Слайд Жанна.pptx
- Количество слайдов: 14
Орындаған: Қылышбек Жанна Қабылдаған: Тұрдалиева Шолпан
Мазмұны КІРІСПЕ І. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫН ЖӘНЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1. 1. Толық емес отбасы құрылымының қоғамдағы рөлі 1. 2. Толық емес отбасындағы баланы тәрбиелеу және дамыту стилі 1. 3. Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуына толық емес отбасының ықпалы II. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ 2. 1. Толық емес отбасының жеткіншекке ықпалын анықтау 2. 2. Ата–аналарға психологиялық көмек көрсету жұмыстары 2. 3. Жеткіншектерге арналған психологиялық түзету –дамыту теникалары ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2007 жылғы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауының он тоғызыншы бағытында: «Жеке тұлғада парасатты экономика негіздерін қалыптастыру. Ондай экономиканы құру үшін, ең алдымен өзіміздің «адами қазынамызды» молайтуымыз керек екені анық» , -делінген. Осы жолдау экономика талабына шыныққан, өмір қиындықтарына мойымайтын, жігерлі жеке тұлғаны қалыптастыруды міндет етеді. Мамандардың көрсеткіштеріне сүйенсек, отбасы қажеттіліктерін қамтамасыз ету әрбір жеке тұлғада қобалжу туғызып, сыртқы және ішкі деңгейде көрініс табады. Демек, оның дене және психикалық саулығына әсер ететіні сөзсіз.
І. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫН ЖӘНЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1. 1. Толық емес отбасы құрылымының қоғамдағы рөлі Ұзақ өмір әліппесі – отбасы тәрбиесі. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес, адами қасиеттерге баулу маңызды мәселе. Қай халықта болмасын отбасын құрған ерлі –зайыпты баласының болуын армандайды. Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермейді. Соған қарамастан отбасы үшін баланың орны ерекше. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Соны біле тұра қазіргі таңда жастар үйлене салып ажырасып жатады.
Отбасы тұрақсыздығының нәтижесінде отбасының бірнеше типтері қалыптасады. 1. Жалғыз ана, бір өзі балаларымен тұрады. 2. Ажырасқан әйел балаларымен күйеуінің немесе өзінің ата-анасымен бірге тұрады. 3. Ажырасқан әйел баласын ата-анасына беріп, өзі бөлек тұрады. 4. Ажырасқан әйел күйеуінің рұқсатымен немесе рұқсатынсыз өз баласын әпке-сіңлісіне немесе ағаінісіне береді. 5. Ана маскүнемдікке салынуға немесе психикалық ауруға шалдығуға байланысты аналық құқығынан айрылады. 6. Бала ешкімге керек емес.
1. 2. Толық емес отбасындағы баланы тәрбиелеу және дамыту стилі Жеткіншекте психологиялық қақтығыс көбіне өзіне ғана емес, тікелей қоршаған ортаға деген көзқарастан туындап отырады. Психологиялық дағдарыс салдары жеткіншекте келесі сезгіштік көрсеткіштер танытады: баланың қысым көруі, отбасы қатынасындағы мейрімсіздік, ата –анасынан айырылуы арқылы психологиялық соққы алу, ұялшақтық, ал дарынды балаларда нақты жетістіктерге қол жеткізіледі. Осы жаста өз дене бітіміне көңілі толмау, соған байланысты ашуланшақтық сезіліп, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгеріп, тәуелсіздікке талпыну барысында жөнсіздік, дөрекілік байқалады. Сондықтан қақтығыс балаларда дербестікті қажет етуінен, ал ата –ананың жауапкершілікті толық сезінуінен туындайтыны белгілі болды.
1. 3. Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуына толық емес отбасының ықпалы Бала дамуына көптеген факторлар әсер етеді. Себебі оның дамуы — күрделі процесс. Баланың дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Некелік-отбасылық қатынас адамзаттың өзара қарым-қатынасында жетекші маңызға ие. Сондықтан жастарды бұл қарым-қатынасқа даярлау әрбір өркениетті қоғам үшін үлкен қызығу тудыратыны даусыз. Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі. Тәжірибеге қарағанда, баланың психологиялық тұрғыдан қалыпты дамуы отбасында дұрыс қарымқатынастың болуына, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ұнатуына, құрметтеуіне, отбасында еңбектің дұрыс жолға қойылуына байланысты екенін көрсетеді. Мұндай ортада бала көңілді әрі қалыпты өсіп дамиды.
II. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ 2. 1. Толық емес отбасының жеткіншекке ықпалын анықтау Отбасындағы эмоциялық қатынастың балаға ықпалын анықтау Авторлары: Е. Бене және Д. Антони ( 1999) Әдістемелік тест отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көзқарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік бар. Баланың қандай психологиялық қорғану мүмкіндігі бар. Баланың қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін білуге болады.
«Отбасының кинетикалық суреті» тестісі Тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдау туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелерене қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.
Ата –ананың балаға қарым –қатынасын анықтау Авторлары: А. Я. Варга, В. В. Столин. Бұл –психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу мәселесі жөнінде ата –аналық қарым – қатынасты айқындауға арналған. Ата –аналық қарым –қатынас дегеніміз –балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс –әрекет стереотиптерінің ерекшеліктері.
2. 2. Ата –аналарға психологиялық көмек көрсету жұмыстары «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» жаттығу өткізіледі. Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
2. 3. Жеткіншектерге арналған психологиялық түзету – дамыту техникалары Мектепке алғаш барған кезде шағым мәселесі баланың мінез –құлқына, жекелік ерекшелігіне байланысты болып келеді. Бұл мәселені микрожүйеде, отбасының психологиялық қызметі туралы қарауда отбасы жүйесінің үйлесімсіздігі дәлел бола алады. Бала мәселесіне ата –ана өзара қатынасы да жатуы мүмкін. Психолог –кеңесші диагностика жүргізе отырып, баладағы ауытқудың сипатын анықтайды. Қажет деген жағдайда арнайы мамандарға ұсыныс беру (логопед, психоневролог, дефектолог). Негізгі жұмыс баламен жүргізіледі, онда ата –ананың уайымы мен қарсыласуына көңіл бөлмеу қажет. Психолог –кеңесші алынған нәтиже көрсеткішімен міндетті түрде ата –ананы хабардар етіп, таныстырып отырады.
Қорытындылай келе, курстық жұмысымның нәтижесіне сәйкес толық емес отбасындағы ата –аналар мен балалар қарым – қатынасына келесідей ұсыныстар жасаймыз. 1. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады. 2. Отбасының психологиялық жағдайын диагностикалауға арналған әдістемелердің басым көпшілігінің психокоррекциялық әсері мол 3. Психокоррекциялық іс-шараларға ата-аналармен қатар балалары да қатысуымен жүргізілсе отбасында орын алған келіспеушілік, шағымдану, басқа да қақтығыс жағдайларды талдау және оны шешу жолдарын анықтау, тіл табысу мәселерін шешу тиімділігі арта түседі. 4. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 5. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 6. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 7. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 8. Балаға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 10. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
Слайд Жанна.pptx