
АБ-31 Исаберген М.Б.ppt
- Количество слайдов: 34
Орындаған: АБ-31 Исаберген М. Б Қабылдаған: Шутеева Г. С
1. Желілер дамуының қысқаша тарихы Өткен ғасырдың 60 -ж. алғашқы компьютерлік желі жасалып, ол Калифорния университетін, Массачусет технологиялық институтын және RAND әскери ғылыми-зерттеу орталығын байланыстырды. (Ол ядролық жарылыс болған жағдайда елді басқару үшін қажет деп есептелді) Желіге қойылған басты талап – қандай жағдай болса да, мәліметті бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу болып саналды. Желіге оның басым бөлігі істен шықса да, қалған жағы дұрыс жұмыс істей беруі тиіс деген талап қойылды.
Интернетке қосылғандар саны, млн. адам Жер шары тұрғындарының Интернетке қосылу темптері Барлығы : 230 120 Барлығы: 100 170 Барлығы : 131, 4 80 60 Барлығы 97, 3 Барлығы 68, 7 40 20 0 1997 АҚШ Батыс Европа 1998 1999 2000 Жапогия, Оңтүстік-шығыс Азия 2001 Қалғандары
2. Қазіргі Интернет құрамының үш бөлігі техникалық немесе аппараттық компонент; программалық компонент; информациялық компонент.
Аппараттық компонент: Компьютерлердің әртүрлі модельдері мен жүйелері, кез келген физикалық негіздегі байланыс арналары, компьютерлер мен байланыс арналарын байланыстыратын механикалық және электрлік құрылғылар.
Бір-бірімен байланысқан компьютерлер жүйесін суретшілер көзге осылай елестетеді
Интернет жазықтықтағы емес кеңістіктегі құрылымнан тұрады. Оның мәлімет тасымалдауы мыналар арқылы орындалады: • байланыстың кабельдік арналары, • байланыстың спутниктік арналары, • Радиореле жүйелері арқылы, • кабельдік теледидар және басқа да арналар арқылы. Интернеттің физикалық архитектурасын кез келген байланыс арналары – кәдімгі немесе енді шығып жатқандары да - атқара алады.
Волоконно-оптический кабель Желідегі компьютерлер әртүрлі байланыс арналарымен мәлімет алады
Программалар: 1. мәліметтерді кез келген арна арқылы жөнелтіп, кез келген компьютерде оларды қабылдап алып, бастапқы қалпына келтіре алатындай дәрежеде түрлендіре алады; 2. жұмыстың бірыңғай хаттамалармен жүзеге асырылуын қадағалап отырады; 3. бөлініп тасымалданатын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді; 4. Желіні бақылап отырады, егер арналар бөлігі істен шықса немесе қалыптан тыс мәліметі көбейсе, оларды басқа бағыттағы арна жолдарымен тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Программалық жабдықтамалар екі топқа (класқа) бөлінеді: • сервер-программалар, тұтынушылар компьютеріне қызмет ететін желі торабында (негізгі түйінді компьютерде) орналасады; • клиент-программалар, тұтынушылар компьютерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.
Информациялық компонент Интернеттегі желілік құжаттардан, яғни Желіге қосылған немесе Желіге кіретін компьютерлерде сақталатын құжаттардан тұрады.
Әрбір қызмет бабы үшін өзіндік серверпрограмма және өзіндік клиент- программа қажет болады. Мысалы, электрондық пошта серверлері мен клиенттері, телеконференциялардың да өз серверлері мен клиенттері болады. Қазіргі кездегі браузерлер (навигаторлық программалар, сілтеуіштер, көрсеткілер) біртіндеп желінің бірнеше функцияларын қатар атқарып, «әмбебап» клиентпрограммалар рөлін ала бастады.
Хаттама (протокол) – желі бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін мәліметтер форматы мен байланысу ережелерінің жиыны. TCP (transfer control protocol) мәліметтерді пакеттерге бөліп тасымалдауды жүзеге асыратын хаттама түрі. IP (Internet protocol) - желідегі пакеттерді адрестеу хаттамасы
Базалық (негізгі) протоколдар, Интернеттегі компьютерлер арасында кез келген электрон-дық мәліметті физикалық түрде тасымалдауға жауапты хаттамалар (IP және TCP). Бұлар бір-бірі-мен өте тығыз байланыста жұмыс істейтіндіктен олар-ды көбінесе бір сөзбен «TCP/IP протоколдары» деп айта береді; қолданбалы протоколдар Интернеттегі арнайы қызмет баптарының жұмысын қамтама-сыз ететін жоғары деңгейдегі хаттамалар: http протоколдары (гипермәтіндік мәліметтерді тасымал-дау), ftp протоколы (файлдарды тасымалдау), telnet протоколы (қашықтан қатынасу), SMTP және POP 3 - электрондық пошта хаттамалары, т. б.
Провайдерлерді мынадай топтарға бөледі : халықаралық ұлттық Аймақтық (региональдық)
Желідегі компьютерлердің байланысу схемасы: одан тұтынушылар Интернетке жергілікті желілер арқылы немесе тікелей кез келген провайдерге қосылу жолымен шыға алатыны көрінеді.
IP - телефония IP-телефония - Интернетті немесе кез келген IPжелісі арқылы телефонмен сөйлесу технологиясы. Жұмыс режимі: • телефон - телефон; • компьютер - телефон. Бағасы: • АҚШ - 0, 17 у. е. /мин, • Германия - 0, 18 у. е. /мин, • Қазан - 0, 04 у. е. /мин, • Владивосток - 0, 07 у. е. /мин
IRC (Internet Relay Chat) —жастар үшін кең тараған қызмет түрі. Бір IRC серверіне қосылып бірден әңгіме жүргізуге болады. Әңгіме тікелей пернеде сөздер теру арқылы жүреді. Телеконференциядан айырмасы жауап бірден келеді. Мұны көбінесе чат немесе әңгімелесу деп айтады ( «болтушка» ).
IRC қызметі IRC (Internet Relay Chat - Интернет арқылы тікелей хабарласу - чат) – мұнда мәлімет алмасу бірден тікелей жүргізіледі. IRC қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісі тікелей хабарласуы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чатконферен-ция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйе-сіне қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және оған бірнеше адам ғана қатынаса алады.
ICQ қызметі ICQ (I seek you – мен сені іздеймін) – нақ-ты уақыт кезеңінде тікелей хабарласу ісін жүргізу-ге мүмкіндік береді. Осы сәтте Интернетке қосы-лып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмір UIN алу қажет. Интернетке қосылған сайын ICQ программасы IPадресіңізді қызмет орталығына, сіздің әріптестеріңізге де жібереді. Байланыс орнатылғаннан кейін әңгіме сияқты жалғаса береді.
Шлюз (тоған) — әртүрлі протоколдармен жұмыс істейтін желі бөліктерін бір-бірімен байланыстыруға арналған программалық-аппараттық құрал. Шлюз әртүрлі желілер мәліметтерін бір-біріне сәйкес келетіндей етіп түрлендіреді.
Прокси-сервер (Интернет пен жергілікті желі арасында тұрады) — желідегі мәлімет тығыздығын азайтып, тасымалдау жылдамдығын өсіру үшін пайдаланылатын байланыс компьютері. Прокси-серверде тұтынушылар көп қажет ететін мәлімет белгілі бір уақыт кезеңінде сақталып тұрады. Егер бір тұтынушы жақын арада бір Web-парақты қараған болса, екінші тұтынушы да сол мәліметті керек етсе, ол оны прокси-серверден алады. Екінші тұтынушы мәліметті түп нұсқадан алдым деп ойлайды.
Маршруттауыш (Router ) — бірнеше арналармен қатар жұмыс істеп, келіп түскен кезектегі мәліметтер блогын (пакетті) солардың біріне жөнелтетін құрылғы. Маршруттауыш келіп түскен пакеттің тақырыбында жазылған адреске сәйкес бір арнаны таңдап алады. Маршруттауыш әрбір пакет үшін, ол баруға тиіс адреске баратын жолды жеке таңдайды. Информацияны тасымалдау жолын таңдап алу процесін маршруттау деп атайды.
Байланысу құрылымы Провайдер маршруттауышы Модем Интернет Арнайы бөлінген арна Тұтынушының жергілікті желісі Брандмауэр, Прокси-сервер Тұтынушы маршруттауышы Модем
4. Интернет желісін ұйымдастыру принциптері IP-адрестеу Интернетке қосылған әрбір ЭЕМ-нің өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады. (IP-адресі). Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы 0 мен 255 санының арасындағы кез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы: 194. 84. 93. 29 немесе 128. 29. 15. 124 Осылай адрестеу жүйесі 2564 4, 3 миллиард компьютер адресін анықтай алады. Дәлірек айтқанда физикалық адрес 32 -разрядты екілік сан (4 байт) ретінде жазылады.
Аймақтық домен аттары Домен by uk uz kg kz ru us ua Аймақ (Регион) Беларусь Ұлыбритания Өзбекстан Қырғызстан Қазақстан Ресей АҚШ Украина Домен аты 2— 4 сөзден тұрады, жоғарғы (оң жақ шеткі) домен желі торабы орналасқан елді немесе ұйымның типін (АҚШ-та) көрсетеді.
Атқаратын жұмысына қарай берілетін домен аттары
Домендік аттардың құрылуы ns. ru ns. com ns. sun. com ns. ifmo. ru com sun ifmo press. sun. com ru cde. ifmo. ru
5. Интернеттің қызмет баптары Информацияны тарату қызметтері: WWW, Gopher, FTP, Telnet. Электрондық түрде мәлімет алмасу қызметтері: Е-mail, Usenet, Maillists, ICQ, IRC, IP-телефония.
Web – сайт мысалы МАЗМҰНЫ 1. Жалпы мәліметтер 2. Жұмыс технологиясы 3. Қорытынды ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫ Осы бөлімді оқыған соң жұмыс технологиясы бөліміне ауысу керек Егер түсінбей қалсаңыз, алдыңғы бөлімге ауысыңыз, әйтпесе – қорытындыларға барыңыз Оқып болған соң, мазмұнға аусыңыз
Web-парақтар арнайы құрылған HTML (Hyper Text Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі - язык разметки гипертекста) тілінде жасалады да, желі бойынша HTTP (Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау протоколы – протокол передачи гипертекста) протоколы көмегімен таралады. Web – парақтарды көру үшін көрсеткі (обозреватель) немесе навигатор деп аталатын арнайы программа (Internet Explorer, Netscape Navigator, Mosaic) қажет. Оны броузер (browser) деп те айтады.
TELNET қызметі Telnet – сіздің компьютеріңіз желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, университеттердің кітапхана каталогтарын көріп, олармен өз компьютеріңіздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (редакциялау және түзету операцияларын қоса).
Usenet— желі бойынша таралып орналасқан дискуссиялық клуб, телеконференциялар, жаңалықтар тобы (News). Бұл қызмет түрі NNTP (Net News Transfer Protocol) протоколымен жүргізіледі. Электрондық поштадан айырмашылығы -- Usenet клиенті өз мәліметтерін жеке адресатқа емес, өзі білмейтін ортадағы басқа топқа – телеконференция абоненттеріне жібереді. Конференцияның барлық қатынасушылары бірдей құқықта болып саналады, сондықтан әрқайсысы қойылған мәселе жайында өз пікірін ашық айта алады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымға, өнерге, спортқа, демалысқа, т. с. с. ) арналады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қазірде Интернетте 20 000 -нан 50 000 -ға шейінгі тақырыптарда телеконференция жүргізіліп жатыр.
Телеконференциялық топтар атаулары
АБ-31 Исаберген М.Б.ppt