуын, сонымен қатар мидың әртүрлі реакциясын тудырады. 3 топ — жарақаттаушы агент жоғары кинетикалық энергиямен ауыр салмаққа ие. Статикалық жүктемесі үлкен (жоғары биіктіктен құлайтын ауыр зат). Мұндай үйлесім ауыр, көбінесе өмірмен сәйкессіз бассүйекми жарақатын тудырады. Сонымен қатар бастың жұмсақ және қатты қабықтарының ауыр зақымдануларына әкеледі.
* Бастың ұзақ жаншылуы бассүйекішілік қысымның кенеттен және тұрақты жоғарылатып, мидағы патологиялық жағдайды асқындырады. * Жарақаттан кейінгі ұзақ уакытта бастың жабындыларында дистрофиялық өзгерістер дамып, тіндердің некрозы пайда болады. Миға патологиялық әсер ететін қосымша жолдар, ыдыраған тіндерден интоксикация, инфекция енуіне қолайлы үлкен қақпалар пайда болады. * 1 суретте бастың ұзақ жаншылуының миға патологиялық әсер еу жолдары көрсетілген.
БҰЖ салдарынан дамыған кең көлемді бассүйектің жарақаттары мен жұмсақ тіндерінің ісінуімензардап шегушілерде бастың пішінінің сәйкес өзгерістері дамиды. Бастың деформациясы ауқымды некроз ошақтарымен, кейіннен жалпақ тыртықтардың пайда болуымен асқынады. Бастың деформациясы БҰЖ патогномдық белгісі болып табылады. Ол зақымданған аймақ көлемі, сынықтардың ену жері мен бастың жұмсақ тіндерінің өзгерістеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
2 сурет. БҰЖ. 1 жас А. КТ, сүйектік режим— күмбездің көптеген жарақаттары, оң жақтық самай, төбе сүйектерінің енуі. Б — жарақаттан кейінгі 16 тәулік; самай-төбе бөлігіндегі құрғақ некроздың ауқымды; В — некрэктомия. Г — 46 тәулік, грануляцияланушы жара. Д — 51 тәулік, аутодермопластика расщепленным трансплантатом. Е — емнен 6 айдан кейін.
1. Жеңіл. Жаншылу ұзақтығы 30 мин – 5 сағ. Шамалы, шектелген жаншылу аймағымен, аздаған интоксикациямен жүретін, кейіннен трофикасының толық қалпына келуімен, жаншылған аймақтың жұмсақ тінінің ісінуімен сипатталады. 2. Орташа ауыр. Жаншылу ұзақтығы 2 сағ – 48 сағ. Бастың жұмсақ тінінің ауқымды, айқын ісінуімен, интоксикациялық синдроммен жүретін, шамалы трофикалық өзгерістермен сипатталады. 3. Ауыр. Жаншылу ұзақтығы 24 сағ – 58 сағ және одан да ұзақ. Кенеттен пайда болатын тотальды бастың ісінуі, жұмсақ қабықтың барлық қабаттарының некрозымен жүретін, айқын интоксикациямен сипатталады.
* БҰЖ зардап шеккендерде декомпрессиядан кейін 2 тәуліктен соң пайда болатын ұзақ жаншылу синдромының жалғыз белгісі – жұмсақ тіндердің ісігінің пайда болуы. Содан кейін әртүрлі топтарға сәйкесбас жабындысының трофикалық өзгерістері дамиды. * Жеңіл дәрежелі зақымдану кезінде тіндердің регрессиясы декомпрессиядан кейінгі 5 -7 тәулікте дамып, трофмкалық өзгерістердің қалдықтарынсыз толығымен 9 -11 тәулікте сауығады. * Орташа-ауыр дәрежелі зақымдану кезінде жұмсақ тіндердің ісігінің регрессиясы декомпрессиядан кейінгі 1012 тәулікте дамиды. Трофикалық өзгерістермен 14 -15 тәулікте толық жазылады. * Бастың жаншылған аймақтарында алғашында мацерация, эпидермистің қабыршықтануы, шаштың түсуі болады. Орбитаның жаншылуы болса- хемоз, некроздану пайда болады.
*Ұзақ жаншылғаннан басты босатқаннан кейін бірнеше минуттың ішінде жұмсақ тіндердің ісінуі пайда болады. Ол декомпрессиядан кейінгі 2 -3 тәулікте өз шыңына жетеді. БҰЖ, 10 жас. А — жарақаттан кейінгі 4 тәулік. Бас, кеуде қуысы мен мойынның кең көлемді ісігі. Б — жарақаттан кейінгі 20 тәулік, жұмсақ тіндер ісігінің толық регрессі.
БҰЖ, ауыр дәрежелі. 7 жас. А— артқы самай-төбе-шүйде аймағының ауқымды грануляциялаушы жарасы; Б — аугодермопластика расщепленным трансплантатом; В— 4 айдан соң. Жараның толық жазылуы.
БҰЖ зардап шеккен науқастарды диагностикалауда келесі қиыншылықтар кездеседі: 1. Объективті ақпарат алу мақсатында сұрап жатқанда психо-эмоциональды жағдайы, науқастың қозуы, қобалжуы, истериялық мутизмі, амнезия кедергі келтіреді. 2. Жалпы ағзалық және жалпы милық симптомдардың болуы. 3. Орташа ауыр дәрежелі БҰЖ бар науқастарда бастың жұмсақ тіндерінің айқын ісінуі мен қабақ, параорбиталды аймақтың ісінуіне байланысты көз қозғалтқыш нервтің жұмысын бағалау қиындық тудырады. 4. Қарашықтық (анизокория) және көру (көрудің төмендеуі, амавроз) рефлекстердің бұзылуын талдау қиындайды, әсіресе бастың фронтальды жаншылуында. 5. Беттің тотальды ісігі бар науқастарда бет нервісінің парезін анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар беттің асимметриялы ісінуіне байланысты «псевдопарез» феномені дамиды. 6. Менингеальды симптомдарды тексерген кезде жергілікті жаншылу әсерінен (ауыру сезімі), ісік нәтижесінде (шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі) «псевдоменингизм» анықталады. 7. БҰЖ синдромы мен аяқ-қолдардың сынуының қатар болуына байланысты дифференциалды диагностика жүргізу қиындық тударады.
• • • Краниография МРТ Компьютерлі томография. КТ арқылы бірмезетте жұмсақ тіндердің жағдайын бағалап (ісіктің таралуы, гематомаларды қарау, т. б), бассүйектің жағдайын (бір-, екі-, көптік жарақаттар, сынықтар, сызықтық немесе мыжылған), бас миының зақымдану сипатын (соғылу ошағын, бөгде зат, ісіну-домбығу, мидың жаншылуы) анықтауға болады. Фронтальды жаншылу (бір жақтық маңдай немесе орбитальды аймақтың компрессиясы және қарама-қарсы жақтың шүйке бөлігінің компрессиясы) кезінде ұсақ сынықтар, маңдай сүйектің мыжылған, кейде шүйде сүйектің сынығы анықталады. КТ кезінде торлы сүйектің ұяшықтары, басты және гаймор қуысына қан құйылу белгілері, пневмоэнцефалия, пневмоцентрикулоцефалия анықталады. Латеральды жаншылу (самай және төбе сүйектерінің компрессиясы, тәждік және лямбовидный жіктің ажырауы) кезінде сынықтардың сызығы келесі жағына өтеді, бассүйек негізінің сүйектік құрылымынан өтеді.
* БҰЖ зардап шеккен науқастарға көмек көрсетудің бірінші этабы медициналық эвакуациялаудан басталады. Апат аймағында біріншілік хирургиялық өңдеу жасаудан бас тарту қажет ( ластануы жоғары, скальптың трофикалық өзгерісі, қолайсыз жағдайлар), тек гемостатикалық, асептикалық байламдармен байлап қою керек. БХӨ стационарда жүргізілгені дұрыс. БҰЖ бар науқастарға антибиотикотерапия тағайындалады. * БҰЖ синдромының болуы хирургиялық көмек көрсетуді шектейді. Сол себепті «мәжбүрлі-консрвативті ем» жүргізіледі. БҰЖ бар науқастардың ішінде ауқымды интракраниальды травматикалық субстарт нәтижесінде дамыған, клиникалық және компьютерлік томография белгілері бар бас ми негізікомпрессиясы бар науқастарға хирургиялық оперативті ем көрсетілген. * Ауыр дәрежелі БҰЖ зардап шегушілерде скальптың некротикалық өзгерістері салдарынан кең көлемді, екі жақтық, құрғақ, коагуляциялық некроз ошақтары дамиды. * Операциядан кейінгі кезеңде жараларды антисептикалық байламдар мен антибактериалды терапия негізінде емдейді ( микрофлораға сезімталдығына байланысты). Көбінесе жұмсақ тіннің дефектін жою үшін пластикалық операция қажет. Аутрдермопластика жүргізіледі.
* 1. Лихтерман Л. Б. , Потапов А. А. Классификация черепно-мозговой травмы. Сдавление головы. //В кн. : «Клиническое руководство по черепно-мозговой травме» , т. I, «Антидор» , М. , 1998, стр. 75— 76. * 2. Коновалов А. Н. , Потапов А. А. , Лошаков В. А. и др. «Нейрохирургические аспекты медицины катастроф» //Военно-медицинский журнал. — 1990. — № 4. — с. 41— 43. * 3. Мартиросян М. М. , Оганезов Р. И. , Мовсесян Л. С. «Некоторые аспекты хирургической тактики при черепно-мозговой травме у детей» . //В кн. : Материалы международной конф. «Медицинские аспекты последствий землетрясения в Армении» . -Ереван. — 1990. -е. 165. * 4. Потапов А. А. , Костанян В. Ж. , Лихтерман Л. Б. «Длительное сдавление головы» . «Вопросы нейрохирургии» , 1992, № 2 -3, с. 5 -12. * 5. Интернет желісі: * http: //lib. znate. ru/docs/index-124104. html
нейрохирургия.pptx