физиология.pptx
- Количество слайдов: 15
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы Морфологиялық және физиологиялық, валеоло гия және дене шынықтыру кафедрасы Орындаған: Сванов О. Б. Тобы: 202 «Б» ФК. Қабылдаған:
Жоспар: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім. ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ ЕЛІНДЕ ДӘРІТАНУДЫҢ ДАМУЫ. КӨНЕ ДҮНИЕДЕГІ ЕМШІЛЕР АСКЛЕПИЙ, ГИППОКРАТ, ГАЛЕН III. Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе: Адамзат тарихының дамуына антикалық әлем елдері – Ежелгі Греция (Эллада) мен Ежелгі Рим үлкен әсерін тигізді. Антикалық Грецияның гүлдену шағы, ежелгі грек өнерінің, ғылымның және мәдениетінің өрлеуі б. э. д. V ғасырды болды. Бұл өрлеуге ел ішіндегі күрестер мен өткір әлеуметтік қайшылықтар басты себеп болды. Алғашқы қоғамдық құрылыстан таптық құлиеленушілік құрылымына ауысу кезеңінде Греция терең әлеуметтік төңкерісті басынан өткерді. Елдің өрлеуіне, гректердің парсы басқыншыларына қарсы бостандық пен тәуелсіздік үшін күресінде жеңіске жетуі де өз әсерін тигізді.
Ежелгі Греция дәрігерлері ауруды, өз ағымында белгілі сатыларды өтетін, сыртқы ортамен байланысты, дәрігерлік бақылауды талап ететін құбылыс ретінде қабылдау керек деген ұғымды қалыптастырған. Ауруға деген осындай көзқарастың қалыптасуы, адам физиологиясы мен патологиясын танудың негізгі көзі болумен қатар, дәрілерді пайдаланудың да жаңаша түрлерін игеру мүмкіндігін ашты. Ежелгі Грек дәрігерлері пайдаланған көптеген дәрі-дәрмектер : бал, май, өсімдік шырыны, шарап. Іштей және сырттай пайдалануға мөлшерленген қаты түрдегі күлшелер түрі кеңінен пайдаланылған. Бұл пішін көптеген елдердің фармакопеясында жүздеген жылдар бойы пайдаланып келді. Сұйық дәрілік заттардан «Гиппократ жинағында» ерітінділерді, тұнбаларды, қайнатпалар мен өлшемдерді дайындау жолдары сипатталған. Сумен араластырылған балдан- меликрат, ал бал, су және сіркесудан оксимель дәрілері жасалған.
• Ежелгі Греция медицинасы діннің әсерін, Ежелгі Шығыс елдерінің медицинасына қарағанда, азырақ сезінді. Емдеуді шіркеулерде, «асклепейондар» деп аталған арнайы орындарда жүргізген. Ақсүйектерге арналған, дәл осылай аталған, бақсы емес кәсіби дәрігерлердің емханалары мен мектептері болған, ұсақ «ятрейлер» - дәрігерлердің үйдегі жеке емханасы да болған. • «Асклепейон» сөзі Асклепийдің есімімен байланысты. Асклепий (латынша Эскулап)- солтүстік Грецияда тұрған дәрігер. Оны құдай деп санаған және грек және әлем әдебиетіне «емдеу ісінің құдайы» - «сауықтырушы» Аполлонның баласы» деген есіммен енгізілген. • Ежелгі Грецияның көптеген дәрігерлері оның ұрпағы болып саналған. Медицинаның жекелеген салаларының қолдаушылары: Гигиея (осыдан «гигиена» термині пайда болған) және Панакея (дәрілік терапия)- оның қыздары болып есептелген. • Көне заман өнерінде Асклепий қолында жылан оратылған таяғы бар бейнеде көрсетілген. Гигиея- туник киген, жылан ұстап, алқа таққан ару кейпінде көрсетілген. Кейіннен жылан бейнесі медицинаның символына айналды. Бұл белгінің мағынасы дәрігер де жылан сияқты данышпан болуы керек дегенді білдіреді. • Ежелгі Грециядағы саны 300 -ден астам болған асклепейондардағы емдеу ісі көбінесе сенімге негізделген.
Ежелгі Греция дәрігерлері ауруды, өз ағымында белгілі сатыларды өтетін, сыртқы ортамен байланысты, дәрігерлік бақылауды талап ететін құбылыс ретінде қабылдау керек деген ұғымды қалыптастырған. Бұл принциптерді медицинада бірінші болып, «медицина атасы» атанып кеткен, Гиппократ қолданысқа енгізді. (460 -377 ж. б. э. д. ) «Гиппократ жинағының» қандай шығармалары нақты Гиппократтың өзінікі, ал қайсысы басқа авторлардыкі деген сұрақ әлі де болса жауабын толық тапқан жоқ. Көптеген зерттеушілер «Афоризмдер» , «Болжау» , «Індеттер» , «Ауа, су, жер туралы» , «Сынықтар туралы» , «Бас жарақаты туралы» , «Ежелгі медицина туралы» деген атақты жұмастырды Гиппократтың өзі жазған деп есептейді. Басқа жұмыстарды оның шәкірттер, баласы және күйеу баласы жазған.
• Өз тәжірибесінде Гиппократ шөппен емдеуге ерекше көңіл бөлген. Оның табиғи заттарды барынша толық сақтауға тырысқанын, оларды сақтап, орама жасау әдісін ойлап тапқанын, көне дәріханаларда жүргізілген қазба жұмыстары дәлелдейді. Гиппократ өсімдіктерді ұсақталған күйінде пайдалануды ұсынады. Олардың ішінде кездесетіндері: белена, бузина, қыша анар, зверобой, қауын, ирис, қалақай, жуа, қалампыр, жусан, қарағай, асқабақ, сарымсақ, шалфей- барлығы 250 -дей өсімдіктер. Жануарлардан алынатын дәрілік заттардан қойдың, өгіздің, қаздың, үйректің, балықтың майлары қолданылған.
• «Гиппократ жинағында» дәрігерлік этика мен ежелгі Грециядағы дәрігерлердің тәртіп ережесіне арналған бес шығарма бар. Олар: «Заң» , «Ант» , «Дәрігер туралы» , «Тәртіп туралы» және «Өсиеттер» . «Дәрігер үсті-басын таза ұстауы керек, жақсы киім киіп, иісті майлар жағып жүруі керек. Себебі, осының бәрі, әдетте, науқасқа жақсы әсер етеді» ( «Дәрігер туралы» ). Ұстазға, әріптестерге деген құрмет өзгермейтін ереже болып қалыптасқан. Ол ереже б. э. д. ІІІ ғасырда Александрия кітапханасында жазылып, Гиппократ есімімен аталған «Антта» бекітілген. «Қай үйге кірсем де, ең алдымен науқастың пайдасы үшін кіремін» .
«Гиппократ жинағында» 250 өсімдіктен алынған және 50 жануарлардан алынған дәрілік құралдар тізілген. Гиппократ 60 -70 емдік құралдарды пайдаланды. Гиппократ: «Дәрі мен оның қарапайым қасиетін, егер ондай сипаттамасы болса, сен санаңда сақтап қалуың керек. Олардың ішінде ауруды емдеуге қатыстысын, белгілі ауру түрлеріне қанша және қалай әсер ететінін меңгеріп алуың керек. Себебі, бұл- дәріні танудың бастауы, ортасы және соңы» . «Гиппократ жинағы» ежелгі грек дәрігерлерінің қарапайым дәрілерді де, қиын дәрілерді де дайындай алғандығын дәлелдейді.
• Әр дәрігердің өз дәрілік шикізатының қоры болған және оларды осы мақсатқа арнайы бөлінген ғимараттарда сақтаған. Ондай ғимараттар грекше «apotheca» деп аталған. «Дәріхана» деген сөз осыдан пайда болған. Әр дәрігер өз дәріханасында, құлдардың көмегімен, өз емделушілеріне дәрі дайындаған. «Жинақта» күрделі дәрілерді дайындаудың сипаттамасы, құрамының саны, жекелеген дәрілердің мөлшерлеу әдісі сипатталған. Мөлшерлер көбінесіе шамамен келтірілген: «бұғының тұяғының үлкендігіндей» , «қойдың сүйегіндей» т. б. сияқты.
Ежелгі дәуірдің дәрігері Галеннің арқасында медицина қызметінде дуализм жарық көрді. Гален медицина саласындағы 125 еңбектің авторы (бізге тек 80 жетті). Ең маңыздысы: «Адам денесіндегі бөліктердің қызметі» , «Анатомия туралы» , «Терапевтік әдістер» , «Ауру денелердің бөлшектері» , «Дәрілердің құрамы туралы» . Галеннің бірнеше еңбектері «Гиппократтың жинағымен» танырды. Гален дәрігерлік тәжрибемен кең шұғылданды, тәжірибелі хирург болды және анатомияның фундаменті хирургия – деп санады. Галеннің айтуы бойынша, механикалық және физико – химиялық табиғи шикі зат өңдеу арқасында, бірнеше дәрі – дәрмек тобы пайда болады, бүгінгі уақытқа дейін дәрі – дәрмектер «Галеннің препараты» деп аталады.
ҚОРЫТЫНДЫ: Ежелгі Грекияда дәрігерлерді дайындау жүйесі аса маңызды болған. Тәлімгер жоғары салттық сапалық көрсеткіштерді игеруі, сонымен бірге оқушыларға оқытылатын медицинаның барлық бөлімдері бойынша үздік арнайы дайындығы болуы керек. Әрбір тәлімгерде үштен төртке дейін оқушысы болды. Осы жаңалықтардың бәрі көптеген елдердегі фармацияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Сапақбай М. М. «Фармация тарихы» : -оқу құралы/Мәлік Сапақбай. - Шымкент. 2013. -172 б 2. Арыстанов Ж. М. Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері. Оқу құралы. Шымкент, 2012 -250 б
з ңы ры ла ар аз Н !!! ет хм ра ға
физиология.pptx