
Ахаев Ж.pptx
- Количество слайдов: 18
Орталық жүйке жүйесінің ноцицептивтік жүйесі. Неврологиядағы ауырсыну синдромы Орындаған: Ахаев Ж. Т Тексерген: м. ғ. к доцент Топ: 44 -2 Факультет: Жалпы медицина Алматы 2015 ж.
Жоспары 1. • 2. • • • 3. • Кіріспе Ноцецепциялық жүйе Негізгі бөлім Қабылдағыш, өткізгіш, орталық бөлігі Антиноципцепциялық жүйе Ауырсыну синдромдары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Ноцецепциялық жүйе v Ноцецептивті жүйе шеткі және орталық жүйке жүйесінің құрылымдарының жиынтығынан тұратын, ауырсынуды қабылдайтын, тіннің зақымдану орнына және сипатына жауап беретін жүйе. v Бұл жүйенің қабылдағыш, өткізгіш және орталық бөліктерін ажыратады. v Қабылдағыш бөлігі ауыру туындататын тітіркендіргіштерді шырышты қабықтарда, бұлшықеттерде, буындарда, сүйектердің сыртқы қабықтарында, саусақтардың ұштарында, ішкі ағзаларда, терідеорналасқан арнайы қабылдағыштар (рецепторлар) қабылдайды. Бұларды ноцецепторлар деп атайды. Бұл қабылдағыштар ағзада неғұрлым көп болса, соғұрлым онда ауыру сезімі де қатты болады.
Механорецепторлар Хемоноцицепторлар • механикалық әсерлерге қозады, нәтижесінде натрии иондарына клетка мембранасының өткізгіштігі артады, ал бұл өз кезегінде афферентті талшықта ӘП-ын туғызатын деполяризацияға әкеледі/ рецепторлық потенциал/. • Хемоноцицепторлар химиялық заттарға жауап береді, атап айтқанда , сутегі иондарының, калий иондарының артық мөлшеріне, сондай-ақ брадикинин, гистамин, соматостанин сияқты заттардың әсеріне жауап береді. Модуляторлардың әсерінен осы аталған ноцигендік факторларға хемоноцицепторлардың сезімталдығы артады
• 1. Трансдукция –сезімтал жүйке талшықтарының ұштарында зақымдаушы іс әрекет электрлік белсенділік түріне трансформацияланады. • 2. Трансмиссия –сезімтал жүйке талшықтарының бойымен жұлын арқылы импульстардың таламокортикалды аймаққа жетуі. • 3. Модуляция – ноцецептивті импульстар жұлын құрылымында модификациялануы. • 4. Перцепция –жіберілген импульстардың жеке ерекшеліктеріне байланысты және ауру сезімінің түзілуі пайда болатын қабылдаудың аяқталу үрдісі.
Өткізгіш бөлігі v Ауыру сезімін қабылдағыштардан серпімдерді өткізетін арнайы жүйке талшықтары болады. Екі түрлі талшықтарды ажыратады: 1. Миелин қабығымен қапталған, жуан (жуандығы 1 -4 мкм)- А– талшықтары, серпіндерді секундына 5 -30 метр жылдамдықпен өткізеді; Бұл талшықтардың аяқшалары ауыр механикалық, температуралық ықпалдардан қозады және біріншілік, орныққан қатты ауыру сезімін туындатады.
2. Миелин қабығынсыз, жіңішке (жуандығы 1 мкм-ден аз) - С-талшықтары, серпіндерді секундына 0, 4 -2 метр жылдамдықпен өткізеді. Бұл талшықтардың аяқшалары бүлінген тіндерде пайда болған биологиялық белсенді заттармен қоздырылады. Бұл кезде екіншілік, жақсы орнықпаған, біртіндеп күшейетін, сыздап немесе күйдіріп ауыратын сезім байқалады.
Орталық бөлігі Ауыру сезімі ми қыртысында қалыптасады. Ноцецепторлардан ауыру туындататын серпіндер жұлынға түсіп, одан жұлын таламус жолымен сопақша және ортаңғы ми арқылы таламустың ядроларына жетеді. Бұл ядродан серпіндер ми қыртысына тарайды, онда серпіндердің талдануы, ажыратылуы болып, ауыру сезіледі. • Сонымен бірге, ноцицепторлардан шыққан серпіндер сопақша және ортаңғы ми деңгейлерінде торлы құрылымға, таламустың ядроларына, ми қыртысына, лимбикалық жүйенің нейрондарына тарайды. Осыдан ауыру туындататын серпіндердің әсерлерінен ауыру сезімімен қатар, қорқыныш, үрей т. б эмоциялық сезімдер пайда болады. •
• Жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде ноцицепторлардан шыққан серпіндердің біразы олардың қимылдық нейрондарына ауысып, аяқ қолды бүгетін бұлшық еттердің жиырылуына әкеледі. Сондықтан ауыру туындататын тітіркендіргіштерге жауап ретінде адам олардан тез аяқ қолын тартып алады. • Ноцицепторлардан шығатын серпіндердің біршамасы жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде дербес жүйкелік жүйелердің миға бағытталған нейрондарына өтеді. Осыдан ауыру туындататын тітіркендіргіш әсер еткенде дербес жүйкелік рефлекстер(қантамырларының жиырылуы, беттің бозаруы, көз қарашығының кеңуі) дамиды.
Антиноцицепциялық жүйе v Ауыру туындату жүйесіне қарсы жүйе болып табылады. Ол жұлын миына және жүйке жүйесінің барлық бөліктерінде орналасқан және дерттік ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға бағытталған жүйе. Оның әсері әлсірегенде тіпті болар- болмас ауыру туындататын ықпалдан қатты ауыру сезімі пайда болады.
Неврологиядағы ауырсыну синдромы • Тұрақты ауырсыну – дененің бір бөлігі зақымданса, дәл сол тұсында ауырсыну сезілуі. • Проекциялық ауырсыну – дененің белгілі бір кескінінің немесе аймағының ауырсыну, яғни белгілі бір нерв бағанасының тітіркенуіне байланысты сол нервтендірітін аймақтарға ауырсынудың таралуы.
• Иррадиациялайтын ауырсыну – ауырсыну сезілуінің нервтің тітіркенген тармағы аймағынан сол нервтің зақымданбаған тармақтарына байланысты аймақтарын тегіс қамтуы. • Шағылысқан немесе рефлектікреперкуссиялық ауырсыну - ауырсыну сезілуінің зақымданған нервке байланысты тұсынан басқа зақымданбаған нервтерінің біріне қатысты аймақтарға таралуы.
• Реактивтік ауырсыну – нерв тармақтары қысылғанда немесе созылғанда сезілетін ауырсыну. • Каузалгия - ауырсынудың теріні күйдіргендей болып сезілуі. • Фантом ауырсыну – тыртықтану немесе нервтің кесілген ұшында неврома пайда болуына байланысты ауырсынудың қолдың немесе аяқтың кесіліп алынып тастаған бөлігіне таралғандай сезілуі. • Синестезиалгия – дененің зақымданбаған тұстарын инемен шұқылағанда жарақаттанған қолдың немесе аяқтың ауырсынуы.
Қорытынды • Ауырсыну синдромдары ағзада болып жатқан өзгерістерді сыртқы ортаға көрінуін қамтамасыз етіп, ауырсыну пайда болғаннан кейін науқастар дәрігерге қаралып қандай өзгерістер болып жатқаны туралы біліп ертерек емдеуге көшеді.
Пайдаланылған әдебиет: • Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х. К. , Нілдібаева Ж. Б. , Өтепбергенов А. А. – Алматы: «Білім» , 2005 ж. • Неврология / оқулық – С. Қайшыбаев I том – Алматы 2009 ж. Әділман Нұрмұхамбетұлы «Клиникалық патофизиология» 11 -42 бет, 2010 ж Алматы; Гусев Е. И. , Гречко В. Е. , Бурд Г. С. «Нервные болезни» 231 - 242 бет, 1988 г Медицина • Интернет желілері
Ахаев Ж.pptx