
Нурбек-тарихшы.ppt
- Количество слайдов: 13
Орындаған: Қиғамбек Н. Т. Қабылдаған: Жаманбаева А. С.
«Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры. Бұл қандай мамандық ? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым.
Оқытушы бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары көрсеткіштерге жетеді Педагог - әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының бірі – әдіскерлік мәдениетін өзін - өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер – педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып табылады.
• Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.
ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек ? Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды. Педагог – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Педагог – шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі. Педагог тәрбиеші. Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі – тәрбиешілік. Педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға, әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды.
q Жалпы мен таңдаған мамандық тарихшы педагог. «Тарих» сөзі қайдан шықты? Қазақтың тарихы қаншалықты қызық, оны ұғыну, түсінудің мәні не деген сұрақ кез-келген адамды қызықтырмай қоймайды. q Тарих сөзі көне грек тіліндегі "сұрастыру", зерттеу" ұғымынан пайда болған. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажет болды. Көне Рим тарихнамасында (қазіргі заманда тарихнама тарихты зерттейтін тарих ғылымының бір саласы) бұл сөз тану мақсатында емес, әңгімелеу мақсатында қолданылған. Кейіннен тарих деп барлық оқиға, факт, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады.
К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды» , - деп жазған.
Иә, қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарында білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғырту процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаhандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. Жаңа заманның жас жеткіншектері жаhандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Ақпарат легі өте көп. Сондықтан бүгінгі ұстаз олардың сапасымен тәрбиелік көп көңіл бөліп отыруы керек. Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені ойландырмай қоймайды. Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында биікке шығара алсақ сонда ғана алдымызға қойған міндеттер іске асады деп ойлаймын. оқуға түсу барысындағы іріктеу – мұғалімдікті шын қалағандардың арасында ғана талғампаздықпен жүргізілуі керек. Жас өскін талапкерлердің мұғалімдікке табиғи икемділігі, мамандыққа мақсатты түрде бет бұруы бірінші кезекке шығарылып қойылуы тиіс
Менің ұғымымда: 1. • біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. 2. • Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. 3. • Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. 4. • Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез-құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеу. 5. • Бесінші, алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептерді дер кезінле айқындап, оның алдын алу немесе болған жағдайларға сәйкес тәрбие бағдарын жедел өзгерту
Тарихтың қалыптасып дамуы. Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. «Шежіре» сөзі – есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салушы б. з. б. 484 -425 жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы, жиһанкезі Геродот болып есептеледі. Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, Батыс әлеміне «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал Шығыста тарихтың атасы деп Сыма Цяньді атайды. Ол б. з. б. 145 -86 жылдар аралығында өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» ( «Ши цзи» ) қалдырды. Бір ескертетін мәселе, өзге патшалықтар сияқты Қытайда да жылнамалар жазу дәстүрі ертеден бар еді. Сыма Цянь солардың бәрін жинақтап, жүйеледі. Б. з. б. 3 мыңжылдықтан бастап, өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап, ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад – Дин болды. Ол кісі 1247 -1318 жылдар аралығында өмір сүріп «Жами ат-тауарих» ( «Жылнамалар жинағы» , парсы тілінде) кітабын жазды. Бұл кітап Ұлы дала өркениетінің көшбасшылары Алаша хан, Уыз хан туралы аңыз-деректерден басталады.
Мен Қиғамбек Нұрбек болашақта тек педагог маманымен ғана шектеліп қалмай, атақты археолог, сындарлы архивші, музей саласының да табалдырығын аттаймын деген үлкен сенімдемін!
Қорытынды ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың биік шыңда дамыған заманы. Ғылымның өрісі кеңейген сайын, техника да өрісін жая бастады. Мысалы, бүгінгі таңда бір ас үйіне арналған сан алуан тұрмыстық техникалық жабдықтар бар. Атап айтар болсақ, асты жедел жылыту, суыту, еріту мақсатында қолданылатын қысқа толқынды пештер. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне де биыл 19 жыл толады. Тәуелсіз еліміздің болашағы да, тірегі де біз. ХХ ғасырды кейінге тастап, ХХІ ғасырдың жастары, яғни біз, жан-жақты, кәсіби біліммен қаруланған, саналы, алдағы болашағы жарқын жастар болуымыз керек. Елге дәмді тағам сыйлау арқылы адамдарға қуаныш сыйлау – ол үлкен бақыт. Адамдарға шаттық сыйлаудан асқан бақыт жоқ шығар, сірә? Сол үшін де мен өз болашақтағы мамандығыммен мақтана да, шаттана да аламын. Сондықтан әрбір жан өз елінің бір кірпіші боп, елінің үмітін, мамандығының шебері болып қаланса нұр үстіне нұр болмақ! Сол үшін де білімді де, білікті маман болып, елдің үмітін ақтай білейік! Мен Қиғамбек Нұрбек болашақта тек педагог маманымен ғана шектеліп қалмай, атақты археолог, сындарлы архивші, музей саласының да табалдырығын аттаймын деген үлкен сенімдемін.
Назарларыңызға рахмет. . .
Нурбек-тарихшы.ppt