
fqnsc.pptx
- Количество слайдов: 16
Орынбай Кертағұлы. Қазақтың белгілі айтыскерлері.
Орталық Қазақстандағы қарауыл елінен шыққан белгілі ақын Орынбай Кертағыұлы 1813 1890 жылдар арасында өмір сүрген. Көкшетау облысы, Айыртау өңірі, Ақбас көл мен Сары өзен бойында дүниеге келген. Ақындық өнерімен елге ерте танылып, 10 15 жасынан ел аузына ілінеді, ойын сауықтың гүліне айналады. Оның Шортанбай, Арыстан, Сералы, Тоғжан, Ақан сері, Шҿже, Дана сияқты ақындармен айтысқаны туралы мәліметтер бар.
Ақынның Қожамен айтысы 1883 жылы Я. Лютшьтің ―Киргизская хрестоматиясында жарияланған. Оның Арыстанбай ақынмен айтысы Сәкеннің жинағына да енген. 1929 жылғы ―Жаңа әдебиет журналының 12 санында басылды. “Базылға”, ”Ерден батырға” өлеңдері осы топқа жатса, екінші топқа сын сықақ ретіндегі мына өлеңдері жатады: “Нүркей ақынға”, “Бексұлтан байға”, “Бари ахунға” айтқандары. Ақынның халықтық салт негізінде шығарған Шоқан қазасына қатысты Шыңғыс пен Зейнепке естіртуі, ауырып жатқан Жазы бидің көңілін сұраулары сақталған. “Жүз жұлдыз”, “Адам атаның жайы” деген көлемді толғаулары да бар. “Адам атаның жайы” толғауы діни аңыздар негізіне құрылған. Айтысқан ақындарына берген мінездемелеріне қарап, ақпа ақынға тән табан аузында сөз табар шеберлігін байқаймыз.
Орынбай әсірісе, Серәлімен айтысы ерекше. Бұл айтыста қазақ елінің тенсіздігі сөз болады. Ақын үстем тап өкілдерінің озбырлығын, алдамшы қожалар өмірін әшкерелейді. Олардың мысықша өтірік мүлгіп отырып , момынның малына бас салатын, құлқыны тойып көрмеген құлғындар екенін бетіне басады. Момынның малын жейді зекет алып, Кеңісте кеткен аузы қалыптанып. Қожа біткен Сыр Қуанға барған шығар, Елді алдауға құранын алған шығар. Алты алаштың баласын қойдай сауып, Қоржын салмақ қожадан қалған шығар.
“Адам атаның жайы” толғауы діни аңыздар негізінде баяндалған. Ал басқа екі толғау реалистік өмірдегі қоғамдық мәні бар мәселе құрылған. Ел ұйтқысын кетірушілерге, озбыр үстем тап өкілдеріне наразылық білдіріп, өзінше адамгершілік ойлар ұсынған.
Орынбайдың аты Шоқан шығармаларында да , ақынды қазақ жерін арлаған поляк жазушы А. Янушкевич те 1846 жылы көрген. Ол өзінің осы сапары туралы жазған “Қазақ даласына саяхат кезіндегі хаттар мен күнделіктер” деген еңбегінде Орынбай талантты , суырып салма, ерекше орындаушылық қабілеті бар, 30 жастағы пысық ақын екенін көрсеткен. А. Янушкевичтің аталған кітабы “Қазақстан” баспасынан орыс тіліне аударылып, 1996 жылы шықты.
Айтыс – поэзиялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында. "Қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген. 1989 жылы Алматыда өткен айтыста ақындар өздеріне деген талапты күшейткенін байқатты. Ең бастысы, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну ден ала бастағанын көрсетті. Олар ойлы, жүйелі сөз үлгілерін танытты. Айтыскер ақын Әселхан Қалыбаева (Шымкент) қарсыласы Әзімбек Жанқұлиевке сұрақ қояды: Қайнысы жеңгесіне абай болар, Кезегі бұдан соң да талай болар. Бір сұрақ сынау үшін берейінші, Жақсы өлең, жаман өлең қалай болар? ! Әзімбек: Қайныңды жеңіп таста шыдамасаң, Алдында жеңгетайлап құламаса. Жаман өлең, жеңеше сол болады, Апырым ай, бар халыққа ұнамаса –
Айтыс сөз тапқырлығының ғана жарысы емес. Қалың жұртқа жеке де, қоғамдық та мәселенің неше алуанын батыл да, айқын жеткізе алатын мүмкіндік тек айтыста ғана бар. Демек, айтыскерге қойылатын талап та өте жоғары. Олар: – Өмірді өзіндік көзқарасымен пайымдай алатын дарындылық пен білімділік; – Жүйелі сөз, ұтымды, ойлы шумақтар төгілетін асқақ шабыт пен қабілеттілік; – Батылдық, өткірлік, шындыққа толы көркем бейнелі сөздер табу; – Жаттанды сөздерге бармау, жасанды ұйқасқа жоламай, уақыт мөлшеріне сыйғызып айтысу; – Мәдениеттілік, әдеп, сыпайылық, біріне құрметпен қарап бағалай білу.
ХХI ғысырдың басында елге жақсы таныла бастаған айтыскер ақын, ойға жүйрік ақын жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, ерекше сөз саптауларымен, тосын теңеулерімен, жарасымды әзіл қалжыңдарымен таныла бастады. Бұл жолдағы талмай ізденіс, жасқанбай ойларын ашық айту, толғағы жеткен мәселелерді жұртшылыққа орнымен жеткізу айтыстың пәрменділігін, әсерлілігін арттырады. Мысалы, ақын Мэлс Қосымбаевтың Дәулеткерей Кәпұлымен айтысында, мынандай: Жүргенде басың қатып саудаменен, Жаныңды алсын бүгін баурап өлең. Орақпенен орылып күні кеше, Балғаменен соғылып қалған өлең. . . , –
Айтыс өзінің биік шыңына намысты қамшылап, егес тартыста шыңдала отырып жетеді. Ақынның әрбір сөзі халық алдында бірден төгіле жырланып, әлеуметтік те, эстетикалық та міндетін орындап отырады. Мэлс Қосымбаев пен Мұхамеджан Тазабековтің айтысында бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы қамтылып, шебер өрілген айбынды сөз көрініс тауып, нағыз айтыстың қиындығы мен қызықтығын таныта түседі. Мысалы, Мұхамеджан: Тарихта қай тұнбадан былғанбадық, Мысалды отырғам жоқ тыңнан алып, Орысша оқымаса өспейді деп, Баланың тәрбиесін бұрмаладық, –
Қазіргі кезде айтысты ерекше шыңға жеткізіп жүрген ақын ағамыз Жүрсін Ерман. Айтыстың осындай биік шығға жетуіне үлкен үлес қосушы. Қазір ешбір айтыс Жүкеңсіз өтпейді, айтысты бір ізділікке салушы тұлға.
Көзі тірісінде-ақ, Оразалы ел сүйіспеншілігіне бөленіп, қазақтың айтыс өнерінің жарық жұлдызына айналған. 1975 жылдың 15 қарашасында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп жасынан дүбірлі додалардан көрінген ол ел көзіне түсіп, жұрт назарында жүреді. Орта мектепті тәмәмдаған соң, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ ситетіні филология факультетіне оқуға ң түседі. Еркін шығармашылықпен айналысып, республикалық айтыстардан көріне бастайды. Өзінің орақ тілімен талай тартыста топ жарып, ресми атаққа ие болмаса да, туған халқының ақтаңгер ұлына айналды. Қысқа ғұмырында ол Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде өткен айтыстарда қазақ атын асқақтатып, ізін басар шәкірт тәрбиелеп үлгерді. Сұм ажал қазақ халқын Оразалыдай ұлынан 2004 жылдың 30 қазанында айырды. Жол апатына ұшыраған ол келмеске кетті. Артынан зар жылап Ажардай жары, өрімдей ұл-қызы, қалың елі қалған еді.
Айтақын Бұлғақов (19. 1. 1960. Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылы) – айтыскер ақын. [1]. 1990 96 жылдары Талдықорған облысы қазақ тілі қоғамында, тіл комитетінде, 1996 97 жылдары Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясында қызмет тер атқарған. Айтыскер ақын ретінде алғаш 1986 жылы Қазақ радиосының "Ұшқын" бағдарламасы ұйымдастырған "Әуе толқыны" айтысына қатысып, жеңімпаз атанған. 2001 жылы Семей қаласында өткен Тәуелсіздіктің 10 жылдығына, 2002 жылы Аңырақай шайқасының 270 жылдығына арналған республикалық айтыстарда 1 ші орынды иеленген. Бүгінге дейін 200 ге жуық республикалық халықаралық айтыстарға қатысқан. "Қозы Көрпеш Баян сұлу" фильмінде (режиссері– А. Әшімов, 1993) бақсы рөлін сәтті сомдаған. 2000 жылы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның көркемсөз оқу шебері.
Айтақын: Жай сөзді мен айтпаймын жайдақталған, Ақынмын қара сөзден қаймақты алған. Алдарыңа кеп тұрмын атой салып, Құлынымды ертіп ап, ойнақ салған. Баламен жағаласты демеңіздер, Хабардар боларсыздар жай жапсардан. Әйтпесе, бұл Айтақын доңыз емес, Ашығып өз торайын шайнап салған. Бұл дағы бір қоғамның қасіреті, Баласын әкесіне айдап салған.
Жандарбек: Уағалейкумассалам, дәу Бұлғақов, Мен үшін асқаралы, тау Бұлғақов. Сахнада балаңмен қауыштырған, Әкетай, өкпелеме тағдырға түк. Жарты өмірің айтыспен өтіп еді, Жер теуіп, домбыраңды даңғырлатып. Балаңмен кездескенің бақ емес пе, Әр нәрседен іздейді әркім бақыт! Ал, енді сен шап десең, мен шабайын, Батыраш құлатпаса аңдып жатып. Маңдайымнан сыйпасаң, құлыным деп, Таңдайымнан жыр төгем жаңбырлатып.
fqnsc.pptx