
КарА 15 Ануар.pptx
- Количество слайдов: 8
Орман материалдарының карантиндік нысандарын фитосанитарлық тексеру
Карантинге жатқызылған ағаш тектес өнімдерге мыналар жатады: • барлық ағаш материалдары – жұмыр және тілінген, қысқартылған және қысқартылмаған; • отындық ағаш сүректері, жоңқалар және ағаш жаңқалары, ағаш үгінділері мен ағаш қалдықтары; • күбілік ағаштар, ағаш бұйымдары мен олардың бөліктері, бөрендер, бағаналар мен қазықтар; • ағаш шпалдар; • кесілген ағаш дайындамалар, оған тақтайлар, жұқа тақтайшалар, паркеттер де жатады; • ағаш жәшіктер, ағаш сүректерінен жасалған ыдыстар, барабандар, ағаш тұғырлар, жүк артатын қалқандар; • ағаштан жасалған құрылыс бұйымдары
Қазақстан Республикасында өсімдік карантинін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе органдары орман карантині бойынша мынандай шаралар жүргізеді: * ағаш жүктеріне фитосанитарлық сертификаттар береді * ағаш өнімдерін карантиндік тексеріп, зертханалық сараптаудан өткізеді; * ағаш материалдары мен көлік құралдарын зарарсыздандырады * фитосанитарлық талаптар жөніндегі ақпараттарын береді
• КС алу үшін жүк жөнелтуші ағаш (орман) материалдарын жөнелтуден бұрын 15 күннен кешіктірмей өсімдік карантині жөніндегі өкілетті органға мына жайттарды көрсете отырып өтініш беруге міндетті: • ағаш материалдарының аты-жөні мен мөлшері; • ағаш сүрегінің шығу тегі; • ағаш сүрегінің тұқымы; • ол жеткізілетін бекеттің (кемежай, кеме тоқтайтын жер, темір жол станциясы т. б. ) аты; • алушының аты-жөні мен мекен-жайы; • ағаш материалының жөнелтілген мерзімі; • алушының материалдарға деген қосымша фитосанитарлық талаптары. • Карантиндік сертификат үш дана етіліп толтырылады: бірінші және екінші данасы жөнелтушіге беріледі, үшінші данасы оны берген өсімдік карантині жөніндегі өкілетті органда қалады.
КарА 15 Ануар.pptx