южная корея.pptx
- Количество слайдов: 8
Оңтүстік Корея Республикасы
Корея Республикасының туы Корея Республикасының елтаңбасы Ресми тілі: корей Астанасы: Сеул Ірі қалалары: Инчхон, Сеул, Пусан Үкімет түрі : Президенттік республика Президент: Пак Кын Хе Премьер министр: Ким Хван Сик Жер аумағы: 107 орын • Барлығы: 99 392 км² • % су беті: 0, 3 Жұрты • Сарап (2007): 49 024 737 адам (25) • Тығыздығы: 480 адам/км² ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды: 1, 457 трлн. [1] $ • Жан басына шаққанда: 27 790[1] $ АДИ (2011) 0, 897 (өте жоғары) (15) Валютасы: вона Интернет үйшігі: . kr Телефон коды: +82 Уақыт белдеуі: +9
Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Оның жер көлемі 223 мың 98 шаршы шақырымды құрайды. Осы аймақтың 45% немесе 99 678 шаршы шақырымы ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды болып саналады. Жер бедері негізінен таулы болып келеді. Таулар елдің үштен екі бөлігін алып жатыр. Елдің жер көлемі аса үлкен болмағанмен мұнда бірнеше ірі су арналары орналасқан. Ең ұзын өзендері: Амноккан (790 км), Турманган (521 км). Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т. б. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т. б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі.
Пак Кын Хе 11 й президент Республики Корея. Партия: Сэнури Ішкі саясаты: Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілде күні қабылданды. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарыны Конституцияға тоғыз рет өзгертулер енгізілген. Ең соңғы өзгертулер 1987 жылы 29 қазан күні жасалды. Мемлекеттік кеңес: Атқарушы биліктің басында Корея Республикасының Президенті тұрады. Ол жалпы, тікелей және жасырын сайлау негізінде халықпен сайланады. Президент мерзімі 5 жылмен шектелген және екінші қайтара сайлануға болмайды. Президент өз қызметіна атқара алмаған жағдайда Премьер Министр барлық міндеттерді өзі атқарады. Президенттік басқару жүйесіне сәйкес Корея Республикасының Президенті өзінің атқарушы функциясын өзі басқаратын Мемлекеттік кеңес арқылы жүзеге асырады. Кеңестің құрамына 15 30 адам мүше болады. Президент барлық мемлекеттік мәселелер жөнінде қабылдаған шешімдер үшін жеке жауап береді. Елдің Премьер министрі Президентпен тағайындалады және Ұлттық Кеңес тарапынан бекітіледі. Сот билігі: Корей Республикасының Сот билігі Жоғарғы Сот, аймақтың соттар, Патенттік Сот, Отбасы жөніндегі соттар, Әкімшілік соттар мен жергілікті соттардан тұрады.
Корея республикасының ірі компанияларының логотиптері ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Корея экономикасы жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табысы көл. — 485, 2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы — 95, 5 млрд. долл.
Экспортқа электр тауарлары, киім кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т. б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда Корей елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда экон. , мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі.
Сыртқы саясаты: Қазақстан мен Корея арасын дағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларынан асады. 1993 және 2008 жылдар аралы ғын да, яғни 15 жылдың ішінде Ко рея дан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300 ге тарта бірлескен қазақ корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстанда 2011 жыл Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.
Қазақстанға жеткен толқын Интернеттің арқасында осыдан 2 жылдай бұрын корей толқыны біздің де елге келіп жетті. Ал соңғы уақытта жастар кореялық сериалдарды тамашалап, музыкасын тыңдап қана қоймай, кәріс тілін үйренуге деген құлшыныс білдіруде. Сондай ақ қазақстандық жастар кореялық танымал әншілердің, әртістердің елімізге келулерін сұрап, оларға түрлі хаттар жолдап, корейліктер ұйымдастырған түрлі байқауларға белсенді қатысып жүр. Әлеуметтік желілерде түрлі пабликтер мен блогтар ғана ашылып қоймай, байқап қарасаңыз, қазақстандық интернет контент біртіндеп K pop қа арналған сайттармен де толығып келеді.
южная корея.pptx