Айгерим, Асима, Перизат.pptx
- Количество слайдов: 30
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ Тақырыбы: Абай шығармаларындағы махаббат тақырыбы Орындаған: Орынбай Айгерім Тансықпай Перизат Сағат Әсима Тобы: 109 -22 Қабылдаған: Омаров Тоғатай
ЖОСПАР I Кіріспе Абай шығармаларындағы махаббат тақырыбы II Негізгі бөлім Абай лирикасы Әйелдер мәселесі Абайдың махаббатты жырлаудағы жаңашылдығы III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАББАТ ТАҚЫРЫБЫ Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла Абай
АБАЙ ЛИРИКАСЫ Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.
«Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап. . . Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап. . . » Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмей ме? Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дұйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын. . . Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. . . » Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу» , қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: «Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!. . » Бұл ащы шындықта айрықша мағына бар. «Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін ернектеп, одан шаруа-жайға көшіп, іле мүнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де, одан алған өзінің ақындық әсерін, азаматтық пікірін қорытады.
«МАХАББАТ, ДОСТЫҚ ҚЫЛУҒА. . . » АБАЙДЫҢ 1896 Ж. ЖАЗҒАН ӨЛЕҢІ. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан түрады. Ақын махаббат тек непсі құмарлықпен өлшенбейтінін, «бес күндік ғашық жөн еместігін» , оның сөнбес жұлдыз, жеткізбес арман болса ғана мәңгілік шырақ екенін баяндайды. Апайда ақын сүйіспеншілікті терең түсініп, адамгершілік қағидаларын жоғары бағалауға көз келген жанның бәрі дайын еместігін айтады, тозбас сөзім, тоқтамас жүрек жоқ деп қорытады. Махаббатты, достықты мәңгі қастерлеп, қасиет тұтар жан таппағанына налиды. Өлең 7, 8 буынды шалыс ұйқаспен кес төлеңген. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан (1907, 1910) алынып, алғаш рет 1909 ж. С. Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туындының басылымдарында текстологиялық ешқандай өзгөріс көздеспейді. Мүрсейіт қолжазбаларыңда М. Ю. Лермонтов танаударылған деп көрсеткенімен, зерттеушілер өлеңі Абайдың тел туындысы деп қарастырады. 1977, 1980 жылғы жинақтарда өлеңнің жазылған уақыты 1895 ж. деп керсетілген. Олең қарақалпақ, қырғыз, өзбек, татар тілдеріне аударылған.
«Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ ұзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып» .
Бұл - Абай заманындағы типтік көрініс: түндей қараңғы, қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұңы, арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі. Таңның атысы, күннің батысы аяғы сайға тимей, ұйқысыз да күлкісіз, бай малының соңында сабылып өзі жүрсе, азынаған қырық қүрау қараша үйде ең болмаса жылынар отыны да жоқ, құныса бұрісіп, жыртық шекпенін жама пәйелі отыр. Бұл-бір көрініс: кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай. Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елестете: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі. . . » , — дейді де, әлгісіне қайта оралып: «Қай жерінде кедейдіңтұрсын күйі? Қара қцдан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» - деп, тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып, теңсіздік сырын баяндайды. «Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқанайналасы. . . » Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы. . . Бұл - бір көрініс. Жә, енді кедей баласы, әлгі жыртық лашықтағы жарлы-жақыбай ата-ананың жалғыз Ұлы не күйде? «Бай ұлына жалшы Ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы» . Жалшыдан туған күнәсіз сәби бала дажалшы. Байға әке-шешесі қызмет етсе, бай баласына бұл да тәуелді халде. . . Бәрінен бүрын, дәл осы шындықты, дәлірек айтқанда, теңсіздікті Абайдың тура тауып, тануы керегендік қана емес, кемеңгерлік болатын. Оның үстіне, өзі танып қана тынбай, өмірді өнерге көшіріп, өзгеге танытуы - өзінен бұрын көп адамның қолынан келе бермеген шыншылдық.
Абай өзі суреттеп отырған өмір шындығынан көрінген кедейдің ауыр тұрмысына оқырманның аяныш сезімін туғызып, өзі де іштей сол жағында болады. Тілегі ауып, мейірімі тұсіп түрады. Бірақ қайткенде кедейдің халі жақсарып, жеке басына теңдік тиеді? Осы жолда жөн таппай көп түйткілдейді. «Байда мейір, жалшыда бейілдежоқ, Андыстырған екеуін, құдайым-ай!. . » - деп, не істеудің бабын таба алмай, тіпті ыза да болады. Ақыр аяғында белгілі бір жөн жолға тұсе алмай, бұлыға -бұлыға келіп, бай мен жарлыны алдына қатар келтіріп алады да: «Алса да аяншақтау кедей сорлы, Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны. Жас бала, кемпір-шалынтентіретпей, Бір қыс сақта, тас болма, сен де о құрлы» - деп, тамаша саяси лирикасының аяғын жай ғана салқын қалпымен, оларды өзара ымыраластыру ниетінде бітіреді.
Абай өз заманындағы әлеуметтік өмірдің ең бір көзек күттірмес күрделі, түйінді мәселелеріне жауап іздеп, өзін қоршаған қүбылыстарды, жалпы ел тұрмысын терең зерттеп, өзіңдік ой таразысына сала талдап, өз пікірін айтпақ болды. Бұл ретте орыс революци- яшыл-демократтарының идеялары және орыстың классик. әдебиетінің сыншыл реалистік бағыты Абайдың әлеуметтік көз қарастарындағы ағартушы-де- мократтық бағыгын қалыптастыруға, философиялық көзқарасындағы кейбір материалистік белгілерді жинақ- тауға үлкен себепші болды. Осының нәтижесінде Абай, сөзжоқ, қазақелініңәлеуметтік өміріндегі алуан түрлі қайшылықтарды көрді. Халық басына тұскен зауалды - екі жақты қанауды әшкереледі. Бірақ халықтың осы ауыр тұрмыстан қалай құтылу. турмедей қапас өмірді қалай өзгерту жолын көрсете ал- мады. Міне, осыған байланысты Абай байға да, кедейге де жай ғана ақыл, басу айтып, ымыраға мегзеумен тынады. Абайдың дүниетанымындағы жұртқа мәлім тарихи шектелудің бір көрінісі осы болыптабылады. Бірақ Абай халықты қараңғылықтан, қапас өмірден қалай қүтқару жолын таппаса да, қоғамдық құрылыстың қалайша өзгеретіндігін аңғараалмасада, елдіңертеңінесенді. Оғанөзінің: «Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шелмек. . . » , - деген түйінді сөзі дәлел.
Ақыңдығының алғашқы көзеңінде, Абайдың орыс классиктерімен етене жақын емес көзінде жазған махаббат тақырыбындағы өлендері - теңеу, тіл жағынан да, махаббат -достық мәселесін сөзініп, үғыну жағынанда қазақ ауыз әдебиетінің бұрынғы көне үлгісіңде жазылған шығармалар. «Айттым сәлем, калам қас. . . » , «Қиыстырып мақтайсыз. . . » , «Қактаған ақ күмістей кең мандайлы. . . » т. б. өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, осы жайды аңғарамыз. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа үқсатамын туған айды. Маңдайдан тура тұскен қырлы мұрын, Ақша жүз ал қызыл бет тіл байлайды. Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі, Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. . . »
Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағанада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ. Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін: Махаббатсыз - дүние бос Қайуанға оны қосыңдар. Қызықтан өзге қалсаң бос, Қатының, балаң, досың бар, деп келеді.
Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне досжарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға қайунға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр. Абай сұл қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жеңешке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды. Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі, Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де: Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағаналы Күлкісі бейне бұлбыл құс сайрайды деп қыз сұлулығының бейнесі ендігі жерде әдеп, сыпайылығын айта кетеді.
Жігітті жұрт жақтаған қыз мақтаған, Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай Бойында майдалық пен сыр сақтаған, Кей жігіт арсыздық пен ұят сынбай, Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған. деп жігіт бейнесін де үйлестіріп алып кетіп сұлу қызбен жігіттің де жігіті бар екенін ескертеді. Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе Қырмызы қызыл жібек бозбалалар Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе деп бозбалаларға жөн сілтейді. Шу деген де көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. Осы шумақ өлеңінде сұлу қыздың да өз кемшіліктері болатынын, бетім барда бетіме кім шыдар деп кімі паңдау келеді, кімі тантақ, деп айтып жақсы жар ондай істерден аулақ болғай. . .
Ақыл керек, іс керек, мінез керек Ер ұялар іс қылмас қатын зерек деп нендей нәрсе керек екенін айтып жатыр. Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл берме! Жігіттерге шынында неге көңіл аудару керек екеніне құлақ қағыс айтады.
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй, Қоржаң суық келеді кей сасық ми. Ері ақылды, қатыны мінезді боп, Тату болса, райыс үстіндегі үй. Жоқ болса қатынығның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі. Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі. Жасаулы деп, малда деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарлан ба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-анаңның қызығынан ғапыл қалма. деп ақын Абай қызды қалай таңдау керек екнін, несіне көңіл адару керек екенін, жақсы құрбы, адал жар, үйленгенге дейін үйленгенен кейін нендей қам-қарекетте болу жайлы түгел айтып жатыр.
Демеңдер өнбес іске жабыналақ, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық. Қызды сүйсе, бірді-ақ, сүй таңдап тауып, Көрсе қызар, күне асық диуаналық. Адалдықты шынайы сүіспеншілікті жақсы істерге итермелеп жатыр. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін деп ақын Абай өзі де, айтып кеткен.
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес, Мейлің илан мейлің күл, деп ғашық жандарға қандай түсіністікпен ғашықтық өз дегенін айтпай қоймайтынын меңзеп отыр. Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. Абай ғашықтықты, сүюді, жақсы көруді өз басынан өткізіп тіл шеберлігі мен сөз көркемділігі арқылы жеткізіп айтады. Ғашық жарына - мен не болсам болайын, сен аман бол - деп тұр.
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып. Жүдетер безгек ауру сықылданып. Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе, Дәмеленсе, өртенер күйіп - жанып. Сыртқы көркемділігі мен сөздің ішкі мазмұны шын ғашық болған адамның кейіпін танытып жатады. Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны - терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп. Осы өлеңінде Абай өзінің ғашықтық, жастықтың керемет балғын шақтарын өлең мен ән қылып жазады.
Көзімнің қарасы Көңлімнің санасы Бітпейді ішімде Ғашықтың жарасы Абайдың ғашықтыққа деген оның көңлі қандай ынтық, қайта айналып келіп көңлі ғашықтыққа алып кететін болса жазған әні мен өлеңі адамды сондай тебрентіп алып кетеді. Өлең соңында: Ер емес қымсынар, Әр кім-ау, ұмсынар. Құдай-ау, бұл көңлім Күн бар ма бір тынар? деп көңлі жабырқайды.
Жігіт сөзі, қыз сөзі өлеңдерінде екі жақтың бір-біріне ыстық ықыласын, ашық түрдегі ерік, жігер ынтасын қысылмай, қиналмай өлең ән қылып айтады. Айттым сәлем, қаламқас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Сенен артық жан тумас, Туса туар - артылмас. Бір өзіңнен басқаны, Ынтықтығым айтылмас. Сізде сымбат, бізде ықылас, Осы сөзім бәрі рас, Сіздей жардың жалғанда Қызығынан жан тоймас.
Жігіт сөзі айтылады да оған қыз сөзінде: Қиыстырып мақтайсыз Ойласаң не таппайсыз? Бізде ерік жоқ өзің біл, Әлденеге бастайсыз. Біз де әркімді байқаймыз, Тап бергеннен тайқаймыз. Сіздей асыл кез болса, Қайтып басты шайқаймыз? Қабыл көрсе көрім жай, Тастап кетсең япырмай Ит қор адам болар ма Бұл жалғанда сорлыңдай? деп қыз сөзін білдіреді.
Абайдың өзі сөз қадірін, сөз құдіретін, жақсы білген терең түсінген, оны жеткізе білген өзгелерге де, - «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деп баршаға жақсы жолға шақырып жазған емес пе еді. . . Абай үшін өмір сәулесінің гүлі де, көркемділіктің көркі де, поэзия еді. Махаббат пен сұлулық бұл мәңгі өшпейтін шырақ емес пе. Адамға деген махаббат өмірге деген ұмтылыс жастардың бір-біріне ғашықтығы өмір сұлулығы, табиғат көркі әділетсіздіктен туған озбарлық міне осылардың бәрін Абай айта білді. Абай өзі өлсе де М. О. Әуезов айтқанындай: «мұрагері бізге алтын да әсем сазды сөздері қалды біздің көз алдымызда жаны мен тәні поэзиялық махаббатқа алып бейнесі қалды» деп келтіреді.
Абай ғашық болды, сүйе білді, сонымен бірге күйінді, сағынды, аңсады махаббаттың жақсы жаманын тартты. Дәмі бұзылмайтын өлең, түсі сарғаймайтын ән қалдырды. Осының бәрін сезініп айта, жаза, ән қыла білген қазақтың бас ақыны Абайдай жаннан айналайын демеске амал жоқ. Қазіргі жазғанымыз Абайдың тек бір қырынан ғана көрінуі. . . Әрина Абайдай ақынды қанша жазса да аз, - біздің мақсатымыз Абайды дәріптеу, насыхаттау оны терең түсіне білу. Әр дайым Абайша сүйіп, Абайша түсініп, Абайша білу баршамызға бұйырсын. Жаңбырменен жер көгерсе - Абайменен ел көгереді дегім келеді. Абайдың (қырық бесінші қара сөзінде) Адамшылдықтың алды - махаббат, ғаділет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, керіспейтұғын да жері жоқ. Ол жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезім бар. Бұл ғаділет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол ғақил. Біз жаныиыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп. Бұл сөздердің мағанасын білген адамға өте үлкен, терең. . . Абай осы бір кесек сөзбен адам мен ғалам жаратылысының үйлесімді өмір сүруінің тетіктерін сиғызып жіберген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5 -7667 -2949 -9 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. — 1992. — № 3. — 23 — 28 б. 3. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 — кітап — Алматы, 1996. — 39 -58 б. 4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. — 2003. — № 1. — 1 — 4 б. 5. Борбасов С. , Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. — 1994. — 4 қазан.
Айгерим, Асима, Перизат.pptx