КГ 3 кр.pptx
- Количество слайдов: 29
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясы Гигиена -2 кафедрасы. Тақырыбы: Cолтүстік және Сібір өзендерін Орта Азия мен Қазақстанға ағызу. Тарихы мен қазіргі жағдайы. Орындаған: Муталипова Г. Тобы: 402 А МПД Қабылдаған: Page 1
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім: Сібір және Солтүстік өзендері туралы Сібір және Солтүстік өзендерін Орта Азияға бұру Жеке нысандарды канализациялау Нысанның сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Page 2
Кіріспе • Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Солтүстік және Сібір өзендері: • Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97 проценті Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті Қытай Халық Республикасының территориясында. Совет Одағында бұл өзен алабының көлемі тек Енисей, Лена және Амур өзендерінің алаптарынан ғана кішірек. Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылған. Page 3
Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр. Өзеннің сол жағынан Сауыр -Тарбағатай, Қалбы, Сарыарқа тауларының шығыс және солтүстік биіктіктерінен оңтүстік Орал мен Батыс, Сібір алаптарынан аққан өзендер келіп құяды, алаң жағынан Қазақстан Алтай тауынан Батыс Сібір орталығындағы Белағаш, Құлынды және Барбы жазықтарынан ағатын өзендер келіп құяды. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің алабында 1393 өзен бар. Оның ішіндегі 16 өзеннің әрқайсысының ұзындығы 200 км-ден 500 км-ге дейін созылады. Page 4
Page 5
Ертіс өзені • Ертіс өзені биіктігі 2500 м. Моңғол Алтай тауынан басталып , Қытай Халық Республикасының басып өткесін Қара Ертіс өзені болып аталады. Өзен біздің территориямызға жеткенде , шекарада оған Алкөбек, Қалжыр өзендері құяды. Содан барып 152 километр өткеннен кейін Зайсан көліне құяды (қазіргі уақытта мұнда Бұқтарма су электр станциясы салынған ). Ол кездегі Зайсан көлінің көлемі 1900 шаршы километр, ұзындығы 100 километрге , ені 29 километрге , ал тереңдігі 10 метрге жететін. Ертіс өзенінің ұзындығы 4450 километр. Ертіс, Еділ өзенінен ұзынырақ, алабының көлемі жағынан да үлкенірек, дегенмен Ертіс өзені ағынының жылдамдығы Еділ суынан екі есе кем. Page 6
• Ертіс өзенінің таудан жазықтыққа шыққандағы су ағынының жылдамдығы секундына 933 текше метр болса, Тобыл ауданының тұсында секундына 2177 текше метрге жетеді. Ал суы мол айларда (сәуір айында) секундына 6113 текше метр болса, ақпан айында секундына 294 текше метрге дейін төмен түседі. Осы бес жылдықта Ертіс өзенінің суын Ертіс ─ Қарағанды каналы арқылы Қарағандыға өткізіп іске асырылуда. Бұл су егін, бау-бақша, мал суаруға және тағы басқа жағдайларға пайдаланылады. Осы канал құрылысы Теміртау су қоймасына да жеткізілді. Бұл канал Теміртаудағы комбинатты сумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар суы ішуге, қаладағы бау-бақшаны суландыруға пайдаланылады. Келешекте осы канал Жезқазғанға дейін тартылады. Page 7
Бұқтырма өзені • Бұқтырма өзені ─ Ертістің оң жақ саласы. Ол Оңтүстік Алтайдағы Ақайрық пен Қанас тауындағы мұздақтан басталады. Бұқтырма өзеніне Ақберел құяды. Бұқтырманың ұзындығы 398 километр, алабының су жиналатын аймағы 15 620 шаршы километр. Өзеннің ағысының ені тауда 50 -70 метрге жетсе, жазықтықта 100 -150 метрге дейін барады. өзеннің орта шеніндегі су шығыны секундына 251 текше метрге жетеді. Мамыр айында су шығыны секундына 999 текше метрге дейін барады да , су деңгейі 4 метр биіктікке дейін көтеріледі. Бұқтырма өзенінің Ертіске құятын жеріне бөгет салынып, су электр станциясы орнатылған. Page 8
Есіл өзені -- Сарыарқада биіктігі 400 – 500 метр Нияз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске Құяды. Қазақстан территориясында Есілдің ұзындығы 1400 километр. Егер ұзындығы жағынан Дон өзенімен қатарласса, су шығыны Доннан алты есе кем. Есіл өзені Целиноград және Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су жиналатын алқабы 144 мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумғы 113 шаршы километр. Есілге Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық және Төменгібурлық өзендері қосылады. Page 9
Page 10
Тобыл өзені • Тобыл өзені – Оңтүстік Оралдың шығысынан басталып, Есілге сол жағынан барып қосылады. Ұзындығы 1678 километр. Қазақстан территориясында оның ұзындығы 800 километр. Оған Сынтасты, Аят, Үй және Обаған өзендері қосылады. Қазақстан территориясына жетпей Есет, Тура және Тавда өзендері құяды. Тобыл өзенінің су жиналатын алқабы 394 600 шаршы километр, ал республикамыздың территориясында 130 мың шаршы километр. Жылдық орташа су шығыны секундына 31 текше метр. Тобыл өзенінің бойында да бірнеше су қоймалары бар. Page 11
• Солтүстік өзендер – Обь пен Ертістің белгілі бір бөлігін Қазақстанға қарай бұру, сол арқылы ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыру және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жобасына орасан зор көлемде қаржы жұмсалды. Алғашқы құны 32, 8 миллиард сом мөлшерінде белгіленді. Оның ең көп бөлігі Қазақстанның үлесіне тиді. «Сібір – Орта Азия» су арнасының жалпы ұзындығы – 2550 шақырым, ені – 130 -300 метр, тереңдігі – 15 метр параметрлерімен белгіленген болатын. Page 12
Page 13
• Әлемдегі тұщы су қоры жөнінен ең алғашқы орындардың бірінде тұрған Ресей Федерациясы өз аумағындағы Сібір өзендерінің белгілі бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттеріне бұру жобасына дүркін-дүркін қайта соғып отыр. Сібір өзендерін Орта Азияға бұру жобасының алғашқы нұсқасы ХІХ ғасырдың орта тұсында дүниеге келген болатын. Киев университетінің түлегі Я. Демченко 1868 жылдың өзінде Арал, Каспий ойпатын суландырудың алғашқы жобасын жасағанын бүгінде екінің бірі біле бермейді. Кейіннен КСРО Ғылым Академиясы мен сол кездегі одақтық Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі Сібір өзендерінің салаларын оңтүстік өңірге, яғни, Қазақстан мен Орта Азия аумағына бұру арқылы барған сайын зәрулікке айналып келе жатқан су проблемасын толық шешуді көздеді. Page 14
• 1950 жылы академик Шапих Шокин Ресей өзендерін Қазақстанға бұру туралы талай ондаған жылдар бойы айтылып келе жатқан нұсқаларды жинақтай отырып, өзінің бірнеше ықтимал сараптарын ұсынды. Өйткені, өткен ғасырдың ортасында Қазақстан мен Өзбекстан су тапшылығын бұрынғы қай кездегіден де қатты сезінген болатын. Сөйтіп, Алматыда, Мәскеу мен Ташкентте Бүкілодақтық кеңестер өткізілді. 1971 жылы Қазақ Энергетика ғылыми-зерттеу институтының бастамасы бойынша «Ертіс – Қарағанды» өзен арнасы пайдалануға беріліп, ол Орталық Қазақстанның біраз бөлігін сумен қамтамасыз ете бастады. Page 15
Осындай жағдайда Сібір өзендерін Қазақстанға және Орта Азия республикаларына қарай бұрудың ұмытыла бастаған көлемді жобасын қайта жандандыру туралы нұсқалар айтыла бастады. Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың осы жобаны қолдай отырып, мемлекеттер арасындағы геосаяси және экологиялық, әрі экономикалық мәселелерді реттеуге негізделген тұжырымы арнайы зерттеуді қажет етеді. Оның пікірі бойынша, Солтүстік өзендерін Қазақстанға бұру жобасы Ресейге де, бізге де тиімді. Мәселе толық өзенді емес, оның суының қажетті мөлшерін ғана басқа арнаға бұруда болып отыр. Ю рий Миха йлович Лужко в Page 16
Ал, біздің қандасымыз, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев болса, бұл жобаға қаны қас. Оның пікірінше, табиғаттың қалыптасқан ырғағын кең көлемде бұзу арқылы біз экологиялық тепе-теңдікті бұзуға қолдан мүмкіндік жасаймыз. Экологиялық өзгерістер бақылаудан шығып, әлеуметтік-демографиялық жағдайдың ушығуына әкеліп соғады. Атап айтқанда, Ресейдің Сібір өңірін мекендеген халқы басқа аумақтарға көшуге мәжбүр болады. Зерттеушілердің бағалауы бойынша, мұндай көлемдегі жобаның елеулі саяси тұстарымен бірге экологиялық қауіптегі тәуекелдері де жеткілікті. 80 -жылдардың басында жасалған техникалықэкономикалық негіздемелердің сараптамаларына зер салсақ, жобаның жақтаушылары мен қарсыластары өздерінің басты дәлелдерін келтіре отырып, оны жүзеге асырудың әлі де ертерек екеніне ой түйістірген болатын. Ресейдің кейбір атақты академиктері «Солтүстік өзендерді Орта Азияға қарай бұру жобасы Ресейдің ұлттық мүдделеріне жауап бермейді» дейді. Өйткені, бұл жоба жүзеге асқан жағдайда Ресей Федерациясының бірқатар субъектілерінің экологиялық тепе-теңдігіне қауіп төнеді. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Ірі қалаларды азықпен, әсіресе, балық өнімдерімен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді. Төлеев Аман Ғұмырұлы Page 17
• Өзендердің арнасын бұру, ең алдымен орасан зор мөлшердегі қаржыны қажет етеді. Әсіресе, сорғы стансаларын салуға кететін шығындардың өзі аса ірі көлемде болатындығы кейбір мүдделі мемлекеттердің келіспеушіліктерін туғызып отыр. Ғалымдар, сондайақ, жобаны ақтау үшін кемінде 30 жыл уақыт қажет екендігін, ал осы мерзім ішінде судың Ресейдің өзіне жетіспеу мүмкіндігі пайда болатынын, экологиялық қауіп-қатердің арта түсетіндігін дәлелдеп бағуда. Ал, кейбір ғалымдар суды Орта Азиядағы саяси-ахуалды бақылау тетігі ретінде пайдалану өз нәтижесін бермейтін шешім екенін тұжырымдайды. Page 18
Page 19
• Жалпы, солтүстік өзендерді Орта Азия мен Қазақстанға қарай бұру жобасы бір ғана Ресейдің, немесе Қазақстанның ғана емес, құрылықтағы басқа да мемлекеттердің мүдделеріне тікелей қатысты екендігін айтпауға болмайды. Сондықтан, оны жақтайтындар да, жобаға қарсылар да жеткілікті. • Жобаның қазіргі түзетілген нұсқасының құны 40 миллиард доллардан асып жығылды. Мәселе тек қаржыда ғана емес екенін уақыттың өзі көрсетті. Ең алдымен, саяси келісімнің атқаратын рөлі ерекше. 2006 жылы 4 қыркүйекте жүргізген баспасөз мәслихатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев солтүстік өзендерді Орталық Азияға қарай бұру мәселесіне қайта оралу қажеттігін атап өткен болатын. Page 20
• 2008 жылдың қазанында Юрий Лужков өзінің «Вода и мир» атты кітабын оқырман қауымға таныстыра келіп, осы кітапта келтірілген Сібір өзендерінің ағысын оңтүстіктің шөлейт аймақтарына бұрудың тарихи қажеттілігін баса айтты. Кітап осы жобаға арналып жазылған еді. Бірақ, іле-шала Ресей Ғылым Академиясының академигі Виктор Данилов-Данильян бұл жобаның экономикалық жағынан тиімсіз екенін көрсетіп, оны түкке алғысыз етіп тастады. Сол жылдың қарашасында Өзбекстанда «Обь – Сырдария – Әмудария – Каспий теңізі» кеме қатынасы арнасының алғашқы жобасы көрсетілді. Бұл жоба бойынша өзен арнасы Торғай алқабын қамти отырып, Сырдарияны кесіп өтеді, сөйтіп Өзбекстанның Әмудария және Тахияташ алқаптары арқылы Каспий теңізі бағытына жол тартады. Page 21
Жеке нысандарды канализациялау • Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады, олар ауылды тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер етуі мүмкін. • Ең алдымен құрылыстың көбінесе 1— 2 қабаттық болғаны жөн, оның өзі негізінен ел мекендеген аймақты сумен камтамасыз ету мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету мен орталықтандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі. Барлық құрылыс көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану арқылы жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек. Page 22
Page 23
Нысанның сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар • 11. Барлық өндірістік және қосымша цехтар, сол сияқты санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар су құбырымен жәнеканализациямен жабдықталуға тиіс. • 12. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне арналған судың сапасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге және мәдени-тұрмыстық суды пайдалану орындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін Реестрде N 2999 тіркелген N 506 бұйрығының талаптарына сай болуы керек. • 13. Өндірістік үй-жайларда араластырғышы бар ыстық және суық су құбырлары орнатылып, сабын және басқа да жуғыш заттармен жеткілікті көлеммен қамтамасыз етілуге тиіс. Page 24
• 14. Автокөлік құралдарын жуу үшін айналымдық сумен қамтамасыз жүйесі жобалануы керек. • 15. Сапасы мен ластану сипаты бойынша ұқсас, бірдей талаптар қойылатын сулар қолданылатын технологиялық үдерістер үшін автокөлік құралдарының кузовын, агрегаттарын және бөлшектерін жууға, бояуға жекеленген тұйық циклдар түрінде айналымдық сумен қамтамасыз ету жүйесі қарастырылуға тиіс. • 16. Өндірістік сумен қамтамасыз етуге ауыз суға арналған суды пайдалану, техникалық су құбыры болмаған жағдайда және айналымдық сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдаланудың тиімсіздігі техникалық-экономикалық жағынан негізделген жағдайда рұқсат етіледі. Page 25
• 17. Автокөлік құралдарын қолмен жуған жағдайда судың температурасы плюс 12 градус Цельсиядан (бұдан әрі - 0 С) төмен және плюс 60 0 С жоғары болмауға тиіс. • 18. Құрамында мұнай өнімдері, өлшенді заттар, қышқылдар және сілтілер бар өндірістік ағынды сулар жергілікті қондырғыдағы сыртқы канализация желісіне түспестен бұрын тазартылуы керек. • 19. Нысанның канализациялық желілерін және тазартатын құрылғыларын автокөлік құралдарын жуатын және бояуға дайындайтын постылардан түсетін ағынды сулармен бітеліп қалудан қорғау мақсатында үй-жайдың деңгейінде астаулар, құдықтар немесе қорғаушы тор қойылған шұңқырлар қарастырылуы керек. Page 26
• 20. Нысандар канализациялық жүйесі жоқ елді-мекендерде орналасқан жағдайда жергілікті канализация жүйесі қарастырылуға тиіс. • 21. Ашық су қоймаларына өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазартусыз ағызуға рұқсат етілмейді. Мұнай өнімдері бір сыйымдылыққа жиналып, әрі қарай өңделуі керек, өңделуге жатпайтын қалдықтар зарарсыздандыруға және уытты өндірістік қалдықтарды көмуге арналған полигонға шығарылып жойылуы керек. • Page 27
Қорытынды • Сібір және Солтүстік өзендеріне Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Бұқтырма өзендері жатады. Page 28
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Коммуналды гигиенасы /М. С. Шабдарбаеваның редакциясында/, 1998. 2. Руководство по коммунальной гигиене. Под редакцией Гончарука И. В. 1989 г. 320 с 3. Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В. Т. В 2 ч. – М. , – 2006. - Ч. 1. -300 с. ; 2007 -. Ч. 2. – 336 с. 4. Гигиена (Под общей ред. Акад. РАМН Г. И. Румянцева. М. 2001 с. 176 -194. ) 5. http: //almaty. gorstat. kz/ 6. Сидоренко Г. И. Гигиена окружающей среды. М. , Page 29
КГ 3 кр.pptx