иа 1 кредит.pptx
- Количество слайдов: 31
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырып: Қазақстандағы инфекциялық қызметтің қалыптасу тарихы. Ішек инфекциялары. Іш сүзегі және А, В парасүзектер. Сальмонеллез. Орындаған: Асан Ж. Тобы: 303 “А” МПД Қабылдаған: Қалдарбекова Г. М.
Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 1. Іш сүзегі 2. А және В парасүзектері 3. Сальмонеллез III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Қазіргі медицинаның жетістіктері, эпидемияға қарсы шараларды рациональды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасында жұқпалы ауруларды бақылау мен басқару арқасында көптеген эпидемиялық аурулардың азаюына, құрылымы және сипатына өзгеріс әкелді. Жұқпалы аурулар бойынша бағдарлама инфектология аймағындағы қазіргі кезеңге тән жетістіктерге байланысты нозологиялық формаларды біріктіреді. Бұл бағдарламада Қазақстан Республикасындағы инфекциялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдары нақты көрсетілген. Бағдарламада жұқпалы аурулардың қазіргі кезеңіндегі этиологиялық құрамына және патогенезіне сәйкес жаңа мәліметтер, жұқпалы аурулардың қазіргі уақыттағы ағым ерекшеліктері туралы түсініктер, әртүрлі қатардағы жұқпалы аурулардың ерекшеліктерін ашады. Жұқпалы аурулардың типті ағымымен қатар атипті ағымына да көңіл бөлінген.
Қазақстанда инфекциялық қызметтің қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар: 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. Халел Досмұхамедов ел ішін жайлап кететін жұқпалы дертке – оба індетіне қарсы күреске белсенді түрде атсалысты. 1913 жылдан 1918 жылға дейін «Қазақ» газетінің тұрақты авторы болған кезде, емдік шөптер, түрлі жұқпалы аурулар жайындағы маманның түсіндірмелерін, ақыл-кеңесін жария етіп тұрды. Сонымен қатар инфекция ғылымына төмендегідей ғалымдар еңбек сіңірді: Бруцеллез И. К. Каракулов, П. П. Очкур, К. Б. Курман ова, М. М. Ременцова Қу-қызбасына И. Л. Касаткина, Н. Т. Ермуханова, Н. П. П етрова Кенелік энцефалит М. П. Чумаков, Л. А. Зильберт
Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ)-диареялық синдром дамуымен біріктірілетін, патогенді және шартты-патогенді бактериялармен, вирустармен және қарапайымдылармен шақырылатын, адамдардың инфекциялық ауруларының үлкен тобы. Ішек инфекциялары аурушаңдық бойынша тек қана тұмау мен жедел респираторлы инфекциялардан кем түсіп, әсіресе балалық шақта инфекциялық аурулардың жалпы құрылымында негізгі орындардың бірін алады. Инфекциялық аурулардың құрылымындағы үлесі 20% құрайды
Іш сүзегі – Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, фекальдыоральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары тұрақты қызбамен, розеолезді бөртпемен, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру.
Этиологиясы • Қоздырғышы - Salmonella typhi –ішек тұқымдастығына, сальмонелл тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. • Морфологиялық жақтан бір-бірінен ажыратылмайды, оның 0, 5 -0, 8 х1, 5 -3 мкм мөлшеріндегі таяқша түрі бар. Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады, олар кәдімгі құнарлы ортада өседі.
Антигендік құрылымы О-антигеніне қарсы түзілген антиделер аурудың өршу кезеңіне сәйкес Vi-антигеніне қарсы – бактериотасымалдауш ылыққа сәйкес болып табылады Н-антигеніне қарсы – аурудың айығу кезеңіне сәйкес
Эпидемиологиясы • Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. Инфекцияның көзі - науқас адам немесе бактериятасымалдаушы. • Іш сүзегі мен парасүзектер үшін жұғудың фекальды-оральды механизмі тән. • Аурудың жұғу жолдары: -су арқылы, -азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) - тұрмыстық- контактілі.
Патогенезі 1. Жұқтыру сатысы. • Қоздырғыш ауыз арқылы енеді 2. Біріншілік регионарлы инфекция сатысы • Қоздырғыш ішектің регионарлы лимфа түйіндерінде қабынады. • Лимфаденит, лимфангит дамиды. 3. Бактериемия және токсинемия сатысы. • Қанның бактерицидті қасиетінің әсері арқылы бактериялар жойлады, эндотоксиндер босатылады, олар организмнің жалпы улануын тудырады. 4. Паренхиматозды диссеминация сатысы. • Ағзада гранулемалар түзіледі. • продуктивті қабынудың әсерінен бөртпелер пайда болады 5. Қоздырғыштың элиминация сатысы және аллергиялық өзгерістердің даму сатысы. Қоздырғыш бүйрек, өт жолдары, ішек арқылы сыртқы ортаға бөліне бастайды. аллергия дамиды 6. Иммунитет қалыптасу және айығу сатысы –реконвалесценция кезеңіне сәйкес келеді.
Клиникалық көрінісі Іш сүзегінде келесі кезеңдер ажыратылады: реконвалесценция немесе аурудың нәтижелері Жасырын кезең. -орташа 10 -14 күн; -ауру баяу басталады; - Күн сайын дене температурасы 1◦С жоғарылайды. -қызбаның жойылуы; - мүшелердің қызметтерінің тұрақтануы ; -3 -10% қайталанурецидив Бастапқы кезең. -бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы; -Брадикардия, анорек сия ; -Интоксикация айқын болады Өршу кезеңі. -ұзақтығы 1 -2 апта; - Дене Т=39 -40⁰С; -ОЖЖ, жүрекқантамыр, тыныс алу жүйелері бұзылады.
Іш сүзегі Атиптік жеке мүшелер мен жүйелердің бұзылу нышандарының басымдығымен өтеді Циклді өтеді Жеңіл орташа ауыр абортивті -ауру типті басталып, -көріністері қысқа мерзімді болады, -айығу кезеңі тез қалыптасады амбулаторлық -жеңіл түріне ұқсас болады көмескі -клиникалық белгілер аздап біленеді - оған науқастарда көңіл аудармауы мүмкін
Диагностикасы. • Бактериологиялық • гемокультураны бөлу (қызба кезеңінде – қанды өт қосылған ортаға себу) • нәжісті және зәрді қоректі ортаға себу (аурудың 2 -ші аптасынан бастап). Диагностикалық маңыздылығы салыстырмалы розеолалардан, сүйек миынан қоздырғышты бөліп алу. Ем сүзектің сирек кездесетін түрлерінде (пневмосүзек, менингосүзек) қоздырғышты қақырықтан, ликвордан да бөлуге болады. • серологиялық әдістер (сырқаттың 2 -3 аптасынан) • Видель реакциясы (агглютинация әдісі) • тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГР)
Емі • Тек қана ауруханада жүргізіледі: • Күн тәртібі-қатаң төсектік. Қызба түскенге дейін 1011 күнге дейін • Диета 13 немесе 1 -ші (асқынған кезде) • Этиотропты ем -левомецитин (0, 5 тәулігіне 4 рет ауыз арқылы) немесе левомецитин сукуинат (1, 0 х 3 рет б/е немесе тамыр ішіне) -ампициллин (2 млн бірлік тәулігіне 1 -6 рет) -бисептол 480 (2 д х 3 рет) -ципрофлоксацин (500 -750 мг х 2 рет, ауыр түрлерінде тамыр ішіне 200 -100 мг тәулігіне 2 рет) -афлаксации (400. 800 мг х 2 рет) • Дезинтоксикациялық ем ( реополиглюкин т. б. сұйықтықтар 30 -50 мл/кг салмаққа) • Иммунды коррекция
Алдын алу -Тек медициналық мамандар емес, сонымен қатар ветеринарлық, санитарлық ветеринарлық және т. б. қызмет және мекемелер күштері араласуы керек. Сальмонеллезбен күресуде маңызды шараларға жатады: мал соятын жерлерде дұрыс ұйымдасқан санитарлық - ветеринарлық сараптама, ет комбинаттарында, құс фермаларында, сүт зауыттарында және т. б. тағамды өңдеудің технологиялық процесстеріне гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау; отандық өндіріс ретінде мал шаруашылық өнімдерін, сонымен қатар өңдеу мен реализацияның барлық этаптарында импорт өнімдерін жүйелі түрде бактериологиялық бақылаудан өткізу, суда жүзетін құстарды өсіру үшін қолданылатын аз ағынды және ағынды емес су қоймаларды дұрыс пайдалану; балалар стационарларында, перзентханаларда санитарлық - эпидемиологиялық режимді қатаң түрде сақтау. Санитарлық-гигиеналық шаралар – тағам өнімдерінің сальмонеллалармен залалдануын алдын алу, тағам өнімдерін дұрыс термоөңдеуден өткізу.
А және В паратифтері
Паратиф А қоздырғышы Паратиф В қоздырғышы • Қоздырғыштың аты-Salmonella paratyphi А • Жасырын кезеңі-8 -10 күн • Қоздырғыштың аты-Salmonella paratyphi B • Жасырын кезеңі-5 -10 күн Науқастарды тексергенде беті, көздің айналасы қызарып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Температуралық қисықтары типті мінездеме бермей, кейде ремиттерлеуші болады. А паратифі кезінде теріге бөртпелер шығып, олар полиморфты (дақты, дақты- папулезді) болады, денеде бір мезгілде пайда болады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап, болмаса қанталап тұрады. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезіңде көрінеді де, өзінің полиморфтылығымен сипатталады. Ол іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады.
Сальмонеллез – сальмонелла бактерияларымен қоздырылатын, фекальдыоральды механизммен берілетін, жиі гастроинтестинальды, сирек жайылмалы түрлерінде өтетін жедел антропозоонозды ауру.
Этиологиясы. • Қоздырғышы Грам (теріс) таяқшалар, аэробты, спора түзбейтін, қарапайым қоректік ортада өсетін Salmonella тобына, Enterobacteriacae тұқымдастығына жататын бактериялар. Қазіргі кезде сальмонеллалардың 2200 — дай серотиптері бар. Олардың ішінде 700 артық адамдарда кездеседі. • Жиі кездесетін сальмонеллалар: • S. typhimurium • S. heidelberg • S. enteritidis • S. newport • S. anatum • S. derby • S. london • S. panama.
Эпидемиологиясы Негізгі инфекция көзі ауылшаруашылық жануарлары мен құстары, сальмонеллезбен ауыратын науқастар, немесе бактериотасымалдаушылар. Берілу механизмі-Фекальды-оральды Жұғу жолдары-алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-контактілі. Инфекцияның берілу фактолары болып әртүрлі тағамдық азық-түліктер (мал, балық, шаян, устрица моллюск, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері және т. б. )
Патогенезі • Сальмонеллездің патогенезінің бірқатары әлі анықталмаған. Аурудың манифестті түрлері даму үшін, асқазан - ішек жолына сальмонелла токсиндері ғана емес, сонымен қатар, тірі қоздырғыштардың енуі керек. • Асқазанда жойылмаған сальмонеллалардың негізгі тобы ішекке өтіп, он екіелі және ащы ішек тіндеріне тез енеді. Ішекте қалған сальмонеллалардың біршамасы ферменттердің және басқа қорғаныс субстанциялардың әсерінен өледі, немесе нәжіспен сыртқа шығарылады. Тіндерде негізінен lamina propriaда сақталған сальмонеллалар көбееді.
Адам ағзасындағы сальмонелла. 1 -ішек 2 -лимфатикалық фолликулалар. 3 -қан тамыр 4 - өт
Клиниклық көріністері Сальмонеллездің жіктелуі: I. Гастроитестинальды түрі: 1. гастриттік вариант 2. гастроэнтериттік вариант 3. гастроэнтероколиттік вариант II. Жайылмалы түрі: 1. сүзек гәрізді вариант (сирек) 2. септикопиемиялық вариант (өте сирек) III. Бактериотасымалдаушылық 1. Жедел (3 айға дейн) 2. Созылмалы(3 айдан кейін) 3. транзиторлы
I. Гастроитестинальды түрі: гастриттік вариант • Сирек дамиды; • Жүректің айнуы, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі; • Құсу, кұсудың қайталамалы сипатта болуы; • Интоксикация белгісінің болуы. гастроэнтериттік вариант • Жиі кездеседі; • Жүрек айнуы, құсу (көбінесе қайталамалы және тоқтаусыз болады); • Іштің кіндік аймағында , илеоцекальды аймағының ауыру сезімі • Нәжіс сұйық, нашар иісті, көп мөлшерде , коңыр, сары түсті. гастроэнтероколиттік вариант • Сирек кездеседі; • іштің сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауыру сезім; • ішектің спазмі; • аз мөлшерлі жиі нәжіс; • Интоксикация белгісі байқалады.
II. Жайылмалы түрі: 1. сүзек гәрізді вариант (сирек) • гастроинтестинальды түріне ұқсас; • Дене температурасы 38 -39⁰С жоғары болуы (толқын тәрізді немесе дұрыс емес типті); • Интоксикация белгілерінің болуы; • Брадикардияның дамуы. 2. септикопиемиялық вариант (өте сирек) • • • Гастроэнтериттік вариант бойынша өтеді; Интоксикация белгілерінің болуы; Сандырақтау мен қозудың болуы; Септикопиемиялық ошақтардың болуы Көкбауыр және бауырдың үлкеюі.
Диагностикасы. • Лабораториялық әдістер ішінде бактерологиялық және серологиялық әдістер ең маңызды. • Науқастардың нәжісі, құсық, асқазанның шайынды суы, зәр, қан, өт, қабыну ошағыннан бөлінділер, күмәнді азық - түліктер бактерологиялық зерттеледі. • Серологиялық әдістер ішінде агглютинация реакциясы және ТГАР қолданылады
Емі • Сальмонеллез кезінде госпитализация қатаң міндетті емес. • Аурудың гастроинтестинальды түрінде науқастарды емдеудің негізгі әдісі патогенетикалық терапия болып табылады, оған дезинтоксикация, су — электролиттік тепе-теңдікті және гемодинамиканы қалпына келтіру, асқазан — ішек жүйесінің жергілікті зақымдалуларын жоюға бағытталған шаралар жатады. • Науқастарды емдеуді инфицирленген тағамды, қоздырғыштарды және оның токсиндерін шығару мақсатымен асқазанды жуу-шаюдан бастайды. Асқазанды жуушаю аурудың алғашқы сағаттарында пайдалы, бірақ лоқсу мен құсу болған жағдайда процедураны кеш мерзімде жасауға болады. 2 % натрий бикарбонат немесе 0, 1 % калий перманганат ертіндісін қолданады Алдын алуы Сальмонеллезбен күресуде маңызды шараларға жатады: мал соятын жерлерде дұрыс ұйымдасқан санитарлық - ветеринарлық сараптама, ет комбинаттарында, құс фермаларында, сүт зауыттарында және т. б. тағамды өңдеудің технологиялық процесстеріне гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау; балалар стационарларында, перзентханаларда санитарлық эпидемиологиялық режимді қатаң түрде сақтау.
Аурудың белгілері Паратиф А және В Сальмонеллез Қоздырғыштың аты Salmonella typhi Salmonella paratyphi A Salmonella paratyphi B Salmonella Инкубациялық кезеңі 10 -14 күн(7 -23 күнге дейін болуы мүмкін) Паратиф А (8 -10 күн) Паратиф В(5 -10 күн) 2 -6 сағаттан 2 -3 күн Инфекция көзі осы аурумен ауыратын науқас және бактериатасымалдаушы Эпидемиологиясы Жұғу механизмі: фекальдоральды Жұғу жолы: су, алиментарлық, тұрмыстық контактілі Жұғу механизмі: фекальд-оральды Жұғу жолы: су, алиментарлық, т Жұғу жолы: су, алиментарлық, ұрмыстық контактілі тұрмыстық контактілі Аурудың алғашқы белгілері Бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, метеоризм Температуралық көрсеткіштер Тәбеттің және ұйқының бұзылуы, бастың ауруы, жөтел, адам тоңып дірілдейді, бұлшықеттердің ауырсынуы Температура сызықтары ремиттерлеуші болады Күн сайын 1⁰ жоғарлайды, 40⁰ дейін барады және тұрақты сипатқа ие болады Бозғылт, кейде алақандары мен Беті қызарып, көздің айналасы да табандарының сарғаюықызарып, ерінге герпестік Филлипович симптомы бөртпелер шыгады, полиморфты болады Терідегі өзгерістер Іш сүзегі Клиникалық көрінісі 1)жасырын кезең 2)бастапқы кезең 3)өршу кезеңі 4)реконвалесценция Гемограмма Жануарлар, құстар, осы аурумен ауыратын науқас және бактериатасымалдаушы - Лейкопения, анэозинофилия, тая Нормацитоз , кей жағдайларда қшы ядролы нейтрофилдердің лейкоцитоз жоғарылауы Жалпы әлсіздік, бастың ауруы, гипертермия, қалтырау, эпигастральд ы және умбиликальды аймақтарда ауырсыну 38 -39⁰С-қа дейін 2 -4 күнге созылады Бозғылт, сарғыш-жасыл түсті, теехиальды немесе геморрагиялық бөртпелер болады. 1)гастроитестинальды 2)жайылмалы 3)бактериотасымалдаушылық Лейкопения, анэозинофилия, лейкоформулан ың солға ығысуы, орташа деңгейделейкоцитоз
Қорытындылай келе , қазіргі медицинаның жетістіктері, эпидемияға қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасында жұқпалы ауруларды бақылау мен басқару көптеген эпидемиялық инфекциямен ауыратындардың санын азайтты, құрылымы және сипатына өзгеріс әкелді. Іш сүзегі -Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен сипатталтын антропанозды жедел инфекция. Іш сүзегін алғаш сипаттап жазған француз дәрігерлері Ф. Бретанно (1813) және Ш. Луи (1829) Сальмонеллез — жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж. Смит пен Д. Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. А. Қ. Дүйсенова. Жұқпалы аурулар. Оқу құралы. Алматы: “Эверо”, 2009. – 424 бет. 2. Инфекционные болезни и эпидемиология: Учебник для мед. вузов/ В. И. Покровский, С. Г. Пак, Н. И. Брико, Б. К. Данилкин. - 2 -е изд. , испр. -М. : ГЭОТАР-МЕД, 2008. -826 с. 3. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е. П. Шуваловой. - Москва; Медицина, 2005. - 695 с. 4. Жұқпалы аурулар және эпидемиология: мед. ЖОО арналған оқулық/ В. И. Покровский, С. Г. Пак, Н. И. Брико, Б. К. Данилкин. -2 -ші баспа. , түзетілген. -М. : ГЭОТАР-МЕД, 2004. -826 б 5. 5. С. А. Амиреев ; авт Т. А. Муминов, авт Б. Л. Черкасский, авт К. С. Оспанов. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях : Практическое руководство / ред. - Алматы. – 2007 Т. 2. - 845 с 6. http: //www. ordodeus. ru/Ordo_Deus 12_Bryushnoj_tif. html
Назар аударғандарыңызға рахмет!
иа 1 кредит.pptx