экономика.pptx
- Количество слайдов: 16
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨНЕРКӘСІПТЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫ Орындағандар: Кайрат М. Жумабек Т. Торекул Ж. Узакбай С.
Өнеркәсіптің дамуы Облыстың даму Бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011 -2013 жж. ) жүзеге асырылуы экономика қызметінің қорытындысы бойынша өнеркәсіп дамуының болымды динамикасының сақталғанын көрсетеді. Өңірдің индустриялды-инновациялық даму стратегиясын іске асыруы өнеркәсіптің жекелеген салаларының дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, аудандар мен қалалардың өндірістік әлеуеті артты. Нақты сектордың тұрақты экономикалық дамуы инфляция деңгейін тежеумен; кәсіпкерлікті дамытумен; қолайлы инвестициялық климатпен; тұрғындардың өмір деңгейін көтеру нәтижесінде ішкі сұраныстың өсуімен; сонымен қатар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің қарқынының өсуімен қамтамасыз етілді, бұл ішкі және сыртқы сауда көрсеткіштеріне болымды әсерін тигізеді. Нақты сектордың инновациялық құрамдасын дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі күні облыс ЖООмен, «Риц «Максимум» ЖШС жобалар, бағдарламалар мен ғылыми-техникалық идеялардан мәліметтер қоры жинақталды. 2012 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде ОҚО үлесіне мақта-талшығы өндірісінің 100, 0 %, трансформаторлар өндірісінің 99, 2 %, фармацевтикалық препарттар өндірісінің 48, 0 %, бензин өндірісінің 46, 1 %, жанар мазуты өндірісінің 22, 9 %, цемент өндірісінің 16, 8 %, сыра өндірісінің 16, 7 %, шарап өндірісінің 24, 9 %, ұн өндірісінің 15, 0 % түседі. 2014 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде (табиғи түрде) ОҚО үлесіне мақта талшығы өндірісінің 100, 0%, мақта-мата және трансформаторлар 98, 3%, минералды сулар – 50, 0%, дәрідәрмек препараттар – 21, 7%, бензин – 37, 3%, дизельді отын – 26, 9%, отындық мазут – 30, 1%, цемент – 24, 5%, сыра – 8, 5%, ұн – 21, 8% тиесілі.
ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2010 жылы белсенді өнеркәсіпорындар мен өндірістер саны 722, 2011 жылы – 760, 2012 жылы – 724, 2013 жылы – 811, 2014 жылы – 751 құрады. ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2013, 2014 және 2015 жылдардың 1 қаңтарына жұмыс істейтін өнеркәсіпорындар мен өндірістердің саны тиісінше 2013 жылы - 949, 2014 жылы - 1094 және 2015 – 1291 бірлікті құрады. 2014 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмыс істейтін өнеркәсіпорындар саны 197 өскен. ОҚО ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт цемент» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкент-құс» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «Састөбе Технолоджис» ЖШС, «Феррум-Втор» ЖШС, «Құрылыс металлоконструкциялар зауыты» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, « 3 -Энергоорталық» АҚ, «Шымкент Ремсервис» ЖШС, «Ақ Жол» ЖШС, «АқБерен» ЖШС, «Қоңыр-Ат» ЖШС, «Мырзакент» МӨЗ» ЖШС, «Контал» ЖШС, «Корпорация «Ақ Алтын» ЖШС және т. б.
Экономикалық салалардың өсу қарқыны (Нақты көлем индексі, %-бен) Өнеркәсіп (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтарқыркүйекке, %) 100, 1 Ауыл шаруашылығы (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %) 101, 6 Құрылыс (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтарқыркүйекке, %) 103, 5 Сауда (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтарқыркүйекке, %) 101, 1 Көлік (жүк айналымы), 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %) 106, 5 Байланыс (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтарқыркүйекке, %) 92, 6
Кен өндіру өнеркәсібі Облыстың өнеркәсіп өнімінің 2009 жылы 23, 4 %, 2013 жылы 26 %-дан астамын құрайтын тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің жыл сайын өсіп отырған қарқыны сақталуда. Кен қазып шығару аясында жұмыстар жүргізіліп, жалпы таралған, қатты пайдалы қазбалар, көмірсутегі шикізаты, жерасты және термальды суларды барлау, шығару, барлау мен шығаруды ұштастыру келісім-шарттары іске асуда. 2009 жылы осы сала кәсіпорындарымен 59969, 3 млн. теңгеге өнім өндірілген, 2008 жылға қарай өнімнің нақты көлем индексі отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығаруды ұлғайту есебінен 171, 6 %, 2010 жылы сала кәсіпорындары 72776, 2 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2009 жылмен салыстырғанда НКИ 114, 7 % құрады. 2012 жылы осы сала кәсіпорындарымен 140238, 1 млн. теңгеге өнім өндірілген, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 109, 6 % құрады, бұл отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығарудың ұлғаю есебінен болды. 2013 жылы 146024, 7 млн. теңгеге өнім өндірілді, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда НКИ 108, 6 % құрады.
Өңдеу өнеркәсібі Облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі мен анағұрлым маңызды деңгейі өңдеу өнеркәсібінің дамуымен анықталады, оның үлесіне жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2009 жылы 65, 9 %, 2013 жылы - 64, 3 % тиесілі. 2009 жылы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 168674, 8 млн. теңге сомасында өнім шығарған, немесе 2008 жылғы деңгейге қатысты 98, 3 %. 2010 жылы сала кәсіпорындары 211872, 2 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2009 жылмен салыстырғанда НКИ 113, 1 % құрады.
Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім экспортының өсуі 2014 жылдың жоспары 101, 5% 2014 жылдың орындалуы 82, 3% Ауытқуы(-19, 2)п. п. құрады. 2014 жылы мұнай өнімдерінің, ұн, мақта, өсімдік майы, трансформаторлардың экспорты төмендеген. Мұнай және мұнай өнімдерінің экспортының төмендеуі әлемдік нарықтағы мұнай бағасының түсіп кетуіне байланысты болған жағдай. Ұнды тұтынатын елдердің Үкіметі өз нарықтарын қорғау мақсатында саясат жүргізуде, бұл сыртқы сауданың көлемін азайтады. Негізгі тұтынушы болып есептелетін Өзбекістан, ол жақта ұнды өңдеу өнеркәсібі қолға алынуда. 2014 -2016 жылдары Мақтаарал ауданындағы егістік алқаптарын диверсификациялау комплекстік жоспарына сәйкес мақташылар егістік алқаптарын қысқартуына байланысты мақта экспортының азаюы жалғасуда. Жалпы жоспар 13 мың гектар егістік алқаптарын 2014 жылы 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қысқартуды көздеп отыр, оларда басқа егін егіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, мақта саласынан инвестициялардың қашуына мақташикізатын лицензиялау мәселесі және трансферттік бағалар әсер етіп отыр.
Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісін шығару Тамақ өнеркәсібі облыстың тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады. 2005 -2009 жылдар аралығында тамақ өнеркәсібінің өнім шығару көлемі 61, 4 млрд. теңгеге асқан (2005 жылы – 27, 4 млрд. теңге, 2009 жылы – 88, 8 млрд. теңге, 2013 жылы – 144950, 4 млн. теңге, 2014 жылы – 158, 1 млрд. теңге). 2014 жылы облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы тамақ өнімдері өндірісінің үлесі 38, 2% құрады. Облыстың тамақ өнеркәсібінің дамуы, азық-түлік өнімдері бағасының қолайлы динамикасымен, жергілікті экологиялық таза шикізаттың пайдалануға қолжетімді болуымен, түпкілікті өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне байланысты, салаға инвестициялар көлемін ұлғайтуға жағдай туғызу және жаңа кәсіпорындарды құру мүмкіндіктің болуымен түсіндіріледі. Тамақ өнімдерін өндірудің НКИ 2014 жылдың жоспары 102%, 2014 жылдың орындалуы 101, 5%. Ауытқуы(-0, 5) п. п. құрады.
Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп Соңғы 5 жылда облыстың химиялық өнеркәсібінде табиғи және қаржылай мәнінде өнімді өндіру көлемдерінің өсу тенденциясы байқалады. 2005 жылы өндіріс көлемі 4603, 6 млн. теңгені құраған, 2006 жылы – 5955, 9 млн. теңге, 2007 жылы - 6720, 8 млн. теңге және 2008 жылы 6459, 8 млн. теңге болды. 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1, 98 есе өскен. Химиялық сала облыстың өңдеу өнеркәсібі көлемінде 5, 4 % құрайды. 2010 жылға өнім өндірісінің көлемі 12, 4 млн. теңге немесе 2009 жылдың көрсеткішіне қатысты 136, 3 %. Бағдарламамен сала өнімін өндіру көлемі (химиялық және фармацевтикалық) 2015 жылға 2009 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіру көзделеді. Іс жүзінде облыстың барлық негізгі химиялық мекемелері минералды бейорганикалық шикізаттан базалық химиялық өнімнің шектеулі спектрін өндіруге бағытталған. Облыста фармацевтикалық препараттар, фосфор мен оның қосылыстары, тұрмыстық сабын өндіріледі. Соңғы 5 жылда облыстың химиялық өнеркәсібінде табиғи және қаржылай мәнінде өнімді өндіру көлемдерінің өсу тенденциясы байқалады. 2008 жылы өндіріс көлемі 1145, 8 млн. теңгені құраған, 2009 жылы – 1544, 3 млн. теңге, 2010 жылы – 2041, 9 млн. теңге, 2011 жылы – 2851, 1 млн. теңге және 2012 жылы – 3860, 8 млн. теңге болды. 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 3, 4 есе өскен.
Фармацевтикалық өнеркәсіп Ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың үлесі (табиғи мәнінде) № Облы 2009 с ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 2015 ж. ж. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 ОҚО (%) 7, 0 8, 0 9, 0 10, 0 11, 0 13, 0
Облыс өнеркәсібінің және кәсіпкерліктің дамуындағы негізгі проблемалары: электрқуатының тапшылығы; өндірістік өнеркәсіп өсуі құрамында шикізаттық және қазып шығаратын салалардың басым болуы; өнеркәсіп мекемелерінің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділік; облыстағы, әсіресе «дәстүрлі емес» өндірістік аудандарындағы жалпы өнеркәсіптің баяу дамуы; өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорларының жоғары дәрежеде тозығына жетуі (40 -80%) сонымен қатар олардың жаңару дәрежесі өте төмен; өңдеу өнеркәсібінің отандық және шетелдік инвестициялар жағынан тартымсыз болуы; мекемелердің өндірісті дамыту үшін жеке қаржысының тапшылығы; отандық өнімнің төмен бәсекелестік дәрежесі және олардың номенклатурасының ауқымды болмауы; көлік шығындарының жоғары болуы; табиғи монополиялар қызметіне тарифтердің жоғары болуы; техникалық мамандықтардың жетіспеушілігі; арнайы экономикалық аймақтар үшін жеңілдіктердің және артықшылықтардың жойылуы.
2009 -2014 жылдар аралығында туризм дамуының көрсеткіштерінің динамикасы Атауы өлшем 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. і Келу мың туризмі адам 7, 5 7, 3 7, 1 8, 0 14, 7 10, 7 Ішкі туризм Туристі к ісшарал ар саны мың адам 83, 0 81, 0 73, 8 93, 7 103, 1 105, 0 16 15 15 15 11 10 саны
Көрсет кіштерд 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. ің атауы Ауыл шаруаш ылығы жалпы 137, 9 163, 8 207, 9 259, 2 297, 0 322, 24 өнім көлемі (млрд. тг. ) Нақты көлем 106, 6 106 111 108, 5 104, 0 101, 5 индексі (%)
Тауар тобының атауы Барлығы Оның ішінде Жануарлар және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар Минералды өнімдер Химиялық және сонымен байланысты өнеркәсіптік салаларының өнімдері Тері шикізаты, тері және содан жасалған бұйымдар Ағаш, ағаш материалдар және целлюлоза-қағазды бұйымдар Тоқыма және тоқыма бұйымдары Аяқ киім, бас киім және галантереялық тауарлар Құрылыс материалдар Металлдар мен солардан жасалған бұйымдар Машиналар, жабдықтаулар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар Басқа тауарлар Экспорт 2014 жылдың каңтар меншікті салмағы, % -желтоқсан 1 965 630, 3 100 импорт 2014 жылдың каңтарменшікті салмағы, % желтоқсан 1 769 027, 5 100 284 795, 8 14, 4 488 088, 9 27, 6 1 489 965, 8 1 471 406, 8 75, 8 74, 8 22 694, 1 16 662, 1 1, 3 1, 0 75 240, 7 3, 9 216 400, 0 12, 2 1 091, 9 0, 06 590, 9 0, 03 1 011, 4 0, 0534 49 515, 2 2, 00 58 159, 9 3, 0 56 093, 7 3, 2 0, 2 38, 8 0, 002 6 641, 3 28 129, 8 0, 38 1, 60 33 563, 4 1, 7 134 102, 4 7, 6 20 206, 1 1, 03 710 953, 1 40, 2
Элект 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 рстан жылы жылы цияла р Өсуі, % «Шард 627, 5 ара СЭС» АҚ 627, 5 670, 5 495, 7 569, 3 464, 5 565, 1 82, 1 « 3683, 3 Энерго орталы қ» АҚ 753, 4 867, 9 824, 4 804, 8 741, 7 755, 2 98, 2 «Келес 4, 8 гидрос трой» АҚ 4, 8 3, 2 5, 0 5, 2 100 Барлығ 1315, 6 ы: 1385, 7 1541, 6 1323, 3 1 379, 1 1211, 4 1325, 5 8 91, 3
Нысаналы индикаторлар/тікелей нәтижелер көрсеткіштері 2 3 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі, %-бен Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі 9. 1 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 9. 2 Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің үлесі 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. нақты жоспар 4 5 6 7 бірлік 51, 8 46, 0 47, 5 % 16, 9 -19, 4 10, 3 97, 1 3, 0 % 18, 7 16, 6 17, 0 19, 5 19, 8 % - 99, 6 114, 3 97, 8 102 млн. теңге - 522300, 0 646282, 0 % - 55, 6 86, 5 Бір. өлш* 467400, 0 534100, 0 57, 8 58, 6 8 9
экономика.pptx