ОНТОЛОГИЯ.pptx
- Количество слайдов: 8
ОНТОЛОГИЯ ОРЫНДАҒАН: Бектенбай А ТОП: БТ 12 -16 Тексерген: ШАНБАЕВА А
Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос — ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу. Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
Материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде. Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем. Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф. Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
Ф. ЭНГЕЛЬС
Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі» . Әртүрлі материалдық нысанның өз уақыты бар. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның объективті бағытын өзгерте алмайды. . Ол адамның іс - әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт – тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Ол оның бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады. Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт бұл – адамның іс - әрекетінің бүкіл дүниежүзілік тарихы. Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды. Алғашында бұл ешқандай сыртқы араласуды қажет етпеген білім мен технологиялық әдістердің жетпестігін жоқтатпаған табиғи әдістер еді. Алғашқы адам күннің шығуымен батуын жіті бағдарлап күнелтуге тиіс болды. Мысалы, табиғат құбылыстарын өте терең түсінген көшпенді халық уақыт өлшемдерін де дәл тауып, дөп басып, анықтаған. Мерзім, мезет, сәске, таң, кеш, намазшам, ақшам, түн атаулары осыған меңзейді. Көшпенді халықтың дәстүрлі кәсібінен де уақыт өлшемдері туындап отырған: бие сауым, сүт пісірім, ет салым т. б. Кеңістік – заттар мен құбылыстардың бір – бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан. Кеңістік негізі – нүкте, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені, ол – материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Сонымен қатар, бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып есептелеінеді. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйенің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінде уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалдары кездеседі. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады. Материяның уақыт пен кеңістікте байланысын түсіндіруде бір – біріне қарама – қарсы екі ұстаным қалыптасқан. Біріншісі субстанциалды (Демокрит, Эпикур) – уақыт пен кеңістікті материядан жеке реалдылық деп есептеген. Екіншісі – реляциялық (Аристотель, Лейбниц, Гегель) уақыт пен кеңістікті материямен байланыста қарастырған. Реляциялық ұстанымды А. Эйнштейннің салыстырмалы теориясы айқын дәлелдеп отыр. Уақыт бірін бірі ауыстырып отыратын құбылыстардың кезектесуі, әрбір материалдық процесс – бір бағытта өткен болашаққа қарай дамиды. Қозғалыс уақыттың мәні, бірақ уақытты кеңістіктен бөліп алып қарауға болмайды.
Диалектика категориялары дегеніміз-зерттеудің жеке принциптерін бейнелейтін ұғымдар. Белгілі-бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу және оны шешудиалектикалық зерттеу болып табылады. Диалектиканың екі жұп категориялары бар, олар: ұқсастық пен өзгеріс, сан мен сапа, шексіздік пен шекті, түр және мазмұн, мән және құбылыс, мүмкіндік және шындық, қажеттілік және кездейсоқтық, себеп және салдар, т. б. Жоғарыдағы категориялармен қатар жүйе, элемент, құрылым, бүтін және бөлшек диалек. категориялар. Жүйе – тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер жиынтығы. Элемент - әрі қарабөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан оның бөліктері. әрбір элемент бедгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады. Бүтін - өзінің іштей байланысты құрамдас бөліктерін бірлікке әкеліп, оны анықтайды. Бөлшек – бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдау. Мазмұн – заттың немесе құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма – мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның ішкі ұйымдасу тәртібі. Себеп, салдарлық байланыстар детерменизм (лат. анықтау) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім. Оған қарсы индетерминизм (лат анықталмайды) болмыстың себептілінгін мойындамайтын ілім.
Себеп – зат немесе құбыфлыстың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар – белгілі бір себептердің негізде пайда болған зат, құбылыс. Мүмкіндік – заттың болашағы, өзеру мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандар, алғышарттар. Филос. ендірген Аристотель(гр. динамика- мүмкіндік, энергия- шындық, лат. акт- шындық, потеция – мүмкіндік). Аристотель бойынша материя – таза мүмкіндік, оны шындыққа айналдыратын – эйдос, форма. Шындық – заттың актуальды болмысы, мүмкіндік – ішкі қайшылықтардан шығатын заттың дамуының бағыттары, алғышарты. Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажетілік пен кездейсоқтықтың өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады. Қажеттлік – зат не қозғалыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтары. Кездейсоқтық – болуы я болмауы мүмкін жақтар. Даму – бұл материалды және идеалды обьектілердің, яғни заңдылықты, бағытты, қайта айналмауды білдіретін сандық-сапалық өзгеріс. Бұл анықтамадан «даму» мен «қозғалыс» тұғымдарының синоним немесе тең еместігін біліп алған жөн. Егер, даму бұл әрқашан қозғалыс болса, ал кез-келген қозғалыс даму емес, Ал қозғалыс пен дамудың бастауы қайшылық. Даму өз бағытында прогрессивті немесе регрессивті, біртінділік даму болуы мүмкін. Прогресс (лат. алға өрлеу, күрделену, табыс) дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өту, даму. Регресс (лат. кері қарай) дегеніміз – жоғарыдан төменге өту, құлдырау, деградация. Біртінді даму – заттың тұрақты ұйымдасу деңгейінің шеңберіндегі кейбір жақтарының ғана жетілуін айтамыз.
Диалектиканың заңдарына: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сандық өзгерістердің сапалық өзгеріске өту заңы, терістеуді терістеу заңы жатады. Бұл заңдар табиғатта, қоғамда, санада әрекет жасайды. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы - заттар, құбылыстар, процестердің ішкі бірлігі мен қарама-қайшылығы болатын даму мен өзіндік қозғалыстың бұлағын, бастауын ашу және қарама-қарсы өзара қатынас. Бұл дегеніміз бірлік бойынша: берік тепе-тең жүйелердің өзара байланысы; бір-біріне өтуі (реалдық пен потенциалдық); қарама-қарсы бағытталған күштердің бір жүйеге бір уақытта бағытталуы. Ал қарама-қайшылық бойынша: қарама-қайшылық кез-келген затта бар, бірақ кез-келген қарама-қайшылық диалектикалық қарама-қайшылық емес, ол өзгеріс; диалектикалық қарама-қайшылық таным процесіндегі қайшылықтар, обьективті шындыққа қарам-қарсы. Сандық өзгерістердің сапалық өзгеріске өту заңы-даму механизмін ашады, белгілі бір сандық өзгерістер сапалық өзгерістерді тудыруы, ал жаңа сапа өз кезегінде жаңа мүмкіндіктер мен сапалық өзгерістердің интервалын тудырады. Сапаның дамуы санның өзгерісі есебінде жүреді. Оны әдетте секіріс деп атайды. Бір сапалы қалыптан екінші қалыпқа өтусекіріс деп аталады. Сапа дегеніміз обьектінің тұтас интегралды сипаты, яғни басқа оьектілер байланысы мен қатынасынан алынған қасиеті. Сан – бұл обьектінің шығу деңгейін, оның сапа интенсивтілігін, оның бөліктерінің өзара қатынасын, биіктігін білдіретін қасиеті. Өлшем – бұл сандық өзгерістер болу ерекшелігі және сапаны бұзбаудың сандық және сапалық бірлігі. Терістеуді терістеу заңы-дамудың негізін ашып, дамудың бағыттылығы мен қажеттілікті, циклді, ескі сапаға жаңа негізде қайта оралуды білдіреді. Алғаш рет терістеуді терісте заңын ашқан Гегель болатын. Бұл заң төменнен жоғары қарай дамуды білдіреді.
ОНТОЛОГИЯ.pptx