Ахмет Акжибек.pptx
- Количество слайдов: 17
ОПТИКА (ГР. OPTІKE – КӨЗБЕН ҚАБЫЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМ, OPTAS – КӨРІНЕТІН) – ФИЗИКАНЫҢ СӘУЛЕ (ЖАРЫҚ) ШЫҒАРУ ТАБИҒАТЫН, ЖАРЫҚТЫҢ ТАРАЛУЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАТПЕН ӘСЕРЛЕСУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ЗЕРТТЕЙТІН БӨЛІМІ
ОПТИКАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ КВАНТТЫҚ ТОЛҚЫНДЫҚ
ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКА ЗАҢДАРЫ ЖАРЫҚТЫҢ БІРТЕКТІ ОРТАДАҒЫ ТАРАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСЕПТЕРДІ ҒАНА ЕМЕС, ӘРТҮРЛІ БЕТТЕРМЕН ШЕКТЕЛГЕН ӘРТҮРЛІ ОРТАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ АРҚЫЛЫ, ЯҒНИ КЕЗ-КЕЛГЕН ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ ТАРАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. БІРАҚТА МАҢЫЗДЫ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘНІ БАР КӨПТЕГЕН САЛАЛАРДА, МӘСЕЛЕН, ЖАРЫҚ ШОҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (ЖАРЫҚ ТЕХНИКАСЫ), КЕСКІННІҢ ПАЙДА БОЛУЫ (ОПТОТЕХНИКА) ЖӘНЕ ДЕ БАСҚА КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРДЕ ШЕШІМДІ ӘЛДЕҚАЙДА ҚАРАПАЙЫМ ЖОЛМЕН, ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА КӨРІНІСТЕРІ КӨМЕГІМЕН АЛУҒА БОЛАДЫ.
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҒЫНА КҮШТІ ТӘУЕЛДІ БОЛАТЫНДЫҒЫ БЕЛГІЛІ. ҰЗЫН ТОЛҚЫНДАРДЫҢ ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАРДАН НЕГІЗГІ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ-ҰЗЫН ТОЛҚЫНДАР БӨГЕТТЕРДІ ОРАП ӨТУГЕ ҚАБІЛЕТІ БОЛСА, ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ДЕРЛІК ТАРАЛЫП, БӨГЕТТЕН КЕЙІН «ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ КӨЛЕҢКЕҢ ТҮСІРЕДІ (4. 1 -СУРЕТ). ТОЛҚЫНДАРДЫҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ТАРАЛУДАН АУЫТҚУ ҚАСИЕТІН ДИФРАКЦИЯ ДЕП АТАЙДЫ. ТОЛҚЫНДАРДЫҢ ДИФРАКЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚСЫЗДАНУ БҰРЫШЫ ӘРҚАШАН МЫНА ШАМАДА БОЛАТЫНДЫҒЫ БЕЛГІЛІ: , МҰНДАҒЫ -ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҒЫ, -БӨГЕТ (ТЕСІК) МӨЛШЕРІ. ОСЫ ӨРНЕКТЕН М БОЛАТЫН РАДИОТОЛҚЫНДАР ҮЙЛЕРДІ ОҢАЙ ОРАП ӨТЕТІНДІГІ, АЛ НМ КӨРІНЕТІН ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫН (ЖАРЫҚ), БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ НӘРСЕЛЕРДІҢ ӘДЕТТЕГІ МӨЛШЕРЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ТАРАЛАТЫНДЫҒЫ (, ДИФРАКЦИЯ ЖОҚ) КЕЛІП ШЫҒАДЫ. СОНЫМЕН КӨЗ ҚАБЫЛДАЙТЫН ЖАРЫҚТЫҢ ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҚТАРЫ ӨТЕ КІШІ ШАМА. ОСЫ ЖАҒДАЙДА БОЙЫМЕН ЖАРЫҚ ЭНЕРГИЯСЫ ТАРАЛАТЫН ТҮЗУ СЫЗЫҚСӘУЛЕ ЖАЙЫНДАҒЫ КӨРІНІСТІ ЕНГІЗУГЕ БОЛАДЫ, ӨЙТКЕНІ КӨРІНЕТІН ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СӘУЛЕНІҢ (ЖАРЫҚТЫҢ) ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҚТАРЫ (М-ДЕНМГЕ ДЕЙІН) ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫҢ (ЛИНЗА, ПРИЗМА, Т. Т. ) МӨЛШЕРІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨТЕ КІШІ ШАМАЛАР. СОНДЫҚТАН КӨРІНЕТІН ЖАРЫҚТЫҢ ТАРАЛУЫН, БІРІНШІ ЖУЫҚТАУДА, ОНЫҢ ТОЛҚЫНДЫҚ ТАБИҒАТЫН ЕЛЕМЕЙ ЖӘНЕЖАРЫҚ СӘУЛЕЛЕРІДЕП АТАЛАТЫН ҚАЙСЫБІР СЫЗЫҚТАР БОЙЫМЕН ТАРАЛАДЫ ДЕП ҰЙҒАРЫП, ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ. ОСЫ ЖАҒДАЙДА-ГЕ СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ШЕКТІК ЖАҒДАЙДА ОПТИКА ЗАҢДАРЫН ГЕОМЕТРИЯ ТІЛІНДЕ ТҰЖЫРЫМДАУҒА БОЛАДЫ. ОСЫҒАН СӘЙКЕС ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҚТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІГІ ЕСКЕРІЛМЕЙТІН ОПТИКА БӨЛІМІ СӘУЛЕЛІК НЕМЕСЕГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКАДЕП АТАЛАДЫ.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА ЖАЛПЫ ЖАРЫҚ ЖАЙЫНДАҒЫ ІЛІМНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЗОР САЛАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОПТИКАНЫҢ БҰЛ САЛАСЫНДА ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ ДЕГЕН ҰҒЫМ ПАЙДАЛАНЫЛЫП ЖАРЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ МӨЛДІР ОРТАДА ТАРАЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ. СОНДА ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ ДЕП БОЙЫМЕН ЖАРЫҚ ЭНЕРГИЯСЫ ТАСЫМАЛДАНАТЫН ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ СЫЗЫҚ ҰҒЫЛАДЫ, АЛ ЖАРЫҚТЫҢ ТАБИҒАТЫ ЕСКЕРІЛМЕЙДІ. МӘСЕЛЕ ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СӘУЛЕЛІК ОПТИКА ЗАҢДАРЫ ДЕЛІНЕТІН ҚАҒИДАЛАРҒА НЕГІЗДЕЛІП ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА НЕГІЗІНЕ АЛЫНҒАН ЗАҢДАР ЖАРЫҚТЫҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ТАРАЛУ ЗАҢЫ: ЖАРЫҚ СӘУЛЕЛЕРІ БІРТЕКТІ ОРТАДА ТҮЗУ СЫЗЫҚ БОЙЫМЕН ТАРАЛАДЫ. КҮННІҢ, АЙДЫҢ ТҰТЫЛУЛАРЫН БАҚЫЛАУ, КӨЛЕҢКЕЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖАРЫҚТЫҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ТАРАЛАТЫНДЫҒЫН КӨРСЕТЕДІ. ЖАРЫҚТЫҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ТАРАЛУ ЗАҢЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКАДА НЕГІЗГІ ЗАҢ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БІРАҚ БҰЛ ЗАҢНЫҢ СӘУЛЕЛЕР БӨГЕУШІ ҚАЛҚАЛАРДЫҢ (ЭКРАННЫҢ) ЖАҚЫН МАҢАЙЫНАН ӨТКЕН ЖАҒДАЙДА ОРЫНДАЛМАЙТЫНДЫҒЫ ТӘЖІРИБЕДЕ БАЙҚАЛДЫ. МҰНДА БІЗ ФИЗИКАЛЫҚ ОПТИКАДА (1 БӨЛІМ) ТОЛЫҚ ҚАРАСТЫРЫЛҒАНДИФРАКЦИЯҚҰБЫЛЫСЫМЕН ҰШЫРЫСАМЫЗ. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКАДА ДИФРАКЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ. БІРАҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАР ТЕОРИЯСЫНДА ӘРҚАШАН ОСЫ ҚҰБЫЛЫС ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ, ӨЙТКЕНІ ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕ ЖАРЫҚ ШОҚТАРЫНЫҢ ЕДӘУІР ЫҚШАМДАЛУЫНАН (ДИАФРАГМАЛАНУЫНАН) ДИФРАКЦИЯ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН, БҰЛ КЕСКІННІҢ БҰЗЫЛУЫН ТҰҒЫЗАДЫ. БҰЛ ЗАҢДЫ ДИФРАКЦИЯ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЕСЕПКЕ АЛЫНБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАРДА ҒАНА ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ.
ЖАРЫҚ ШОҚТАРЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЗАҢЫ: ЖАРЫҚТЫҢ БІР ШОҒЫНЫҢ ӘСЕРІ БАСҚА ШОҚТАРЫНЫҢ ӘСЕРЛЕРІНЕ ТӘУЕЛДІ ЕМЕС, ЯҒНИ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЕКЕ СӘУЛЕЛЕРІ МЕН ШОҚТАРЫ БІР-БІРІМЕН ТҮЙІСКЕНДЕ, ҚИЫЛЫСҚАНДА БІР-БІРІНЕ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗБЕЙДІ. ШЫНДЫҒЫНДА, КЕЙБІР ЖАҒДАЙЛАРДА КЕСКІННІҢ НҮКТЕЛЕРІНДЕГІ ЖАРЫҚТАЛУДЫҢ ҚАЙТА ҮЛЕСТІРІЛУІН ТУҒЫЗАТЫН ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ ОРЫН АЛАДЫ. ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ФИЗИКАЛЫҚ ОПТИКАДА ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ. БІРАҚ КЕСКІННІҢ ТҮЗІЛУ ТЕОРИЯСЫНДА ИНТЕРФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘНІ БАР, ӨЙТКЕНІ ОЛ ШАШЫРАУ ДАҒЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҮЛЕСТІРІЛУІН ТҮСІНДІРЕДІ; БҰЛ ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ КЕСКІН САПАСЫ ЖАЙЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. ДЕМЕК, БҰЛ ЗАҢ КОГЕРЕНТ ЕМЕС ЖАРЫҚ ШОҚТАРЫ ҮШІН ДҰРЫС ОРЫНДАЛАДЫ.
Жарықтың шағылу заңы: БЕТКЕ ТҮСКЕН СӘУЛЕ, ОДАН ШАҒЫЛҒАН СӘУЛЕ ЖӘНЕ СОЛ БЕТКЕ СӘУЛЕНІҢ ТҮСУ НҮКТЕСІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН НОРМАЛЬ БІР ЖАЗЫҚТЫҚТА ЖАТАДЫ; ШАҒЫЛУ БҰРЫШЫ ТҮСУ БҰРЫШЫНА ТЕҢ: Α=Α 1
ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУ ЗАҢЫ: ТҮСКЕН СӘУЛЕ, СЫНҒАН СӘУЛЕ ЖӘНЕ ТҮСУ НҮКТЕСІ АРҚЫЛЫ ЕКІ ОРТАНЫҢ ШЕКАРА БЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН НОРМАЛЬ БІР ЖАЗЫҚТЫҚТА ЖАТАДЫ; ТҮСУ БҰРЫШЫ СИНУСЫНЫҢ СЫНУ БҰРЫШЫ СИНУСЫНА ҚАТЫНАСЫ БЕРІЛГЕН ЕКІ ОРТА ҮШІН ТҰРАҚТЫ ШАМА БОЛАДЫ:
МҰНДАҒЫ N 21 - ЕКІНШІ ОРТАНЫҢ БІРІНШІ ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ СЫНУ КӨРСЕТКІШІ, ОЛ ШЕКАРАСЫНАН ЖАРЫҚ ӨТЕТІН ОРТАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ТӘУЕЛДІ, Α МЕН Β БҰРЫШТАРЫНЫҢ ҮЛКЕН – КІШІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС. ЖАРЫҚТЫҢ ОСЫЛАЙ ТҰЖЫРЫМДАЛҒАН СЫНУ ЗАҢЫ ЖАРЫҚ БІР ИЗОТРОП ОРТАДАН ЕКІНШІ ИЗОТРОП ОРТАҒА ӨТКЕНДЕ ҒАНА ОРЫНДАЛАДЫ.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА ҰҒЫМДАРЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ ҰҒЫМЫН ПАЙДАЛАНАДЫ. ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ ЖАЙЫНДАҒЫ ТҮСІНІКТІ НАҚТЫ ЖАРЫҚ ШОҒЫН ҚАРАСТЫРҒАН КЕЗДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ. ОСЫ ШОҚТАН ДИАФРАГМА КӨМЕГІМЕН ЖІҢІШКЕ ПАРАЛЛЕЛЬ ШОҚ БӨЛІНІП АЛЫНАДЫ. ДИАФРАГМАДАҒЫ ТЕСІКТІҢ ДИАМЕТРІ НЕҒҰРЛЫМ КІШІ БОЛСА, СОҒҰРЛЫМ БӨЛІНЕТІН ШОҚ ЖІҢІШКЕ БОЛАДЫ ДА, ШЕКТІК ЖАҒДАЙДА ӨТЕ КІШІ ТЕСІКТЕРГЕ АУЫСҚАНДА, ЕГЕР ДИФРАКЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ ЖОҚ БОЛСА, ОНДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ СЫЗЫҚ ТҮРІНДЕГІ ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІН АЛУҒА БОЛАДЫ. МӨЛШЕРІ D ДИАФРАГМА АРҚЫЛЫ ӨТКІЗІЛГЕН НАҚТЫ ЖАРЫҚ ШОҒЫНЫҢ КЕҢЕЮІ ДИФРАКЦИЯ БҰРЫШЫМЕН АНЫҚТАЛАТЫНДЫҒЫ БЕЛГІЛІ. БОЛАТЫН ШЕКТІК ЖАҒДАЙДА ҒАНА ЖАРЫҚ ШОҒЫНЫҢ КЕҢЕЮІ БАЙҚАЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ ЖАЙЫНДА ОНЫ БАҒЫТЫ ЖАРЫҚ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРАЛУ БАҒЫТЫМЕН ДӘЛ КЕЛЕТІН ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ СЫЗЫҚ ДЕП ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ. СОНЫМЕН, ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ – АБСТРАКТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ, ФИЗИКАЛЫҚ БЕЙНЕ ЕМЕС, АЛ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА ЖАРЫҚ ТОЛҚЫНЫНЫҢ ӨТЕ – МӨТЕ КІШІ ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҒЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКАНЫҢ ШЕКТІК ЖАҒДАЙЫ ҒАНА.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКАДА ЖАРҚЫРАҒАН (ЖАРҚЫРАУЫҚ) НҮКТЕ ДЕП МӨЛШЕРЛЕРІ ЖОҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ КӨЗІН ҰҒЫНАДЫ. ЕГЕР СӘУЛЕЛЕР ЖИНАҚСЫЗДАНУШЫ СӘУЛЕЛЕР ШОҒЫНЫҢ ТӨБЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН БІР НҮКТЕДЕН ШЫҒАТЫН БОЛСА, ОНДА МҰНДАЙ ШОҚ ГОМОЦЕНТРЛІК, ЯҒНИ ОРТАҚ ЦЕНТРІ БАР ДЕП АТАЛАДЫ (4. 2 СУРЕТ). ЕГЕР ОСЫ ШОҚ ШАҒЫЛЫП ЖӘНЕ СЫНҒАННАН КЕЙІН НҮКТЕГЕ ТОҒЫСАТЫН СӘУЛЕЛЕР ШОҒЫНА АЙНАЛАТЫН БОЛСА, МҰНДАЙ ШОҚ ТА ГОМОЦЕНТРЛІК БОЛАДЫ, АЛ ОНЫҢ ЦЕНТРІ ЖАРҚЫРАҒАН НҮКТЕНІҢ КЕСКІНІ БОЛАДЫ. КЕЗКЕЛГЕН АУМАҚТЫ НӘРСЕ ЖЕКЕЛЕГЕН ЖАРҚЫРАҒАН НҮКТЕЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫНАН ТҰРАДЫ, СОНДЫҚТАН МІНСІЗ (ИДЕАЛ) КЕСКІН ДЕ НҮКТЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫНАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ, БҰЛАРДА ГОМОЦЕНТРЛІК СӘУЛЕЛЕР ШОҒЫ ТОҒЫСАДЫ. СӘУЛЕЛЕР ШОҚТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ ІСКЕ АСАТЫН БҮКІЛ КЕҢІСТІК ЕКІ БӨЛІККЕ БӨЛІНЕДІ. НӘРСЕЛЕР НЕМЕСЕ ОБЪЕКТЕР ЖӘНЕ ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ ТҮСЕТІН СӘУЛЕЛЕРДІҢ ШОҚТАРЫ (ШАҒЫЛМАҒАН ЖӘНЕ СЫНБАҒАН) БАР КЕҢІСТІКТІҢ БӨЛІГІ НӘРСЕЛЕР КЕҢІСТІГІ ДЕП АТАЛАДЫ; ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕН ШЫҚҚАН (СЫНҒАН ЖӘНЕ ШАҒЫЛҒАН) СӘУЛЕЛЕРДІҢ ШОҚТАРЫ, ДЕМЕК КЕСКІНДЕР БАР КЕҢІСТІКТІҢ БӨЛІГІ КЕСКІНДЕР КЕҢІСТІГІ ДЕП АТАЛАДЫ. ЕГЕР СӘУЛЕЛЕР ШОҒЫ ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕН ӨТКЕННЕН КЕЙІН ГОМОЦЕНТРЛІГІН САҚТАЙТЫН БОЛСА, ОНДА ЖАРЫҚ КӨЗІНІҢ (ДЕНЕНІҢ) ӘРБІР НҮКТЕСІ КЕСКІННІҢ ТЕК БІР НҮКТЕСІН БЕРЕТІН БОЛАДЫ. МҰНДАЙ КЕСКІНДЕР НҮКТЕЛІК, НЕМЕСЕ СТИГМАТИКАЛЫҚ ДЕП АТАЛАДЫ.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКАДА ЖАРЫҚ СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЙТЫМДЫЛЫҚ (НЕМЕСЕ ӨЗАРА ҚАЙТЫМДЫЛЫҚ) ПРИНЦИПІ ОРЫНДАЛАДЫ. БҰҒАН СӘЙКЕС ЖАРЫҚ ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ БАҒЫТТАРДА БІР ТРАЕКТОРИЯ БОЙЫМЕН ТАРАЛАДЫ. СОНДЫҚТАН КЕСКІНДІ ЖАРЫҚ КӨЗІ РЕТІНДЕ, АЛ ЖАРЫҚ КӨЗІН-КЕСКІН РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ. СТИГМАТИКАЛЫҚ КЕСКІН ЖАҒДАЙЫНДА ШОҚТАРДЫҢ ЦЕНТРЛЕРІ ЖИНАҚСЫЗДАНҒАН ГОМОЦЕНТРЛІК ШОҚТЫ ЖИНАҚТАУШЫ ШОҚҚА ТҮРЛЕНДІРЕТІН ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТҮЙІНДЕС НҮКТЕЛЕРІ ДЕП АТАЛАДЫ. ОСЫҒАН СӘЙКЕС ЖАРЫҚТЫҢ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ОТЫРҒАН СӘУЛЕЛЕРІ МЕН ШОҚТАРЫ ДА ТҮЙІНДЕС ДЕП АТАЛАДЫ. СӘУЛЕЛЕРГЕ НОРМАЛЬ БЕТ ТОЛҚЫНДЫҚ БЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОСЫ МАҒЫНАДА МҰНДАЙ БЕТ ТАЗА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ҰҒЫМ (ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКАДАҒЫ СИЯҚТЫ ЕМЕС) БОЛАДЫ. БІРТЕКТІ ЖӘНЕ ИЗОТРОПТЫ ОРТАЛАРДАҒЫ ГОМОЦЕНТРЛІК ШОҚТЫҢ ТОЛҚЫНДЫҚ БЕТІ, СФЕРАЛЫҚ БЕТ БОЛАДЫ. БАРЛЫҚ НАҚТЫ ОПТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР СФЕРАЛЫҚ ТОЛҚЫНДЫҚ БЕТТІ АЗДЫ-КӨПТІ ДЕФОРМАЦИЯЛАЙДЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ СӘУЛЕЛЕР ШОҒЫ ӨТКЕННЕН КЕЙІН ТОЛҚЫНДЫҚ БЕТ СФЕРАДАН АУЫТҚИДЫ; ОСЫДАН СӘУЛЕЛЕР ШОҒЫНЫҢ ГОМОЦЕНТРЛІГІ ЖӘНЕ КЕСКІННІҢ СТИГМАТИКАЛЫҒЫ БҰЗЫЛАДЫ. ЖҮЙЕДЕН ШЫҚҚАННАН КЕЙІН СӘУЛЕЛЕР БІР НҮКТЕДЕ ҚИЫЛЫСПАЙТЫН БОЛАДЫ.
ЛИНЗА ДЕГЕНІМІЗ - ЕКІ ЖАҚЫ СФЕРАЛЫҚ БЕТТЕРМЕН ШЕКТЕЛГЕН МӨЛДІР ДЕНЕ. ОЛАР ШАШЫРАТҚЫШ ЖӘНЕ ЖИНАҒЫШ БОЛЫП КЕЛЕДІ. ЛИНЗАНЫҢ СФЕРАЛЫҚ БЕТТЕРІНІҢ ҚИСЫҚТЫҚ ЦЕНТРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ТҮЗУДІ ЛИНЗАНЫҢ БАС ОПТИКАЛЫҚ ОСІ ДЕП АТАЙДЫ. ЛИНЗАНЫҢ ОПТИКАЛЫҚ ОСІНІҢ ЦЕНТРІНДЕГІ НҮКТЕНІ ОПТИКАЛЫҚ ЦЕНТР ДЕЙМІЗ. ЛИНЗАНЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ СФЕРАЛЫҚ БЕТТЕРДІҢ ҚИСЫҚТЫҚ РАДИУСЫНА ШАМАЛАС ТЕҢ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, БҰЛ ҚАЛЫҢ ЛИНЗА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ, АЛ ӘЛДЕҚАЙДА КІШІРЕК БОЛСА, ОНДА БҰЛ ЖҰҚА ЛИНЗА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖИНАҒЫШ ЛИНЗАЛАРДЫҢ ТОБЫНА ОРТАСЫ ЖУАН ЛИНЗАЛАР КІРЕДІ, ОЛАРДЫҢ ОРТАСЫ ЖИЕКТЕРІНЕ ҚАРАҒАНДА ЖУАН БОЛЫП КЕЛЕДІ, АЛ ШАШЫРАТҚЫШ ЛИНЗАЛАРДЫҢ КЕРІ БОЛАДЫ. БІРАҚ КЕЙБІР КЕЗДЕ ШАШЫРАТҚЫШ ЛИНЗАЛАРДА ЖУАН БОЛЫП КЕЛУІ МҮМКІН, МЫСАЛҒА СУДЫҢ АСТЫНДАҒЫ АУА КӨПІРШІГІ, ШАШЫРАТҚЫШ ЛИНЗАҒА ЖАТАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ЛИНЗАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕЖЕЛГІ ГРЕК "БҰЛТТАР” АТТЫ ПЬЕСАСЫНДА ТАБУҒА БОЛАДЫ, ПЬЕСАДА ШЫНЫ МЕН КҮННІҢ ЖАРЫҒЫ АРҚЫЛЫ ОТ АЛЫНАДЫ. ҮЛКЕН ПЛИНИЙДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ ҚАРАСАҚ, ОТТЫ ЖАНДЫРУДЫҢ ТӘСІЛІ БІРІНШІ РЕТ РИМ ИМПЕРИЯСЫНДА ПАЙДА БОЛДЫ ДЕП АЙТЫЛАДЫ, МЫСАЛҒА ЛИНЗАНЫ БІРІНШІ РЕТ КӨЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ РИМДЕ, ГЛАДИАТОРЛАР ҰРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛДЫ ДЕГЕН ОЙЛАР БАР, ӨЙТКЕНІ ОЛАР АЛЫСТАН КӨРЕ АЛМАҒАН КЕЗДЕ ИЗУМРУД ҚОЛДАНҒАН, ИЗУМРУД ЛИНЗАНЫҢ РОЛІН АТҚАРДЫ. РИМ ФИЛОСОФЫ ЛУЦИЙ СЕНЕКА, ЛИНЗАНЫ ҮЛКЕЙТЕТІН ЭФФЕКТІСІ БАР, СУҒА ТОЛЫ ШЫНЫ ШАР ДЕП СИПАТТАДЫ. АРАБ МАТЕМАТИКІ АЛЬХАЗЕН (965 -1038), ОПТИКАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ТРАКТАТЫНДА, КӨЗДIҢ КӨЗ ЖАНАРЫСЫ ҚАЛАЙ ТОРЛЫЛЫҚТА СУРЕТТI ҚҰРАТЫНЫН СИПАТТАДЫ. ЛИНЗАЛАР ИТАЛИЯДА 1280 -ШІ ЖЫЛДАРЫ КӨЗІЛДІРІКТІҢ ШЫҒУЫНЫҢ АРҚАСЫНДА, КЕҢ ҚОЛДАНЫЛЫСҚА ИЕ БОЛДЫ.
ЖИНАҒЫШ ЛИНЗАЛАР: 1. ЕКІ ЖАҚТЫ ДӨҢЕС ЛИНЗА 2. ЖАЗЫҚ ДӨҢЕС ЛИНЗА 3. ДӨҢЕС ОЙЫС ЛИНЗА
ШАШЫРАТҚЫШ ЛИНЗАЛАР: 1. ЕКІЖАҚТЫ ОЙЫС ЛИНЗА 2. ЖАЗЫҚ ОЙЫС ЛИНЗА 3. ДӨҢЕС ОЙЫС ЛИНЗА
Ахмет Акжибек.pptx