Ony_1187_zhasalu_zholdary_2.pptx
- Количество слайдов: 7
Оның жасалу жолдары
Мақсаты Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын меңгерту
Жаңа сабақ Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары қалай жасалады?
Тапсырма Берілген сөйлемдердің баяндауыштарына қосымшаларды дұрыс жалғап, сұрағын анықтаңыз. Мысалдардың бағыныңқысының жасалу жолдарын түсіндір. 1. Әміренің барғысы кел. . , Қажымұқан босатпады. (С. Мұқанов) 2. Қарағайға қарсы бұтақ біт. . . , еменге иір бұтақ бітсейші (Махамбет) 3. Таң алдында бір сағат мызғы. . . , Абай түнді ұйқыссыз өткізді. 4. Өздері қапаста отыр. . . қара. . . , тәтті ойлары ертеңін шарлайды. (С. Талжанов). 5. Сонша әзірлігі бол. . . тұр. . . , ол той жасамай кетті.
Топтық жұмыс 129 - жаттығу. Көшіріп жазып, бағыныңқы сөйлемнің, баяндауыштарының жасалу жолын түсіндіру
Тест 1. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз; А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті; Ә) Көктемде қар ериді; Б)Жаз келіп, жасыл шықты; Д) Күзде күн қысқарады, салқындайды. 2. Біресе жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екенін көрсет; А) себеп – салдар салалас; ә) кезектес салалас Б) қарсылықты салалас; в) ыңғайлас салалас 3. Қарсылықты салаласты табыңыз; А) Оның жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді. Ә) Өз жігіттеріме көзім түсіп еді, барлығының жүзінен әзірлікті көрдім. Б) Мұхит пен Кенбай айғаласа сөйлеседі, себебі шамалы дауысты Көкдолы бұрқағы есіттірер емес. В) Ол қызына екі түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі – тұрақтылық, бірі – махаббат. 4. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаласты табыңыз; А) Қына тасқа бітсе, білім басқа бітеді. Ә) Күн бұллтанып еді, - жаңбыр жаумады. Б) Құнанбай Ұлжанның қасына отырды, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады. В) Ол ерте келгенімен, ешкім көрмеді. 5. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз: А) Дүниеде айнымайтын қорғаушың – ақыл. Ә) Өтірікші өзін алдайды. Б) Мал етінің асылдануы сондай – майы ауызыңа салдырмайды. В) Жігіттің дені сау болса, сол – дәулет.
Үй тапсырмасын Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың барлық жасалу жолына бір – бірден мысал жазып келу
Ony_1187_zhasalu_zholdary_2.pptx