
Жер зандарын бузган ушын жауапкершылык.pptx
- Количество слайдов: 23
Орындаған: Аскаров А. К. Тексерген: Тәжібаева А. Х.
Жалпы жер заңнамасының барлық бұзушылықтары шартты түрде үш топқа бөлуге болады: Заңсыз жер иелену жерге қатысты барлық заңсыз жасалған мәмілелер, құзіретті органдармен жерге құқығын тапсырудың және ауысудың тиісті рәсімделмеуі, жер мәселелерін және т. б. шешуде өзінің қызмет өкілеттіктерін асыра қолдану жатады. Жер учаскелерін өз бетімен алып қою жерге тиісті құқықтарды рәсімдеусіз жер пайдалану, егер бұл қолданыстағы заңнамасында көзделсе, жатады. Жерді ұтымды пайдаланудың заң талаптарын бұзу жерлердің құнарлылығын нашарлататын заңсыз ісәрекеттердің көпшілік саны, олардың нысаналы пайдаланылуы, жобалау пысықтауды сақтамау, жер пайдаланушылар немесе жердің меншік иелері ретінде өздерінің міндеттерін тиісті орындамау жатады.
Жер пайдалану ережесінің бұзушылары лауазымды тұлғалар (кәсіпорындар, ұйымдардың, мекемелердің немес олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары) да, жеке азаматтар да бола алады. Азаматтар жер учаскелерін өз бетімен алып қою, арамшөпке қарсы күрес бойынша шара қолданбау, егісті таптау және т. б. сияқты бұзулардың субъектілері бола алады. Лауазымды тұлғалар жерлерді бұзу және ластану, шаруашылықта пайдаланбау, су және жел эрозиясына қарсы күрес бойынша шара қолданбау, жерлердің қалпына келтірілуін жүргізбеу және т. б. сияқты бұзулардың субъектілері болып жиі бола алады.
Жер заңнамасының ең жиі кездесетін бұзушылықтарын кейбіреулеріне сипаттама береміз. Жерді шаруашылықта пайдаланбау – жерге дұрыс қарамау. Жер заңнамасын бұзудың бұл түрі ауыл шаруашылық алаптарының жағдайын нашарлататын және жердің ұтымсыз пайдаланылуына апаратын көптеген бұзушылықтарды енгізеді. Жерді нысаналы пайдаланбау – пайдалануға берілген немесе тапсырылған барлық жер учаскелері қатаң мақсатты пайдаланылуға тиісті. Бұл тек жер пайдаланушыларға қатысты болмай, жер жеке меншікке берілгендерге де қатысты болып отыр. Нақты жер учаскесінің нысаналы мақсаты жер учаскесін берген кезде құзіретті органның шешімінде белгіленген және жерге құқықты куәландыратын құжатта бектілген. Нысаналы мақсатты жерді берген орган өзгертуі мүмкін. Нысаналы мақсатты өз бетімен өзгерту – заңмен рұқсат берілмеген. Жерді ұтымсыз пайдалану – яғни, жерді дұрыс пайдаланбау, бұл жер құнарлылығын төмендетеді және одан алған өнімді азайтады. Жерді ұтымсыз пайдалануға топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын алу және оның сапасын нашарлату, жерді кейін қалпына келтіру үшін қажетті жағдайда оны тиісті сақтамау жатады. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын сақтамау – белгіленген тәртіпте бектілген тиісті рұқсатсыз ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының болмауы.
Құқық бұзушылықтың субъектілері Бұл құқық бұзушылықтың субъектілері әрқашан да ауыл шаруашылық кәсіпорындарының лауазымды тұлғалары болып табылады. Егер бас агрономның кінәсімен жобаланған ауыспалы егістер сақталмаса, топырақта белгілі қоректік заттар қорының тозуы, дақылдар өнімділігінің азаюы және – жер құнарлылығының төмендетілуі байқалады. Заңдық жауапкершілікке тартудың негізгі құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың құрамы болып табылады: заңға қарсы мінез- құлық ( іс- әрекет жасау немесе іс-әрекет жасамау), бұл іс-әрекеттің зиянды нәтижесі , осы іс-әрекетпен пайда болған зиян арасындағы себепті байланыс және бұзушының тікелей кінәсі.
ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУШЫ ЖЕР ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАЙ ОТЫРЫП, ӨЗІНІҢ БАЙҚАУЛАРЫ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖОҒАРЫ ТҰРҒАН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ХАБАРЛАЙДЫ ЖӘНЕ БАЙҚАЛҒАН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ, ОЛАРДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ БИЛІК ШЕШІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУЫНА ҚАТЫСАДЫ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАҒУА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ БОЛДЫРМАУ, ОЛАРДЫ ЖОЮ, БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ШАРАЛАР, СОНДАЙ АҚ, ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ. Ескерту – құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша мемлекеттік құқық қорғау органдарының іс-әрекеті. Жолын кесу – бұл құқық бұзушылықты болдырмауға және оның одан әрі жағымсыз дамуын тоқтатуға бағытталған іс- әрект. Жер пайдаланудың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру – бұзушылықтардың жағымсыз салдарын жоюға бағытталған іс-әрекет.
Жер заңдарын бұзу түрлері Қолданыстағы жер заңнамасын бұзғаны үшін айыпты лауазымды тұлғалар және азаматтар жауакершіліктің мынадай түрлеріне тартылуы мүмкін: тәртіптік материалдық (азаматтық – құқықтық) жер-құқықтық әкімшілік қылмыстық
Тәртiптiк жазалар Тәртіптік жауапкершілік белгілі бір тұлғамен жерді ұтымды пайдаланумен және қорғаумен байланысты еңбекті міндеттерді орындамау үшін түседі. Еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, яғни қызметкердiң кiнәсiнен оған жүктелген еңбек мiндеттерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жұмыс берушi тәртiптiк жазалардың мынадай түрлерiн қолдануға: 1) ескерту жасауға; 2) сөгiс беруге; 2 -1) қатаң сөгiс беруге; 3) ҚР Жер Кодексінің 26 -бабының 9)-12) тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзуға құқылы. ҚР Жер Кодексінде көзделмеген тәртiптiк жазалау шараларын қолдануға жол берiлмейдi.
Тәртiптiк жазалар қолдану және оған шағым жасау тәртiбi • Тәртiптiк жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсiнiктеме талап етiлуге тиiс. • Тәртіптiк жаза терiс әрекет байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қолданылады және оны терiс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. • Әрбiр жолсыздық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза қолданылуы мүмкiн. • Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол қойғызылып жарияланады. • Тәртiптiк жаза қолданылған жағдайда жұмыс берушi жасалған терiс әрекеттiң ауырлығын, оның жасалу мән-жайларын, қызметкердiң соның алдындағы мiнез -құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртiптiк жазаның жасалған терiс әрекеттiң ауырлығына сәйкестiгiн ескеруге тиiс. • Тәртіптiк жазаға еңбек дауларын қарау үшiн белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
Материалдық (азаматтық – құқықтық) жауапкершілік Зиян – объективті болатын факт, ол тұлға үшін қолайсыз, теріс салдарларда байқалады. Зиянды ақшалай көрсету шығын болып табылады. Құқық бұзушы жер пайдаланушыға немесе жердің меншік иесіне келтірілген барлық шығындарды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге түлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.
Жер - құқықтық жауапкершілік Жер- құқықтық жауапкершілік спецификалық түрі болып табылады, ол құқығынан айырудан, яғни, заңсыз іс-әрекеттерді жасаумен байланысты азаматтың немесе заңды тұлғаның жер учаскесін еріксіз алып қоюдан тұрады. Мәселен, жерді пайдалану ережесін жүйелі түрде бұзған жағдайда, жер пайдаланушыдан дұрыс пайдаланылмайтын жер учаскелері алып қойылуы мүмкін. Жерді ұтымды және нысаналы пайдалану ережесін бұза отырып пайдаланылатын жер учаскесін алып қою туралы талап (ауыл шаруашылық өндіріс пен тұрғын үй және өзге құрылыстан басқа) талап қоюға дейін кем дегенде үш айдан бұрын жасалған жер заңнамасының бұзушылықтарын жою қажеттілігі туралы жер пайдаланушының жазбаша ескертуінен кейін және осы мерзімде жер пайдаланушы учаскені пайдаланған кезде бұзушылықтарды жоймаған жағдайда ғана қойылуы мүмкін. Учаскені алып қойған кезде сот шешімімен жер пайдалану құқығы ашық сауда – саттықта сатылады, ал саудадан түскен ақша, учаскені алып қою бойынша шығындарды алып тастаумен бұрынғы жер пайдаланушыға төленеді.
Жер зандарын бузган ушын жауапкершылык.pptx