Ортопедиялық стоматология пропедевтикасының модулі Тақырыбы: Тістерді егегенде жансыздандыру
Ортопедиялық стоматология пропедевтикасының модулі Тақырыбы: Тістерді егегенде жансыздандыру көрсеткіштері.Жансыздандыру,асқынулардың алдын алу.Тістерді салмалар мен винирлерге арнап егеу Орындаған: Нусупова А.А. Факультет:стоматология Тобы: ст10-002-1 Қабылдаған:м.ғ.к.асс. Тебенова Г.М.
Жоспары: IКіріспе II Негізгі бөлім Тістерді егегенде жансыздандыру көрсеткіштері. Жансыздандыру,асқынулардың алдын алу Тістерді салмаларға арнап егеу Тістерді винирлерге арнап егеу III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Заманауи стоматологиядағы жансыздандыру әртүрлі стоматологиялық емшараларды жүргізу кезінде ауырсыну сезімін төмендетіге немесе тоқтатуға бағытталған психопрофилактикалық және медикаментозды әсерлердің кшені болып табылады.
Негізгі бөлім Адамның ақыл-ойы мен санасына ешқандай зақым келтірместен,қолданыс аймағында рецепторлардың сезімталдығын уақытша жойып,жүйкелік перифериялық афферентті аппараттағы өткізгіштікке тосқауыл қоюға қабілетті биологиялық белсенді заттар мен дәрілік препараттарды жергілікті жансыздандыру құралдары немесе жергілікті анестетиктер деп атайды.
Жоғарғы жақтағы тістерді егеген кезде вестибулярлық және таңдай жағынан инфильтрациялық анестезияны қолдану ұсынылады,ал төменгі жақтың тістерін егеу кезінде жиі мандибулярлы және инфильтрациялық анестезияны қолдану ұсынылады.
Жансыздандырудан кейінгі асқынулар: Жергілікті сипаттағы Жалпы сипаттағы
Жергілікті сипаттағы асқынулар: Иненің сынуы Алдын алуы: Алдын алу. Иненің бүтін жаңа екендігін тексеріп отыру, нысанаға жеткенде сыртта 1 см-дей қалатындай ұзынынрақ инені қолдану, анестезия техникасын дәл орындау. Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы Алдын алуы: Жақсы инелерді пайдалану, инені жылжытқанда сүйекті жағалап ине алдына анестетик жіберіп отыру. Бұл асқыну туберал анестезияда жиі кездесетіндігін ескеріп, оны толық қажеттілік туғанда ғана жасау.
Жергілікті сипаттағы асқынулар: Бет терісінің ишемиясы Алдын алуы: Бірақ бұл көрініс көп ұзамайды. Емнің қажеті жоқ. Ауа эмболиясы Алдын алуы: Анестетикті басқа дәрілерден бөтен сақтап, қолданар алдында этикеткасына назар аударып, органолептиктік тексеру (дәмі, иісі, түсі), новокаинге Лукомский сынағын жасау. Таңдайдың шырышты қабығының парезі Алдын алуы: 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, ине ұшы кілегей қабық астында болуы керек.
Жергілікті сипаттағы асқынулар: Жұмсақ таңдай парезі Алдын алуы: 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, анестезия техникасын бұзбау Инъекциядан кейінгі ісік пен аурулар Алдын алуы: Анестетиктер жааңадан даярланған болуы, анестезия кезінде сүйек қабығын жараламау, иненің сүйекке жанай қозғалуы қажет.
Жалпы сипаттағы асқынулар: Талу Алдын алуы:Ем шара алдындағы психоэмоциялық күйзелісті жою.Ине салар кезде көңіл аударатындай жағдай жасау Анафилактикалық шок Алдын алуы:аллергоанамнезді жан жақты талдау.
Жалпы сипаттағы асқынулар: Идиосинкразия Алдын алуы:анамнезін тинақтылап жинау. Сырқатнаманың бірінші бетінде берілген анестетикті көтере алмайтыны туралы жазылу керек. Коллапс Алдын алуы:анамнезін тинақтылап жинау. Мұндай жағдай инсульттен кйін,жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларынан кейін жиі кездесетінін есте сақтаған жөн
Салмаларға арнап тісті егеу Алдымен жергілікті жансыздандыру түрі таңдалынып,егеу алдында жансыздандырылады.Қуысты қалыптастыру тісжегі қуысын кең ашып,кіреукенің үшкір бөліктерін алып тастаудан,пигменттелген фиссураларды сылып тастаудан басталады.Бір уақытта жұмсартылған дентинді алумен қатар қуыс қалыптастырылады.Қалыптасқан қуыс түбінің жазықтығы шайнау қысымының тік бағытталған күшіне перпендикуляр,ал қабырғалары өзара параллель және қцыстың кіре беріс бөлігінде фальц жасалуы тиіс.
.
Тістерді винирлерге арнап егеу
Тістерді винирлерге арнап егеу 5кезеңнен тұрады: тістің вестибулярлы бетін егеу • тісаралық кеңейту • тістің қызылиек аймағын егеп дайындау • тістің кесу қыры мен окклюзиялық бетін егеу • тістің тілдік немесе таңдайлық бетін егеу
Тістерді винирлерге арнап егеу Тісті винирлерге арнап өңдеу ,әр түрлі алмазды борлардың көмегімен жүргізіледі. Стоматологтың міндеті – болашақ винир қалыңдығына тең шамада алдыңғы беттен кіреккені алып тастау Мұның алдында жергілікті жансыздандыру жүргізіліп,тістің вестибулярлы бетіне із түсіріліп ,сол іздер бойынша кіреуке қажетті мөлшерде алып тасталынады. Тісті қызып кетуден сақтау үшін егеуді сумен жүргізу керек. Тісті винирлерге арнап егеу кезінде 0,5-0,7 мм қалыңдықта алынады.
Қорытынды: Заманауи стоматологиядағы жансыздандыру әртүрлі стоматологиялық емшараларды жүргізу кезінде ауырсыну сезімін төмендетіге немесе тоқтатуға бағытталған психопрофилактикалық және медикаментозды әсерлердің кшені болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер С.Р.Рузуддинов,А.А.Седунов,Ю.С.Лобанов «Пропедевтика ортопедической стоматологии» www.zubik.com www.stomfak.ru www.dentic.ru
29342-asia_nusupova_srs.ppt
- Количество слайдов: 21

