Айдана.pptx
- Количество слайдов: 12
Орта Азиядағы қауіпсіздік қызметіндегі АӨСШК - нің алатын орны
Штаб-пәтері Алматы, Қазақстан Жұмыс тілі Орыс және Ағылшын тілдері Түрі Кеңес Мүшелігі 26 мүше 7 бақылаушы Ұйымдастыруы 1992 Қазанның 5
Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47 -сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993 -1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған көп жақты тәсілдерді пысықтау арқылы ынтымақтастықты нығайту. Бақылаушылары: АҚШ, Жапония, Индонезия, Малайзия, Украина, Филлипин, Шри-Ланка (мемлекеттері); БҰҰ, ЕҚЫҰ, Ар. МЛ, Түрк. ПА (ұйымдар). Қазіргі төраға: Қытай Халық Республикасы (мамыр 2014 2016 жж. ).
Қазақстан Бахрейн Вьетнам Ауғанстан Әзербайжан Израиль Иордания Өзбекстан Ирак Палестина Камбоджа АӨСШК мүше мемлекеттер Пәкістан Бангладеш Ресей Қатар Таиланд Иран Тәжікстан Корей Республикасы Түркия Үндістан Мысыр БАӘ Қырғызстан Монғолия Қытай
Саяси органдары: 1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), 2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), 3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым) Жұмыс органдары: 1) Арнайы жұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК) АӨСШК құрылымы мен инститтары Атқарушы органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық
Б А С Т Ы К Е З Д Е С У Л Е Р I-ші СІМК (1999), Бірінші Саммит (2002) IІ-ші СІМК (2004), Екінші Саммит (2006) IІІ-ші СІМК (2008), Үшінші Саммит (2010) Төртінші СІМК (2012), IV Саммит (2014)
Азия кеңесінің Бірінші Саммиті. 2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Саммиті өтті. Осы Саммитке Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан Президенттері, Әзірбайжан және Үндістан Премьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестина және Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ басшылары қатысты. Басқосу барысында Алматы Актісіне, Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды. Азия кеңесінің Екінші Саммиті 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. Саммит барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Саммиті декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге қол қойылды. Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы, күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы қажеттілігіне көңіл бөлінді. Кеңестің тұрақты негізде қызмет ететін органы - Хатшылықты құру туралы шешім 2002 жылы II-Басқосу кезінде қабылданды. Азия кеңесі хатшылығы туралы Келісімгі сәйкес, Хатшылықтың штаб-пәтері Алматы қаласында орналасты.
Азия кеңесінің Үшінші Саммиті. 2010 ж. 8 -ші маусымда Ыстанбұл қаласында АӨСШК мүше-елдерінің мемлекет пен үкімет басшыларының 3 -ші Саммиті өтті. Саммит бірінші рет Қазақстаннан тыс жерде ұйымдастырылды. Осы кездесудің барысында төрағалық Кеңестің тарихында бірінші рет Қазақстаннан Түркия Республикасына табыс етілді. Саммитке 9 мемлекет пен үкімет басшылары, 6 вице-президент, парламент спикері, вице-премьер, 14 министр және арнайы өкілдері, сондай-ақ 16 халықаралық ұйымның басшылары қатысты. Бұл басқосудың негізгі ерекшелігі ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымен сәйкес келді. Еуропалық ұйымның аясында 2010 ж. 7 -ші маусымында Ыстанбұл қаласында «ХХІ ғасырдағы Еуразия кеңестігіндегі экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында арнайы іс-шара өтті. АӨСШК IV Саммиті 2014 жылғы 20 -21 мамырда Шанхай қаласында (ҚХР) өтті, аталған басқосуда төрағалық Түркиядан Қытайға табысталды. Саммитке 47 мемлекет және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. АӨСШК Саммитінің жұмысына алғаш рет БҰҰ Бас хатшысы қатысты, Қатар мен Бангладеш Форумның тең мүшелері ретінде қабылданып, бірқатар маңызды құжаттар, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға және Хатшылықтың, сондай-ақ, оның мүшелері қызметінің ұйымдастырушылықтехникалық шеңберін айтарлықтай нақтылаған жаңа АӨСШК Рәсімдер қағидаларына қол қойылды және қабылданды.
Назарларыңызға рахмет!
Айдана.pptx